55
«Әскер» мағынасындағы қол сөзі де ХVІІІ ғ. осы ұғымды
білдіруде жиі қолданылған сөз, әскер, армия, солдат сөздері әлі
жоқ. Сондай архаизмдердің бірі – байтақ сөзі, бұл – ел
деген
мағынаны береді.
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгембай (Жанкісі).
Байтаққа бөліп береді,
Батсалық сүрсәна;
Байтағымсың ішінде
Он сан елім ноғайлы деген жолдардан
байтақ сөзін
кездестіреміз (С.Сейфуллин, Батырлар жыры жинағы). Қазірде
бұл сөз
байтақ ел, байтақ жұрт тәрізді плеоназм жолымен
жасалған тіркесте ғана қолданылады, сондай-ақ
ұлан
байтақ жер сияқты тіркесте де келе береді.
Ертеректе, тіпті
ХVІІІ ғ. бұл сөздің жеке қолданылғанын байқадық.
ХVІІІ ғ. әдебиеті өкілдерінде қазақ қауымының әлеуметтік
жағдайына байланысты сөздер де бұл тұстағы лексиканың бір
тобын құрайды. Бұл кездегі әлеуметтік топтардың атаулары:
хан,
қараша, батыр, бек, қосын, құл, күң, кедей, жарлы, байғұс,
молда, ақсүйек, қара. Мұндағы
хан сөзі сол кезде өмір сүріп
тұрған билік иесін білдірсе, соған
қарама-қарсы әлеуметтік топ
қара, қараша, қараша халық деген атаулармен берілген.
Қара
сөзі, тегінде, ақсүйек титулы жүрген жерде соған антитип ретінде
жиірек қолданылған:
Ақ сүйекті қор тұтқан
Қараны онан зор тұтқан (Бұхар)
Ал қалған жағдайда көбінесе бұл кезде
қараша варианты
актив термин болған, бұл –
хан сөзінің антитипі:
Ханның жақсы болмағы
Қарашаның елдігі немесе
Уақытыңыз
толғанда,
Қарашаң қашар қасыңнан (Бұхар).
Бұл сөз осы мәнде ХІХ ғасырда да жиі қолданылып,
терминдік сипатқа ие болған. Ал бұл кездегі шығармаларда
кездесетін
құл, күн сөздері өздерінің тура номинативтік
мағыналарында қолданылған, өйткені ХVІІІ ғ. қазақ жерінде
құл,
Достарыңызбен бөлісу: