Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§5. Араб-парсы элементтері



Pdf көрінісі
бет19/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

 
§5. Араб-парсы элементтері 
 
ХVІІІ ғ. қазақ әдеби тілі сөздік құрамының екінші бір қабаты 
– араб-парсы сөздері. Бұл кезде халықтың сөйлеу тілінде де, ауыз 
әдебиетінде де, ақындар шығармаларында да (әсіресе Бұқар мен 
Шалда) араб-парсы төркіндес сөздер едәуір орын алған. Олардың 
өзін екі топқа бөлуге болатын тәрізді: бірі қазақ тіліне ертеден 
еніп сіңісіп кеткен және жиі қолданылатын сөздер. Мысалы, Шал 
ақын мен Бұқарда кездесетін дүние, момын, мақұл, аман, мейман, 
несібе, несіп, әйел, дәулет, қыдыр, бақ, құдай, жала, пара, заман, 
жаза, уағда, молда, құдірет, пейіл, ақшам, пасық, қаза болу, 
арам, мәлім, амал, бекет, қайыр, құрмет, байғұс, абырой, ар, 
халық, сабыр, әлем, өмір, адам, ажал, бақ, бақыт, дүние, уақыт, 
мезгіл, ақы, дос, арам, дауа, мысал, дұшпан, залым, шартарап, 
бекер, күмән т.б. сөздер қазақ тіліне ерте замандарда еніп, сіңісіп 
кеткен сөздер. Бұлар ауыз әдебиетінде де батыл және жиі 
қолданылған. Мұндай сөздердің қазақ лексикасына етене болып 
кеткендігі сонша, бірқатары өзара қатар келіп, көркемдеу 
тәсілінің бірі – синонимика ретін түзейді. Мысалы, Бұхарада: 
Уақытым менің өткен соң, 
Мезгіліміз жеткен соң ... 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


59 
Екеуі де араб-парсы элементінен жасалған синонимдік бақ-
дәулет, абырой-ар, алла-тағала, амал-айла тәрізді қос сөздер де 
осы іспеттес. Ал көпшілігі қазақтың төл сөзімен қосақтаса 
айтылып қос сөз қатарын түзеп кеткен: аман-сау, бос-бекер, 
кедей-кепшік. Бірқатарынан туынды тұлғалар да жасалған: 
қайырлы, дүниелік, мақұлдау, амандасу, амандық, несібелі, 
жалақор, бақсыз, бақытты, құрметті, қадірлі т.б. 
Араб-парсы сөздерінің екінші тобы – халық тіліне сіңісіп 
кетпегендер, бұлар жеке діни сөздер мен кейбір абстрактілік 
ұғымдарды білдіретін сөздер. Мысалы: арсы-күрсі, маһи, лауғы, 
ғайбат, (жамандау), һәммәт (ынжық, қор) т.б. ислам дінінің 
түрліше ритуалдарына, сенімдеріне, уағыздарына байланысты 
иман, намаз, ұжмақ, құбыла, әулие, ахрет, пір, мешіт, сәлде, 
төрт шадияр, хақ жолы, фәни тәрізді сөздер Бұқар мен Шал 
шығармаларында ұшырасады. Олар сол кезде халық тілінде де 
қолданылған болуы керек, бірақ бұлардың активтік дәрежесі 
жоғары көрсетілген топтан әлдеқайда төмен болған сияқты, 
өйткені бұл кезде қазақ арасында ислам діні ХІХ ғасырдағыдай 
етек алмаған болатын. Патша үкіметі Қазақстан жерінде мешіттер 
салдырып, құранды тегін таратуға ұйғарғанымен, бұл 
әрекеттердің ешбірі де әсерлі нәтиже бере қоймағаны мәлім. 
ХVІІІ ғ. ақындары тіліндегі араб-парсылық элементтердің 
қолданылу сипатының өзі біркелкі емес: жоғарыдағы 
жалпыхалықтық тілде ертеден келе жатқандары (өмір, дүние, 
пайда, дәулет, бақыт сияқты) өлең-жырлардың өн бойында 
қолданылса, діни және сіңіспеген кейбір сөздер белгілі бір
шығармалар ішінде ғана, яғни діни тақырыпты қозғағандарында 
қолданылған. Мысалы, көбінесе жауынгершілік тақырыптағы 
мұралары сақталған Тәтіғара, Жанкісі, Ақтамберділерде иран 
сөздері өте-мөте сирек. Бұқардың «Керей қайда барасың?» 
сияқты қазақтың ел ішінің өзаралық қарым-қатынасын 
жырлайтын шығармаларында бірде-бір арабизм–парсизм жоқ, 
керісінше, «Ей, айтшы, алланы айт» сияқты ислам дінін 
уағыздаған өлеңнің бір өзінде 20 шақты сөз кездеседі және 
олардың көбі мұсқан (кітап), кәләм (сөз), лаухы, наубат тәрізді 
көпшілік тілге сіңіспеген сөздер. 
ХVІІІ ғ. жазған қаламгердің игілігінде халық тіліне 
сіңіспеген әсіресе діни мазмұндағы араб-парсы сөздерінің сирек 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


60 
немесе молынан қолданылуы олардың ұстанған идеологиясы мен 
жырлаған тақырыптарына тікелей байланысты. Әдебиет 
танушылардың зерттеулеріне қарағанда Бұқар – феодалдық-
хандық қоғам мүдделерін жоқтаған ақын. Ол бұл идеологиясына 
ислам дінін арқа сүйеу етіп соны уағыздайды. Өзінің өмірді, 
қоғамды тануында діни дәлелдерге жүгінеді. Сондықтан оның 
шығармаларында жоғарыда көрсетілген тікелей ислам дініне 
қатысты араб-иран сөздері көбірек орын алған. Ал Бұқардың кіші 
замандасы Шал ақында мұндай емес, онда кездесетін шығыс 
сөздері халық тіліне сіңіскен дүние, момын, мақұл, дәулет, 
несібе, әйел сияқты сөздер, өйткені ол ислам дінін пір тұтып 
уағыздаған емес, керісінше:
Мекке менен Медине жолдың ұшы 
Иман таба алар ма барған кісі немесе 
Қой, сиырын қамасын молда өзі 
Ұжмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден, - деп дін сөзін күмән 
етіп, келеке қылған ақын?.. Сондықтан, оның өлеңдеріндегі 
ұжмақ, иман, хақ деген бірен-саран сөздер осы мақсатта ғана 
жұмсалған. 
Бұхарда бірер жерде ғана сия, дәуіт, қалам, әлім, ғалым 
деген оқу-ағартуға қатысты 4–5 араб-парсы сөздері бар. Сірә, 
Бұқар мұсылманша көзі ашық адам болса керек. Қанша діндар 
болса да мұсылманша сауаты жоқ, ислам діні негіздерінен 
бейхабар қарапайым ақылгөй араб-парсы лексикасын бұлайша 
пайдалана алмаған болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет