267
зұлым, жаман ниетті жандарды жақсылыққа қайта тәрбиелеп,
Италияға аман-есен оралуына себепші болады.
«Боран» пьесасы жазушының адам бақыты жайындағы ойларын
қорытындылайды. Сонымен бірге бұл пьеса шынайы тұрмысқа
негізделген әдеби өсиетнама да.
Жазушы болашақта әділетті жаңа қоғамның орнайтындығына
үлкен сеніммен қарайды. «Адам қаншалықты сұлу десеңізші!», -
дейді Миранда.
Бұл комедияда Шекспир шығармашылығының екінші дәуіріне
тән болған қорқынышты оқиғалар, қайғылы өлімдер көрінбейді.
Оның негізгі тақырыбы - адамның табиғатты бағындыруы туралы
пікір. Просперо - табиғаттың басқа күштері сияқты боранды да
адам қызметіне бойсындырғысы келген Фауст тақылеттес қаһарман,
Қайта өрлеу дәуіріндегі идеяларды бейнелеген ұлы адам. Ол аралда
жеке өзі қалып қоймайды, «боранды» жеңіп шыққан жан сипатында
адамдар ортасына қайта оралады. Миранда мен Фердинанд жас
ұрпақтың шынайы, жанды образдары, олар ортасындағы адал
махаббат – бақытты өмір жайындағы Шекспир арманының жарқын
көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: