215
Алғашқы протенстанттар гуманистік
пікірлерге бейім зиялылар
тобынан болды. Олар сол дәуірдегі билік пен дін негіздеріне де сын
көзбен қарады. Атақты математик
Лефебр
(1555-1557) Италиядан
оралған соң, Аристотель мен басқа да грек ғалымдарының ойларын
жаңаша талдауға кіріседі. Енді ол аудармаларға сүйенбей негізгі
түпнұсқаларға
негізделіп, осы пікірлердің шынайы мазмұнын
ашуға ұмтылады. Соңынан Лефебр «қасиетті кітаптарды» да қайта
тексереді. «Інжілде» ол поптардың
жалған сөздерінің ешқайсысы
да жоқ екендігін анықтайды. Сөйтіп, Лефебрде алғашқы саф
таза «Інжіл» іліміне қайта оралу пікірі туады.
Лефебр өз пікірін
дәлелдеу үшін «Інжілді» қайта тәржімалап,
тұңғыш рет француз
тілінде жариялады. Оның осы әрекеті дін өкілдерінің күшті
наразылығын тудырады. Лефебр шет елге қашуға мәжбүр болды,
ал оның қолдаушылары жазаға тартылып, өлтірілді.
Кейіннен
Франциск I Лефебрді ақтап, Реформацияға аярлықпен қарап, оны
Францияға кіргізбекші болды. Бірақ отызыншы жылдары католик
іліміне қарсы халық қозғалысының күшейіп бара жатқандығынан
билеуші топтар қатты қорықты. Осыдан соң Франциск І еркіндігі
үшін күрескендердің барлығына кешірім жасады. Көп ұзамай
«еретиктерді» жазалау басталады. 1546 жылы ірі ғалым Этьен Доле
жазықсыз отқа өртелді.
Француз протестантшылығының
мұнан соңғы тағдыры
Достарыңызбен бөлісу: