Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§1. Ескі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы



бет28/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

§1. Ескі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы 

Қазақ әдеби тілінің XIX ғасырдың екінші жартысындағы


сөздік құрамы үш қабаттан тұрады: негізгісі – жалпыхалықтық
қазақ тілі сөздері. Екіншісі - араб және парсы сөздері, үшінші –
орыс сөздері.
Бұл кезеңдегі әдеби тілдің сөздік құрамы сол дәуірдегі қазақ
қоғамы өмірінің әр алуан жақтарын суреттей алатын дәрежеде
молығып, тұрақтала бастады. Әсіресе, жаңа ұғымдарды білдіретін
жаңа сөздер қоғамның әлеуметтік құрылысы, ел билеу – сот
системасы, жаңа экономикалық қарым-қатынастар мен сауда
саттық ісі, оқу-ағарту саласында пайда болды.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ қоғамының
әлеуметтік құрылысы өзгереді. Хандық жүйе жойылды, құл мен
төлеңгіт категориялары тарих төрінен кетті. Демек, бұларға
байланысты сөздер мен тіркестердің қолданылуы сирей
бастайды, олар көбіне-көп ауыспалы мағынада қолданыла
бастады.
Сондай-ақ сұлтан, төре, би сөздерінің мағыналары жартылай
өзгерді. Сұлтан, төре ертеректе ақсүйек, хан тұқымының атауы
болса, бұл тұста барлық әкім атауының жалпылай атауы ретінде
қолданылған. Керісінше, би сөзі әкімшілік термині ретінде
қалыптасады, бұл үш жылға сайланып қойылатын ұсақ-түйек
азаматтық істерді қарайтын әкімшілік орнының атауы.
Мынау жалған дүниеде
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



81
Малы көп кісі би болар (Шортанбай)


Сол тұстағы қазақ қоғамының әлеуметтік және әкімшілік
құрылысын бейнелейтін көптеген жаңа сөздер әдеби тілден орын
алып, кейбіреулері терминдік мәнге ие болды. Олар: санат 
(сенат), болыс, старшын, ауылнай, майыр, жандарал, ұлық, 
атқамінер, аттабар, хәкім, дуан, үйез, поштабай, шен, жатақ, 
малай, қоңсы, тамыр. 
XIX ғасыр екінші жартысында сот-жазалау системасында
үлкен өзгеріс болғаны мәлім. Осымен байланысты билік, бітім, 
дау, жүгініс, ат-шапан, айып, барымта, ұрлық, қазы, абақты, 
тұтқын, іс, арыз, пара сөздері, закон, сот, статья, положение 
тәрізді орыс сөздері терминге айналады.
XIX ғасырдағы қазақ қоғамының экономикалық өміріндегі
жаңалықтың бірі – халықты қанаудың одан әрі күшейіп, жаңа
түрлерінің шығуы болды. Мысалы, сауын, жүн беру, ат майын 
беру – малы жоқ кедейлерге байлардың малдың сүтін, жүнін,
күшін, уақытша пайдалануға беру арқылы қанауы, ортақтасу - 
күш-көлік байдікі, жұмыс - кедейдікі, лау, лаушы. Сондай-ақ
ресми алым-салық жүйесі пайда болды: түтін салығы, қара 
шығын, бедерлі қағаз (подорожная), зекет т.б . Осылардың бәрі
әдеби тілден орын алып, мұндағы әрбір құбылыс өз атымен
аталды. Экономикалық жағдайға байланысты терминдер сол
кездегі баспасөзде көбірек қолданылады. Өсім (аренда), пайда 
(борыш), бексел, қарыз (взаем), зедетке (задаток), дүкен (лавка), 
салық (налог), файда (прибыль), тауар (товар) т.т.
XIX ғасырда айтарлықтай жанданған оқу-ағарту ісінің қоғам
өміріне зор ықпалы тиді. Ол тілден де орын алды. Бұл кездегі
қазақтың көркем әдебиетінде жиі қолданылып, нормаға айналған
кітап, сабақ қалам, сия, молда, медресе сөздерімен қатар оқу-
білімге қатысты әріп, наһу, лұғат, насихат, сөз, дәптер, хат, 
мағына сөздерін де кездестіруге болады.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тіліндегі
араб-парсы сөздері өткен дәуірлерге қарағанда айтарлықтай мол.
Бұған себеп болған, біріншіден, бұл тұста қазақ даласында ислам
дінінің етек алып кең жайылуы болса, екіншіден, мұсылманша
оқудың біраз жанданғаны және көркем әдебиет уәкілдерінің
өздерінің мұсылманша сауатты болуына да байланысты болса
керек. Бұл тұстағы көркем әдебиеттен бұрын көп кездеспеген
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



82
гаусар, беһәне (себеп), уәж, шаһмат, сақы (мырза), сүннет, 


парыз, үзір, ғасыл, перизат, зайғы, нәубат, ықырам, ғарапат, 
кәусер т.б. сөздерді ұшыратамыз. Бұл кездегі әдеби тіл
лексикасындағы араб-парсы сөздерінің ара салмағы барлық
қаламгерлерде, олардың барлық шығармаларында бірдей емес.
Мысалы, араб-парсы сөздері молынан кездесетін автордың бірі
Ақан серінің кейбір шығармаларында («Құлагерде») көптігі
сондай, Жаяу Мұсада да баршылық. Керісінше, Сүйінбай, Шөже,
Біржан тәрізді қаламгерлер де араб-парсы сөздері басқаларға
қарағанда әлдеқайда аз, барларының көпшілігі жалпыхалықтық
қорда бұрынан барлар.
Ескі төл әдеби тіліміздің грамматикалық құрылысы,
негізінен, қазіргі тіл нормаларынан алшақтамағанмен, XIX
ғасырдың ІІ жартысындағы әдеби тілдің морфологиялық
құрылысында кейбір ерекшеліктер де бар.
1. Тұйық етістіктің мақсатын білдіру үшін барыс септікте
қолданылатын түрі қазіргі у-ға емес, көбіне ар-ға болып келеді.
Мысалы,
Берерге ғылым жазып адам керек (Ақан Сері)
Жаны жоқ кеудесінде адам деуге (Біржан)
Оқ таппайсың атарға лайық болса (Майлы)
2. Бұйрық райдың екінші жағы -қын жұрнағы арқылы
жасалатын үлгі бар.
Әңгіме айтқын дегенде... (Майлы)
Сөзіме құлақ салғын, ей, Тезек төре... (Сүйінбай)
Бұл форма, негізінен, оңтүстіктен шыққан ақындарда
диалектілік форма болуы мүмкін.
3. Кейбір грамматикалық тұлғалар екі вариантта, яғни толық
және ықшамдалған түрінде кездеседі.
Мен// менен, да// дағы, дай// дайын, тын// тұғын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет