Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


ҮІ. 1920-40 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ



бет54/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

ҮІ. 1920-40 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ 
§1. 1920-30 жылдардағы саяси-әлеуметік жағдай 

Қазан төңкерісінен кейінгі 2-3 жылға созылған азамат


соғысының дүрбелеңі мен шырғалаңы қазақ жеріне де зор зиянын
тигізіп, елді үлкен күйзеліске ұшыратты. Тек 1920 жылы ғана
халық еңсе көтеріп, бүлінген шаруасын қалпына келтіріп, дербес
ел болу жолын ойлай бастады. Қазақтың алдыңғы қатарлы
оқығандарының, әсіресе Алаш ардагерлерінің табанды талабы
нәтижесінде 1920 жылы Қазақстан автономиялы республика
болып жарияланды.
Елдің бүлінген шаруасын қалпына келтіру, ашаршылықпен
күрес, елді басқару жүйесін қайта құру сияқты экономикалық
және әкімшілік шаралармен қатар, жас үкіметтің бірінші
кезектегі қолға алған шаруасы – сауатсыздықты жою мәселесі
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



138
болды. Ол үшін патшалық Ресей кезінде сөйлеу тілі дәрежесінен


аса алмаған қазақ тілін өмірдің барлық саласына қызмет ететін
тілге айналдыру қажет болды. Осы мақсатпен 1923 жылы қараша
айында тіл туралы тұңғыш декрет қабылданды. Онда қазақ тілі
орыс тілімен қатар мемелекеттік дәрежеге ие болып, мемлекет
тілі боп жарияланды. Декретте көрсетілгендей, мемлекеттік және
қоғамдық мекемелерде, ұйымдарда іс қағаздарын орыс тілімен
бірге қырғыз (қазақ) тілінде де жүргізу көзделеді. Ана тіліміздің
қолдану аясы кеңіді. Қазақ тілінің жан-жақты дамып, арта түсуіне
байланысты ол күнделікті саяси, мәдени, ғылыми, үгіт-насихат
жұмыстарында, оқу-ағарту ісінде кең қолданылатын болды. Қазақ
тілінде іс қағаздарын жүргізу жұмысы қолға алынды. Қазақ тілі
барлық бастауыш, орта мектептерде, жоғары дәрежелі оқу
орындарында оқытылатын міндетті тіл болды. Қaзақ тілін қазақ
оқушыларымен бірге республикамыздағы орыс және басқа ұлт
оқушылары да оқитын болды. 20-30-жылдарда қазақ тілі
білімпаздарының, қазақтың оқыған азаматтарының алдында
халықтың сауатын ашуға, жастарға жүйелі білім беруге қажетті
оқулықтар мен оқу құралдарын жасау, сол кезде қолданылып
келген араб әліпбиін жетілдіріп, жаңа емле ережелерін түзу,
термин қабылдаудың принциптерін айқындау, сөйтіп әдеби тілдің
фонетикалық, грамматикалық нормаларын тұрақтандыру тәрізді
сан салалы міндеттер тұрды.
Егер Қазақстанда 1900 жылы 797, 1911 жылы 1246 мектеп
болса, 1921 жылы 1911 жылмен салыстырғанда мектеп саны екі
есе көбейді.
Дегенмен, сауатсыздар саны әлі де жоғары болды, мәселен,
1924 жылы сауатсыздар саны 84,5 пайыз болса, 1926 жылғы
санақ бойынша Қазақстанда хат танымайтын 14 жастан 16 жасқа
дейінгі ересек балалардың 72% -ы хат танымайтын.
Бұл кезде мектептерді тиісті оқу құралдармен, әдістемелік
нұсқау, бағдарлама, көмекші құралдармен қамтамасыз ету жайы
да тым төмен деңгейде болды.
Республикада мұғалімдер даярлайтын курстар, педагогтік
техникумдар ашылып жатты.
1927 жылы қазақтың драма театры ұйымдастырылды. 1928
жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды, онда алғашқы
кезде бірнеше бөлімі бар бір ғана факультет жұмыс істеді,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



139
жатақханасы жоқ болды. Студенттердің 60 пайызы қазақ жастары


болды.
Отызыншы жылдардың аяғында Қазақстанда 16 жоғары
дәрежелі оқу орындары болды, онда 6 мыңдай адам оқыды.
Мерзімді баспасөз беттерінде берілген мәліметтерге
қарағанда, жоспар бойынша 1932 жылдың бірінші қазаны
«жаппай сауаттанудың ақтық мерзімі» деп белгіленсе де,
отызыншы жылдардың аяғында халықтың тек 65 пайызы ғана
сауатты болды.
Республикада баспа жұмысы дамыды. Республиканың сол
кезіндегі орталығы Орынборда Қазақстан баспасы құрылды.
Қазақстанның губерниялық, ірі қалаларында баспаханалар
ашылды. Сонымен қатар Мәскеуде, Қазанда, Ташкентте қазақша
кітаптар шығару жұмысы ұйымдастырылды. 1921-27 жылдары
қазақ тілінде 272 кітап басылып шықса, 1937 жылдың аяғында
дейін жаңа әліпбимен 409 түрлі 6 млн. 829 мың дана кітап
басылып шықты. Республикада осы кезде 1334 кітапхана жұмыс
істеді.
1920-30 жылдардағы мерзімді баспасөз беттерінде ең көп
талас, әр қилы пікір туғызған мәселе – әліпби туралы мәселе
болды.
Сол
жылдары
баспасөз
беттерінде
жарияланған
мақалалардың енді бір тобы термин қабылдау принциптерімен
байланысты еді. 1920 жылдары термин алудың ғылыми негізі әлі
айқындала қойған жоқ еді. Сондықтан жаңа терминдерді көп
жағдайда ғылымның әр саласынан ана тілінде жазыла бастаған
мектеп
оқулықтары
авторларының,
аудармашылар
мен
журналистердің өздері жасауға мәжбүр болды.
Төңкерістен кейінгі 10-15 жылда мәдениет, ғылым-білім,
әдебиет саласында қол жеткен жетістік 30-жылдардың аяғына
қарай өзінің өсу, даму қарқынын сақтай алмады. Партияның ұлт
республикаларын дамытудағы бұрынғы ұстанған саясаты өзгерді,
енді олардың өзіндік саясат жүргізіп, өз экономикасы мен
мәдениетін дербес басқару мүмкіндігі тежелді, барлық әкімшілік
басқару жүйесі бір адамның яғни И.В.Сталиннің шексіз билік
жүргізуіне соқтырды, оның жеке басына табыну үрдісін туғызды.
Партияның
1934
жылғы
XVII
сиезінде
жасаған
баяндамасындағы Сталиннің «социализм жолымен ілгері басқан
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



140
сайын тап күресі күшейе түседі» деген тезисі «теориялық


бағдар» ретінде басшылыққа алынып, жергілікті жерлерден тап
жауларын тауып, оларды әшкерелеу науқаны қолға алынды.
Орталықтан басталған бұл науқанның Қазақстандағы жаңғырығы
тым күшті болды. Ең алдымен, алғашқы соққыға «ұлтшылдар»,
яғни бұрынғы «Алаш» партиясының мүшелері мен оны
қолдаушылар тап болды. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Тынышбаев, Жанша және Хәлел Досмұхамедовтар, Ә.Ермеков,
Ж.Аймауытов т.б. қуғындауға алдымен ұшырады.
Одан сәл кейін 1937-38 жылдары «халық жаулары» деген
ешбір дәлелсіз сорақы айыптаумен республикада кеңес өкіметін
өз қолдарымен орнатқан жоғарғы партия, кеңес қызметкерлері,
ғылым мен әдебиет, өнердің көрнекті қайраткерлері жазықсыз
жазаға тартылды. Бұл науқанның қасіретіне 110 мың зиялы
ұшырап, оның 27 мыңнан астамы атылып кеткен. Бұл орны
толмас қасіреттің Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне,
ғылым-біліміне, әдебиетіне, халықтың санасына тигізген зиянды
әсерін ешнәрсемен өлшеуге болмас еді.
Қазақтың зиялы қауымының бас көтерген өкілдері айдалып,
атылып кеткеннен кейін әдебиетіміз бен ғылымымыз,
мәдениетіміз бен білім салалары біраз тоқырап қалды. Әдеби
тіліміздің де тынысы тарылып, қоғамдық қызметі шектеле
бастады. Қазақ мектептерінде орыс тілін міндетті түрде оқытуға
баса көңіл бөлінді. Ал орыс мектептерінде, керісінше, қазақ
тілін міндетті оқытудан босату туралы жарлық шығарылды.
Тіл туралы тұңғыш декрет жиырмасыншы жылдардың
басында қабылданып, онда қазақ тілі орыс тілімен қатар
мемлекеттік тіл болып жарияланса да, отызыншы жылдардың
екінші жартысында қазақ тілі тағдыры дағдарысқа душар болды.
Қазақ тілі ресми тіл болу, ғылым тілі болуы осыған байланысты
оқу-оқыту тілі болу қызметінен біртіндеп айрыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет