137
материалдарды салыстыра қарасақ, біріншісінде түркі әдеби тіл
дәстүрі көбірек сақталғанын, сөйлем
құрылысында қазақ тілі
грамматикасының қалыпты жүйесі сақталмағанын аңғарамыз.
Дегенмен лексикасында шет ел сөздерін (араб-парсы, орыс) шама
келгенше қазақша аударып беруге тырысушылық байқалады. Ал
екіншісінде, керісінше, сөйлем құрылысы жатық болғанымен,
мекеме, лауазым аттарын аудармай орысша беру тәжірибесі орын
алған, дегенмен мұнда да
орыс сөздерін қазақша беру
тенденциясы бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасуы мен сипатының басқа
кезеңнен ерекшелігі қандай?
2. Жазба әдеби тіл қалыптастырудағы Ы.Алтынсарин мен
Абайдың орнын түсіндіріңіз.
Реферет тақырыбы:
1. ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ әдеби тілі
2. Қазақ әдеби тіліндегі кітаби тіл дәстүрі
Достарыңызбен бөлісу: