40
жемісі емес. Әдеби тіл бір күнде немесе бір жылда туып, жасала
қоймайды. Жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасқан әдеби
тілдің өзі кейде сол халықтың халық болып қалыптасқан
кезеңінен кейін тууы не халықтың өзімен бірге қалыптасуы
мүмкін. Онда да әдеби тіл жоқ жерден жасала қоймайды. Сол
халықты құраған ру-тайпалардың тілі немесе оған дейін
тайпалық
одақтардың тілдік үлгілері мен дәстүрлері әдеби тілдің
қалыптасуына, өркендеуіне негіз болады. Міне, осы жағынан
әдеби тіл қалыптасқанға дейінгі тілдік материалдардың әдеби
тілді қалыптастырып, дамытудағы рөлін, оның тарихи негіздері
мен арналары ретінде әдеби тіл тарихы
мәселелерін қозғағанда
айтпай кетуге болмайды. Сөйтіп, қазақ әдеби тілінің негізі,
қайнар көзі ерте кезеңдердегі қазақ халқын құраған ру-
тайпалардың, одан кейінгі ХІV–ХV ғ.ғ. қазақ халқының ауызекі
сөйлеу тілі, халық ауыз әдебиеті (фольклор) тілі және көне, ескі
түркі жазба ескерткіштерінің тілі болды.
1. Қазақ халқын түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын
(
ж-мен сөйлейтін) тайпалар одағы құрады. Қыпшақтардың нағыз
дәуірлеп тұрған кезі – ХІІ-ХІV ғасырларда хатқа түскен «Кодекс
Куманикус» (ХІІІ ғ.), «Тержуман турки уа араби» (ХІІІ ғ.),
«Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» (ХІV ғ.) т.б. сияқты сөздіктер
сол дәуірлердегі сөйлеу тілінің ескерткіштері болып саналады. ХІ
ғасырдағы қыпшақтардың сөйлеу тілінің табиғатын М.Қашғари
сөздігінен де байқауға болады. Мәселен, «Кодексте» қазіргі қазақ
тілінде кездесетін
ағаш, аманат, ант, ачув (ашу), бірлік,
бүтүнлік, емгек (қиындық), жете (ақыл, ес), ұғат (ұят) т.б.
сөздер кездеседі. Абу Хайанның «Китаб ал-идрак»
атты еңбегін
зерттеген М.Мәженованың есептеуінше, сөздікте 3500-дей
қыпшақ сөздері араб тіліне аударылған. Соның 56,5 пайызы
тұлғасы мен мағынасы жағынан қазіргі қазақ тілімен бірдей (
өзен,
ечкі, бешік, ине, бұйдай, төшек, киіз, бөрі). Ал «Китаб ат-
тухбаны» зерттеген Т.Арыновтың көрсетуінше, бұл сөздіктің 75-
80 пайызы қазақ сөздерімен бірдей түсіп жатады екен (
бұрау,
көже, күндеш, қолаңса – басқа түркі тілдерінде кездеспейді).
Қазақ әдеби тіліне негіз болған ескі қыпшақ тілінің
фонетикалық ерекшелігіне сөз басындағы
б дыбысы орнына
м
келуі (мұрын - бұрын, мойын -бойұн),
ғ, г дыбыстары орнына у
(тау),
и орнына
ж (жақсы),
ш орнына
с (жас -иаш),
ч орнына
ш
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
41
(шал-чал), д орнына т (тау-даг) келуін жатқызуға болады.
2.
Қазақ
әдеби
тілін
қалыптастырудың
алғашқы
лабораториясы қазақтың бай, көркемдігі
мен бейнелігі жағынан
дүние жүзінің ешбір жазба әдебиетінен кем түспейтін ауыз
әдебиеті болды. Қазақтың ауыз әдебиеті (фольклор) өз тарихын
өте әріден бастайды. Түркі, монғол тайпаларының ертегі мен
эпосының түп тегі сақ, хун, үйсін, қыпшақ, көк түріктер
заманында басталып, Х-ХVІІІ ғасырларға дейін үздіксіз дамуда
болған. Қазақ тілі тарихы үшін бір кезде Дешті қыпшақ
ұлысынан кірген тайпаларға - бүгінгі қазақ,
қарақалпақ, ноғай
халықтарына ортақ ХІV-ХVІ ғасырлардағы тарихи оқиғаларға
байланысты туған жырлар мен аңыз-әңгімелер тілінің орны
айрықша. Соңғы кездегі әдебиет зерттеушілері «Алпамыс»,
«Қобыланды», «Қамбар» жырлары түркі халықтарының тайпа-
ұлыстық дәуірінде өмірге келген деп көрсетеді.
Зерттеуші Ә.Қоңыратбаевтың жазуына қарағанда, қазақта
300-дей эпостық жыр бар. Бұған батырлар жырынан басқа «Қозы
Көрпеш Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан»
сияқты
лиро-эпостар да кірген болуы керек. Қазақ әдебиетінде эпос өте
қомақты жанр. Оның тілі - әдеби сипат алған, белгілі бір сөз
жұмсау нормаларын қалыптастырған, көркемдік-эстетикалық
қуаты күшті тіл.
Ауыз әдебиеті дегенге шартты түрде авторы бимәлім халық
туындыларымен қатар аты белгілі ақын-жыраулар шығармаларын
да жатқызуға болады. Өйткені екеуі де ауыздан-ауызға, ұрпақтан-
ұрпаққа ауызша тараған. Екіншіден,
бірі екіншісінің заңды
жалғасы, сусындар бұлағы. О баста фольклорлық туындыларды
да белгілі адамдар шығарған, жүре келе авторы ұмытылып, халық
игілігіне айналған. Ауызша таралғандықтан өңделіп, өзгеріп,
бізге бірнеше вариантта жеткен.
Ауыз әдебиетінің көркемдік-эстетикалық дәстүрі ауызша
әдеби тілден көркемдік-тілдік жағынан жалғасын тапқан.
Мәселен, ауыз әдебиетіне тән көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсілдің
бірі – стереотиптік формулаларды (тұрақталған тіркестерді) еркін
қолдану. Ол тіркестер жырдан жырға көшіп отырады. Мысалы
,
Достарыңызбен бөлісу: