Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§ 2. ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілі



бет14/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

§ 2. ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілі 

ХVІІІ ғасыр қазақ даласының өз ішінде болсын, сыртқы


мемлекеттермен болсын саяси-экономикалық қарым-қатынастың
аса бір күрделі кезеңі болды. ХVІІІ ғасыр қазақ халқының сыртқы
жауларға, жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресінің
шешуші кезеңі болды. Сондай-ақ бұдан құтылу үшін
солтүстіктегі қуатты көрші – Ресей империясымен одақтасу
ниетін көздеп, кіші жүз, орта жүздің Ресейге «өз еркімен» қосыла
бастау тұсы болды. Дегенмен бұл кезде әлі де қазақтың ұлан-
байтақ даласын хандар билейтін. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Кіші жүз
өлкесін Нұралы хан, Орта жүзді Абылай хан биледі.
Қазақстанның оңтүстік аудандарын 1790 жылдарда Қоқан
хандығы басып алды. Бұл хандардың ел билеу, үкім-жаза
қолдану, сыртқы елдермен қарым-қатынастарды реттеп отыру,
алым-салық жинау т.б. сияқты түрліше дәстүрлі тәртіп
таралғылары әлі де бар болатын. Бірақ бұл қазақ тарихындағы
хандық дәуірдің ең соңғы өмір сүрген кезеңі болды, яғни бұл
тұста хандық өктемдіктің жойылуына барлық ішкі-сыртқы
жағдай түгел жасалған-ды. Қазақтың билеуші топтарының ескі
хандық дәуірді сақтап қалуға жасаған іс-әрекеттері де, қоғамның
19
Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, 1992. –Б.205.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



51
даму екпіні мен қатты қысымшылық туғызған шаруалар


көтерілістері де (Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов бастаған
қозғалысы) осы тұсқа сай келеді. Бұл кезеңде қазақ жері Батыс
өлкесінен бастап Ресей патшалығының қоластына кіре бастаған
еді. Бұл жағдай елдің әлеуметтік-саяси және экономикалық күй
қалпында өзгеріс-жаңалықтардың пайда бола бастауына бірден
бір себепші болғаны аян. Әсіресе, Ресеймен сауда жасау күшейді,
осыған орай айырбас сауда туды: қазақ қой мен жылқысын, тері-
терсегі мен жүн-жыбырын, әр алуан аң терілерін орыс
купецтерінің матасы мен былғарысына, үй-іші бұйымдары мен
айна-тарағына айырбастады. Дала тіршілігіне ақша да келе
бастады. Жәрмеңке, айырбас орындарының (меновые дворы –
мұнайлар) саны артты. Сауда-саттықтың етек алуында қазақ
жеріне осы тұста патша үкіметі тарапынан орнаған қалалар мен
қамалдардың рөлі күшті болды (Петропавл, Орынбор, Семей,
Орал). Негізгі шаруашылық түрі бұрынғыша мал өсіру болып
қалса да, егіншілік кәсібінің айтарлықтай жайыла бастауы ХVІІІ
ғ. ІІ жартысында көзге түсті, бұған Қазақстан жеріне осы
кездерде келіп қоныс тебе бастаған орыс шаруаларының кәсіп
әрекеттері де әсер етті. Егіншілікпен айналысқан аудандарда
қазақтар отырықшы тұрмыс қалпына, тұрғын үй мен мал
қораларын салуға ұмтыла бастайды.
Қазақ халқының бұл кездегі мәдени рухани дүниесінде
мынадай жайттар бар еді: азаматтық білім беретін мектептер
жоқтықтан сауаттылар саны мейлінше аз. Сауаттылардың өзі
мұсылманша оқып, араб жазуымен хат танығандар еді. ХVІІІ ғ.
соңғы жылдарында әр жерде Ресей үкіметі тарапынан ашылған
«горнизондық» мектептер, Омбыдағы 1789 жылы ашылған «Азия
мектебі» әскери мекемелерге кадрлар, әкімшілік орындарының
тілмаштары мен писарьлар дайындады, бірақ бұларда негізінен
билеуші топтардың балалары оқыды және олар өте аз болды.
Әдебиет нұсқалары халық арасына аз тарады. Баспа орындары,
кітап бастырып шығару дәстүрі, сондай-ақ шығармаларын
қолжазба ретінде жазып қалдыру немесе тарату дәстүрі де
болмады. Міне, осындай саяси, әлеуметтік, экономикалық іс-
әрекет, күй-жағдайлардың баршасы тілде көрініс бермей
қалмады. Бұл кездегі қазақ тілі өзінің сан саласында, әсіресе
лексика-фразеология бөлігінде осы дәуірдің сипаты мен күйін
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



52
көрсететін жағдайда болды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет