47
әдебиеті үлгілерінен бөліп, мұнда жазба әдебиет белгілері бар
екенін көрсетеді
18
. Ондағы бірінші дәлелі – олардың тарихилығы,
онда тарихта болған оқиғалар мен тарихи тұлғалардың
кездесетіні, халықтың рухының көрінетіндігі, сондай-ақ олардың
көп өзгеріске түспейтіндігі. Ал өлеңмен айтылуына келгенде, ол
кезең үшін жазып таратудан гөрі
ауызша айту және оны өлең
қылып жаттау арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу тиімді болған.
Осымен байланысты бір ескертетін мәселе мынадай. Әдетте,
әдеби тіл тарихын XV-XVII ғасырлардағы аты мәлім
жыраулардың бізге жеткен шығармаларының үздіктерінен бастап
жүрміз. Ал эпоста жазба әдебиеттің белгілері болса, ауыз
әдебиетіне кірмейтін болса, оны әдеби тіліміздің басы деуіміз
керек болады. Тіпті, бірқатар эпостық жырлар аталған
жыраулардың туындысы болуы да мүмкін. Бұл дәуір тілінің
ерекшелігі сол, қазақ халқының халық болғанға дейінгі Орта
Азиялық түркі әдеби тілінің дәстүрі аталған кезеңде де қазақ
жазбаларында көп уақыт берік сақталып отырды. Екінші
жағынан, ақын-жыраулар шығармаларында сөйлеу тілінің
элементтері,
нормалары берік орын алып, осы кезден бастап
қазақ әдеби тілінің жазба және ауызша түрі қатар өмір сүрді.
Аталған дәуірлердегі ақын-жыраулардан өлең-жырлары ішінара
сақталып, бізге өз аттарынан жеткені – XV ғасырдан Қазтуған
мен Асан қайғы, XVI ғасырдан Доспамбет пен Шалкиіз (Шалгез),
XVII ғасырдан Жиембет пен Марғасқа т.б. өлең-жырларының
тақырыбы мен идеясы сақталып, мазмұны біршама дұрыс
жеткенімен, олардың тіліндегі кейбір жеке сөздер мен фразалар
біралуан грамматикалық тұлға-тәсілдер өзгеріп, соңғы дәуірлерге
жуықтап жеткенін көреміз. Дегенмен, олардың тілінде «көненің
көзіндей» өткен дәуірлерді елестететін лексика-фразеологиялық
тіркестер, грамматикалық тұлға-тәсілдер кездеседі. Сөз етіп
отырған дәуірлердегі әдеби тіл үлгілерінің
тілін құрылымдық
қабаттарға қарай толық сөз ету мүмкін емес. Оның себебі – бұл
үлгілердің кезінде хатқа түспей, бізге ауызша жетуінен. Бұл
үлгілердің грамматикалық құрылысын да сол жырлар туған
кезеңдегі түрі деп сипаттау қиын. Сондықтан аталған кезеңдегі
әдеби нұсқалардың тіл ерекшелігін сөз еткенде көбіне-көп тілге
18
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1989. –444 б.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
48
тиек ететініміз – лексика саласы. Ал оның өзгеріске жиі
ұшырайтыны да, сонымен қатар, көне дәуір куәсіндей сақталып
қалатыны да белгілі.
Шешендік-дидактикалық толғауларда ой түйіндерін білдіру
үшін көбінесе аналогияға барады. Мәселен, Асан қайғы «
Әр
нәрсенің қадірін бастан кешкен білер» деген «философияны»
айту үшін
қырда жүрген дуадақтың су қадірін білмейтінін, көлде
жүрген қоңыр қаздың қыр қадірін білмейтінін, тағы сол сияқ-
тыларды келтіреді. Мұндай аналогияға табиғат құбылыстары,
жан-жануарлар, аң-құс, төрт түлік мал атаулары пайдаланылады.
Жыраулар тілінде көп кездесетін лексиканың бір түрі –
қоғамның әлеуметтік құрылысы
мен жауынгерлік тақырыбына
байланысты сөздер:
жұрт, халық, хан, қарақшы, қызметші, құл,
дұшпан, жау, ер, батыр, би, бай, жамандар, жақсылар сияқты
әлеуметтік атаулар,
садақ, қылшан, ала балта, қандыауыз, жебе,
жезайыр сияқты қару-жарақ атаулары жиі ұшырайды. Сол
сияқты
жақсылық, жамандық, әділдік, нәпсі, жан, дәулет,
бақыт, пейіл, ақыл, сыпайылық сияқты абстракты ұғым атаулары
кездеседі. Бұл дәуір шығармалары тілінде образ жасауда сөздерді
эпитетпен келтіру үрдісі басым (
ақ орда, сары ала ту, егеулі
найза, жапалақ ұшпас жасыл тау, саздауға біткен сары ағаш).
Сөздердің генетикалық қабаттары жағынан қарастырғанда, негізгі
қабаты қазақтың төл сөздері, содан кейін араб және парсы сөздері
екенін байқаймыз.
Бұл дәуірдегі ақын-жыраулар шығармаларынан мысал
ретінде мына бір шумақтарды келтіре кетейік. XV ғ. Асан қайғы
Сәбитұлының айтқаны дейтін:
Қарындасын жамандап
Өзіңе туған табылмас
Адам әзіз айтар деп
Көңіліңді салмағыл ... деген жолдарда қазіргі
тілімізден бөлектенетіндей жөнді ештеңе таппаймыз.
Болмаса
XVI ғ. басына жататын Шалкиіз Тіленшіұлынан алынған мына
жолдарда:
Көктеп мінген еріңнің
Астында көп жүгірер күлік бар
Көп сандықтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
49
Көрінгеннің бәрін кісі демеңіз
Көпе күндіз тал түсте (көпе көріне)
Тараңдап түзге кетер кісі бар дегенде кейбір көне
сөздер қылаң береді.
Тілдік жағынан біраз өзгешелеу келетін әдеби тіл
ескерткіштері – шежіре аталатын әдебиеттер. Бұлар көп болған
болуы керек, бірақ көпшілігі жиналмаған, сақталмаған.
Сондықтан біздің қолымыздағының көнесі – XVI ғ. Қадырғали
Жалаиридің шежіресі. Қадырғали – Тәуекел ханның жиені.
Қасым қаласының ханы болған Ораз-Мұхаммедтің әрі
тәрбиешісі, әрі биі болған. Орыс патшасы Б.Годунов
тұсында
қолға түсіп, Мәскеу түбінде тұрып қалған. Шығарма сол кезде
яғни 1600 жыл шамасында жазылған (1854 ж. Березин бастырған,
тілі туралы бірінші сөз қозғаған Шоқан). Шежіре дәстүрлі көне
түркі әдеби тілінде жазылған, дегенмен автор ана тілінің
элементтерін
молынан
кіргізіп
отырған.
Тілі
шағатай
ескерткіштеріне қарағанда, әлдеқайда түсінікті. Бір мысал:
«
Жаһан ічінде дүнияның бұрычын кездім мен көб кітабларды
оқұб һәм білдім мен әділ уа инсаф хабарын хәм көрдім». Сөз жоқ,
қазіргі әдеби тілімізбен бірдей деуге тағы болмайды, одан белгілі
ерекшеліктері бар. Фонетика–орфография саласында қазіргі
с, ж,
Достарыңызбен бөлісу: