Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



Pdf көрінісі
бет34/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

 
 
§2. Ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдайлар 
 
XX ғасырдың басында Ресейде ірі-ірі тарихи оқиғалар орын 
алды. Ресейдің империализмге өтуі оны революциялық 
қозғалыстың, қанаудың орталығына айналдырды. Оған себеп 
болған жұмысшыларды қанаудың шегіне жетуі, шаруалардың 
қайыршылануы еді. Өлкенің шет аймақтарында тұратын қараңғы 
халықтың хал-жайы бұдан да ауыр еді. Ресейде өтіп жатқан 
барлық оқиғалар қазақ еліне де өз шарпуын тигізді. 
XX ғасыр басында қазақ елінің де экономикалық, саяси-
әлеуметтік жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. Қалалардағы 
өндіріс пен кәсіпорындардың дамуы, темір жол жүйесінің келуі
далаға капиталдың ағылуын күшейтті. Сауда-саттықтың өріс 
алуы Ресейдің ірі қалаларын қазақ жерінде ашылған 
жәрмеңкелермен 
байланыстыра 
түсті. 
Қазақ 
кедейлері 
отырықшылыққа көше бастады, күнелтіс үшін қосымша табыс 
іздеп, қалаларға, темір жол бойларына ағылды. Қазақтың негізгі 
кәсібі – мал шаруашылығына дейін өзгеріске ұшырады, ол 
натуралды түрден товарлы шаруашылыққа айнала бастады. Осы 
тұста қазақ даласын басқарудың жаңа жүйесі толық күшіне енді. 
Ірілі-уақты қақтығыстардан үлкен дүмпуді сезе бастаған 
патша үкіметі шегіне жетіп шиеленіскен қайшылықтарды 
бәсеңдетуге тырысты. Мұның негізгі түйінінің бірі жермен 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


93 
байланысты еді. Патша үкіметі қолға алған жер саясатының 
түйіні қазақтың шұрайлы жерлерін мемлекет қарамағына алып, 
Орталық Ресейден қоныс аударушылардың жаңа легі пайда 
болды. Енді халықтың «ақ патша» деген сенімі мүлде азайды, 
ояна бастаған қазақ халқы бостандық жолындағы күрес, саясат 
мәселелеріне құлақ түре бастады. 
1905 жылғы орыс революциясы жеңіске ұшырағанына 
қарамай, халықты бас бостандығы жолындағы күреске 
ұмтылдырды, оларға аздаған болса да саяси бостандықтар алып 
берді.
XX ғасырдың басында қазақ даласында ұлт-азаттық 
қозғалыстармен қатар түрлі саяси-идеялық бағыттар да кең өріс 
алды. Мұның негізгі себебі – қоныс аударушылар келуімен 
байланысты 
елдің 
ата-қонысынан 
айрылуы, 
халықты 
орыстандыру саясатының ашықтан-ашық сипат алуы болды.
XX ғасыр басындағы ағартушы-демократтардың үлкен 
тобы, негізінен алғанда, өмір жаңалықтарына бейімделуге, жерге 
орналасып, мәдениетті елдер қатарына жетуге, өнер-білімге 
шақырды. Өз шығармаларында халық тұрмысындағы ірілі-уақты 
қайшылықтарды 
бейнелеп, 
ел 
алдындағы 
маңызды 
проблемаларды 
көтерді. 
Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов т.б өз ұлтының сана-сезіміне сәуле шашып, қазақ 
халқын азаттық, бостандық, теңдік жолындағы күреске шақыру 
үшін ұлттық баспасөздің, ұлттық басылымдардың қазақша 
шығуына ат салысты.
Сол кездегі қоғамдық-саяси ойды бір арнаға бағыттап, халық 
санасын оятуда, әлеуметтік мәселелерді шешуге ұлттық 
баспахана мен ұлттық бапасөз ашу қажеттігін жақсы түсінген. 
М.Сералин, Ш.Бөкеев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов 
т.б. қазақтың көрнекті зиялылары ана тілінде баспасөз ашып, 
оқулықтар жазып шығару жұмысын қолға алды. 
Қазақ тілінде толыққанды тұңғыш басылымдар дүниеге келе 
бастады. Бұларға 1911-13 жылдары 17 саны шығып тоқтап қалған 
«Қазақстан» газеті, 1913-18 жылдары үзбей шығып тұрған 
«Қазақ» газеті жатады. Бұлар қазақ халқының бостандығы мен 
қазақ жерлерін біріктіру, қазақ тілінің өркендеуін түпкі 
мақсаттарына айналдырды. 
XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының көрнекті 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


94 
өкілдері іс-қағаздарын қазақша жүргізу мәселесін де қолға алады. 
Қазақтың Ж.Ақбаев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, 
К.Тоғысов т.б. оқыған зиялы қауымының көрнекті өкілдері 
Қояндыда жиналып, 17 қазан манифесінде жарияланған бостан-
дықты іс жүзіне асыруды сұрап патшаның атына петиция да-
йындады. Айта кететін жайт, кейінгі шыққан зерттеулерге 
қарағанда, Қоянды жәрмеңкесінен Петербургке жөнелтілген 
петицияның саны үшеу екендігі анықталып отыр
24
.
Бұл еңбектегі деректерге қарағанда, бірінші петицияға 16 
000 адам қол қойған. Петициядағы негізгі талаптар мыналар: 
салықты азайту, ұждан бостандығы, қазақ арасынан муфти сай-
лау, орталық үкіметтегі халық өкілдігіне депутаттар сайлау ...
т.б. Жоғарыдағы петицияға қосымша ретінде Ресей ішкі істер 
министрлігіне мына төмендегідей хат (№ 2 петиция) жіберілген. 
Бұл арызда алғашқы петицияға қарағанда нақты 13 талап 
қойылған. Оның үшеуі біздің сөз қылып отырған тақырыбымызға 
байланысты, атап айтқанда: 
1. Жергілікті бастықтар қазақ тілін білетін болсын, олар 
білімді адамдардан сайлау жолымен қойылсын. Білімді адамдар 
бізде баршылық. 
2. Іс-қағаздары қазақша жүргізілсін. Песір, стражник, 
шабарман сияқты кіші қызметкерлер тек қазақтардан болсын. 
3. Учаскелердің мировой судьялары қазақша жақсы білетін 
болсын. Тергеу қазақша жүргізілсін, адвокаттар қазақша білетін 
болсын. 
XX ғасырдың басында Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 
шығып тұрған мерзімді баспасөз беттерінде еліміздің тарихы, 
шаруашылық жағдайлары, мәдени өмірі мен ағартушылар 
(Шоқан, Ыбырай, Абай) туралы көптеген құнды мақалалар 
басылған. 
Мәдениеттің басқа салаларындай, әдебиетте де жаңа 
бетбұрыс, соны бағыт-бағдар байқалды. Ресейдің шет аймағында 
жатқан қазақ халқы Қазан төңкерісіне дейін де ұйқысынан ояна 
бастағаны мәлім. Өйткені бұл кезде ғасырлар бойы қалыптасқан 
тіршілік пен салт-санасын, әдет-ғұрпы мен шаруашылығын күн 
24
Тайшыбаев З., Дулатбеков Н.О. Ж.Ақбаев. Алматы: Жеті жарғы. 
1997. –Б.32. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


95 
санап өзгертіп бара жатқан, капитализмнің қазақ даласына ене 
бастауымен санаспасқа болмайтынын халық түсіне бастады. Егер 
бұрын хат білген қазақтар, С.Торайғыров айтқандай, «Зарқұм», 
«Сал-сал», «Алпамыс» т.с.с. эпос-жырларды, «ұшы-қиыры жоқ 
түпсіз өтірік, қисынсыз хикаяттарды» оқып, бұған «көздерін 
жұмып, нанып, мейірімі қанып, кеукілдей түсіп, шұлғысып, 
мүлгісіп отырса, XX ғасырдың басында Ыбырай, Абай іргетасын 
қалаған, әр алуан жанрлы, тақырып, мазмұн жағынан да қанатын 
кең 
жая 
бастаған 
реалистік 
бағыт-бағдарда 
жазылған 
туындыларды оқитын болды. 
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті 
тарихында 
Ыбырай, 
Абай 
негізін 
қалаған 
дәстүрді 
жалғастырушылардың: Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмұт 
Торайғыров, Спандияр Көбеев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып 
Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Сәбит 
Дөнентаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет 
Майлин, Ғұмар Қараш, М.Әуезовтердің т.б. ағартушы бағыттағы 
көптеген ақын жазушыларымыздың алатын орны айрықша. Олар 
Абай дәстүрін жалғастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге түр 
жағынан түрлендіріп, мазмұн жағынан байытып, дамыта түсуге 
де ықпал етті. 
Ағартушылық, азаматтық идеялардың халық арасына кең 
тарауына сол кезеңде көптеп ашыла бастаған мектептер мен түрлі 
оқу орындары, баспа мен баспасөз ісінің жолға қойылуы зор 
ықпал етті. 
1914-15 оқу жылында жалпы білім беретін мектеп саны 
2006-ға жетіп, оларда 105,1 мың оқушы оқыды. Сонымен бірге 
қазақ балалары Орынбор, Ташкент, Троицк, Уфа, Қазан, 
Самарқанд, Бұқара, Омбы т.б. қалалардағы орта дәрежелі 
медреселер мен оқу орындарында оқыды 
25

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап көтерілген оқу-
ағарту мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік маңызы зор үлкен 
проблема болса, оны өзінің шығармаларында да, іс жүзінде де 
қолға алған тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин еді де, кейін 
XX ғасырдың басында осы салада нақты іс істеген, өзгелерге 
25
Мажитаева Ш. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдеби тілі. Қарағанды: 
ҚарМУ, 2007. –Б.14. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


96 
сонысымен үлгі көрсеткен ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы 
болды. Ол халықты оқу-білімге шақырған, оның қажеттілігін 
түсіндірген жалаң үгітші ғана емес, қазақ арасында мектеп ісін 
жолға қоюға күш жұмсаған, бала оқытып, ұстаздық жасаған, жазу 
тәртібін түзген, сауат ашатын әліппе, мектеп оқулықтарын 
жазған, оқытудың әдістерін көрсеткен әрі ғалым-ағартушы, әрі 
нағыз практик. 
Қазақ зиялылары арасындағы халықтың назарын көп 
аударған әлеуметтік, қоғамдық проблеманың бірі – қазақ 
қыздарының бас бостандығы үшін күреске, білімге ұмтылуы. Бұл 
күрестің қанат жайғаны сонша, ол халық арасындағы әңгімеден 
баспасөз бетіндегі негізгі проблемаға, көркем шығармалардың 
басты тақырыбына айналды.
Бұл тақырыптың әдебиеттегі көрінісі – «Бақытсыз Жамал», 
«Қыз көрелік», «Қалың мал», «Қамар сұлу» романдары, 
«Шұғаның белгісі» повесі мен «Надандық құрбаны», «Манап», 
«Еңлік - Кебек» пьесалары және «Бейшара қыз» т.б. әңгімелері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет