74
Ал садақ, садақтың кіріс, сүңгі, жебе, қорамсақ, адырна,
сауыт, күдіре бау сияқты ертедегі қару-жарақ атаулары
Махамбет ақында тек өзі араласқан жорықтар картинасын беру
үшін емес, жалпы образ жасау үшін де қолданылады.
Көтеріліске қатысушылардың атаулары әскер, ауыр әскер,
қол, найза ұстаған ерлер, қасыма ерген жолдастар, аламан сияқты
сөздер болып келеді. Мұнда қалың бұқараны халық, астана жұрт,
алты сана алаш, аса жұрт, қара қазақ баласы деп атау жиі
кездеседі.
Жауынгерлік лексика Махамбеттен басқаларында, әсіресе,
XIX ғасыр орта тұсынан әрі асатын әдеби тіл нұсқаларында,
бірте-бірте кеми береді. Бұл саладағы біраз сөздерді Дулаттан
кездестіреміз. Оның көбі де Дулаттың «Еспембет» атты батыр
туралы дастанында қолданылған. Бұл атаулар жоғарыда
келтірілген ертедегі қару-жарақ аттары
: кіреуке, жеңсіз берен,
адырна, бадана көзді тоғыз тор сауыт, сапы, сары ырғай, садақ,
толғаулы найза, алмас семсер, тұтамдап жанған оқ, білтелі
мылтық, барабан.
Әкімшілікке қатысты лексика
Махамбет, Шернияз, Алмажан шығармаларында әкімшілікке
байланысты сөздерден сол тұстың ел басқару жүйесі мен
әлеуметтік құрылысын
білдіретін хан, ханзада, ханым, ханшы,
төре, сұлтан, би, қазы, ақ сүйек, бай, кедей, қараша, қара қазақ,
қара жұрт сөздері бар. Бұларда, әсіресе, Шерниязда, билеуші
топ пен тәуелді қалың бұқараны қарама-қарсы қойып ажырата
көрсету тенденциясы күшті.
Мысалы Махамбетте:
Ақ сүйектің баласын
Қара ұлына теңгердік т.т.
XIX ғасыр орта тұсынан бастап қазақ даласына ене
бастаған жаңа ел билеу системасына байланысты туған жаңа
атауларды Махамбет, Шернияз тілдерінен молынан кездестіреміз.
Олар
майор (-майыр), аға сұлтан, болыс, старшын, елу басы, он
Достарыңызбен бөлісу: