71
көбейе бастады. Қазақ даласы экономикасында екінші елеулі
өзгеріс – егіншіліктің әрі қарай дами түсуі, егістік құралдарының
жабайы түрлерінің келе бастауы болды. Қазақ даласындағы
мұндай саяси-экономикалық өзгерістер қоғам өмірінің күллі
саласын қамтығаны аян. Қазақ қоғамында әлеуметтік топтардың
ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды. Сауданың пайда
болуына байланысты саудагерлер, алыпсатар, өсімқорлар шықты.
Қазақ жерінде құлдардың әлеуметтік тобы жойыла бастады.
Сұлтандар жанындағы төлеңгіттер кете бастап, олар әлеуметтік
топтан гөрі жеке руға айналды. Батырлар мен билердің
әлеуметтік сипаты біраз өзгерді. Жатақ, ұсақ қолөнершілер пайда
болады.
Бұл кезде қазақ тілінде баспасөз, кітап шығару ісі әлі жоқ
еді. 1822 жылғы Устав бойынша қазақтарға балаларын орыс
мектептерінде оқытуға құқық берілді, бірақ Орынбор, Омбыдағы
әскери мектептерде оқушылардың саны тым аз болатын.
Патша үкіметі XIX ғасыр ортасына дейін қазақ жеріне
ислам дінін тарату саясатын ұстады. Екатерина ІІ-нің 1783 жылғы
указы бойынша мемлекет есебінен мектептер салынып, діни
кітаптар бастырылып таратылды, қазақ татарлары мешітке молда,
тілмаш ретінде кеңінен пайдаланылды.
Қазақ халқының XIX ғасырдың 20-40 жылдарында оның
батыс, орталық аймақтарында мекендеген елдердің өмірінде
өшпес із қалдырған тарихи оқиғалар ретінде Исатай-Махамбет
бастаған шаруалар көтерілісі мен Кенесары Қасымов басқарған
ұлт-азаттық қозғалысын атауға болады. Бұның екеуі де қалың
бұқараны қозғалысқа түсірген, патша өкіметінің отарлау
саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық сипат алды.
Міне, осындай саяси, әлеуметтік және экономикалық хал-
жағдайлар мен өзгеріс-жаңалық, іс-әрекеттер сол тұстағы қазақ
әдеби тіліне әсерін тигізбей, із қалдырмай кетпеді.
XIX ғасыр – қазақ көркем әдебиетінің қаулап дамыған
кезеңі. Бұл тұста ақындар мектебі өмірден берік орын алады.
Ақындардың ішінде әлеуметтік-азаматтық тақырыптарды кеңінен
жырлап, даңқтары қазақ даласына кең жайылғандары да, ауыл, ру
арасындағы, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды
жырлаудан аса алмаған белгілі өлкеге ғана танымал болғандары
да бар. Өткен ғасырлар өсиет сөз айтатын дидактикалық
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
72
толғаулардың орнына кең көлемдегі әлеуметтік мәселелерден
бастап, аумақтағы күнделікті тұрмыс жайттарына дейінгі
тақырыптарды жырлаған өлеңдер туындады.
Қазақтың төл әдеби тілін бұл кезеңде де көркем әдебиет,
оның ішінде поэзия танытты. Сол әдебиетті тудырушылардың
өмір сүріп, шығармашылық қызмет етуі ғасыр басынан 60-70-
жылдар арасын қамтиды. Олар – Махамбет Өтемісұлы (1804-
1846), Алмажан Азаматқызы (1823 -1887), Дулат Бабатайұлы
(1802-1871), Сегіз сері Жақшақ (1818-1854) және ақындар мен
шығармашылық кезеңі сәл кейіндеу танылған Шортанбай
Қанайұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Шөже Қаржаубайұлы,
Сүйінбай Аронұлы сияқты ақындар. Бұлардың туындылары XIX
ғасырдың екінші жартысына да ұласады. Сол сияқты бұлардың
ішінде үлкен әлеуметтік үнімен, поэтикалық дарынымен
танылып,
мұралары
мол
сақталған
Махамбет,
Дулат,
Шортанбайлар да, тақырып аумағы әлдеқайда тар, бірақ өлең-
жыры бұқара мұңына үндесіп, халық жүрегінен орын алған
Алмажан, Сүйінбай, Шернияз, Шөже тәрізді сөз шеберлері де,
көбінесе эпикалық жыр тудырушы, сақтаушы, таратушы ретінде
қызмет еткен Жанақ, Нұрым, Абылдай ақын-жыраулар да болған.
Аталған сөз шеберлерінің барлығы да көркем әдебиеттің бір
ғана саласында поэзияда қызмет еткенімен, поэзияның өзі ол
тұста жанрлық жағынан тарамдалып ілгеріледі. Айтыс жанры
етек алды. Поэзия тілінде жарыспа суреттермен айту тәсілі
орнына көп сөзділік азайып, өлең идеясын бірден білдіретін
амалдарға көшеді.
XIX ғасырдың І жартысындағы қазақ поэзиясында
нақтылық басым бола бастайды. Соған орай біреуді немесе бір
нәрсені суреттеуде қолданылатын сөздер мен тұрақты тіркестер
өмір шындығына қатысты болып келеді. Сөйтіп, поэзияда әрбір
портрет пен сурет өмір шындығы арқылы жырлана бастағанына
байланысты әдеби тілде күнделікті ауызекі сөйлеу тілінің мол
байлығы еркінірек қолданыс табады.
XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы әдеби тілді
танытатын көркем әдебиет үлгілерінен басқа жоғарыда қоса
талданып кеткен ресми-документтер тілі болды. Басқа әдеби
стильдер әлі туа қойған жоқ. Бұл кезеңдегі әдеби туындылар да
бізге ауызша жетті. Әйтсе де олар әлдеқайда дәлірек және
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
73
толығырақ жетті. Мұның тіл тарихын танып-білуде мәні зор.
Сөз болып отырған кезеңде қазақ көркем әдебиеті өзінің
алдындағы қазақтың ауызша әдеби тілін пайдаланды, соны әрі
қарай дамыта түсті, жазба тілге біртабан жақындатты, жазба
әдеби тілді қалыптастыратын белгілерді айқындай түсті.
Достарыңызбен бөлісу: