92
өсу, даму, оның стильдерінің жетілу тарихына қатысты барлық
мәселелерді қамти алдық дей алмаймыз. Бұл – күрделі де қиын
мәселе. Өйткені әдеби тіл тарихының кеңестік дәуірі оның
бұрынғы ғасырлардағы тарихы
сияқты жеке монографиялық
дәрежеде зерттелген емес. Сондықтан бұл еңбекте мұндай
күрделі тақырыптың кейбір мәселелері, атап айтқанда, сөз болып
отырған кезеңдердегі әдеби тілге қатысты тілден тыс,
бірақ
соның дамуына әсер еткен экономикалық, саяси жағдаят та, әдеби
тіл стильдерінің саралануы, оның
қоғамдық қызметінің кеңею-
тарылуы, әліппе, емле, грамматикалық құрылысының жетілуі
тәрізді мәселелер талданып, оқу құралы көлемінде сипатталды.
XX ғасырдағы қазақ әдеби тілінің дамуы да әр түрлі
қалтарыс-бұлтарыстарға тап болды.
Достарыңызбен бөлісу: