83
әдебиеттердің қауырт дамуының тарихи себептері бар.
Біріншіден, XIX ғасыр басында
мұсылман елдерін дін арқылы
басқару саясатын ұстап, құранды және басқа діни кітаптарды
үкімет
есебінен
бастырып таратып, мешіт-медреселерді
салдырып, бала оқытуға өзі ұйытқы болды, бірақ кейін ол
саясатын
өзгертіп, миссионерлер арқылы христиан дінін
насихаттау саясатын өрістетті. Екіншіден, патша үкіметінің бұл
соңғы саясаты оған қарсылық ретінде мұсылман жұртында діни
әдебиеттердің күрт дамуына әсер етті. Кейін осы қисса деген
грифпен азаматтық тақырыптағы шығыс әдебиетінің таңдаулы
үлгілерінің қазақша жырланған нұсқалары жарық көре бастады.
Осы үлгімен қазақтың ауыз әдебиеті шығармалары да жеке кітап
болып жарияланды.
Жалпы «қисса» –
араб сөзі, тарих, әңгіме деген мағына
береді. Алайда қазақ топырағындағы жарық көрген қиссалардың
бәрі де өлеңмен жырланған шығармалар болып келеді, тек
дәстүрлі жырдан айырмасы бұларда белгілі сюжетке құрылған
оқиғалар жырланады. Ол тұста көркем әдебиеттің роман, повесть,
әңгіме жанрлары әлі өмірге келмеген кезде сюжетті
шығармалардың баршасын «қисса» деп атауға мәжбүр
болған
сияқты.
Қиссалық әдебиеттерді әдебиет тарихын зерттеуші
ғалымдар идеялық бағытына, мазмұнына және көркемдік
құндылықтарына қарай 3-ке бөліп қарастырады. Тілдік жағынан
да бұлар 3-ке бөлініп тұрады.
1. Мазмұны, негізгі идеясы жағынан дінді,
діни моральды
уағыздайтын, тілі жағынан түркі әдеби тіл дәстүрін сақтаған
қиссалар, олардың лексикасында араб, парсы сөздері молынан
кездеседі, грамматикасы мен орфографиясында түркі әдеби тіліне
тән формалар толығынан дерлік сақталып отырады. Бұл топқа
«Жұм-жұма», «Сал-сал», «Кербаланың шөлінде», «Тамымдер»,
«Адам», «Анхазірет Расулдың Меғражға қонақ болғаны»,
«Бозжігіт», т.б. жатады.
2. Мазмұны жағынан шығыстық сюжетке құрылған немесе
еркін
аударылған, идеясы адамгершілікті, махабатты, ерлікті
жырлайтын, лексикасы негізінен қазақтың төл сөздерінен
тұратын, бірақ орфографиясы мен грамматикалық құрылысында
ішінара түркі әдеби тіліне тән жазба дәстүр кездесетін қиссалар.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
84
Бұған «Жүсіп-Зылиха», «Қисса-и Рүстем», «Қисса-и Қожа Ғафан
уа Һәм Сәдуақас», «Таһир», «Үш қыз», «Қисса-и Серғазы» т.б.
жатады. Бұлардың тілінің өзінде де шығарушының кім екендігіне
қарай аз-кем ерекшеліктер байқалады.
3.XIX ғасырдың екінші жартысында «қисса» деген грифпен
басылған ауыз әдебиеті үлгілері
мен кейбір ақындардың
шығармаларын шартты түрде 3 топқа жатқызуға болады. Бұл
топқа «Ер тарғын», «Қисса-и Қыз Жібек», «Қисса-и Рүстем»,
«Қисса-и
Алпамыс»,
«Қисса-Айман-Шолпан»,
«Қисса-и
Шортанбай», «Шортанбайдың бала зары», «Өсиетнама» т.б.
жатады. Бұлардың лексикасы түгелдей қазақ сөздері мен қалыпты
тіркестерінен, образды сөз қолданыстарынан тұрады, тек
орфографиясы сол кезеңдегі жазба дәстүрді сақтаған.
Бұлардан басқа сол тұстағы қазақтың жазба әдебиетке деген
құштарлығын пайдаланып, көр-жерді «қисса» деген атпен
бастырып, ел арасына таратып пайда таппақ болған «қарап
тұрғанша бір қисса жаза салдым» дейтін ақынсымақтар да
болған. Оларда не сюжеттік мазмұн, не өлеңдік қасиет болмайды,
әншейін
құр насихат, бос сөз болып келеді. Ондайларға
«Мақулат», «Әдеблі бала», «Егіз бала, көп кеңеш» тәрізді
кітапшаларды мысал етуге болады.
Қиссалық әдебиет «қазақ әдебиетінің тақырыптық, сюжеттік
арнасын кеңейтіп, оны шығыс әдебиетінің үлгілерімен
молықтыру ісіне себін тигізді». Сондай-ақ қиссалардың қазақ
әдеби тілін дамытуға да қосқан үлесі мол.
Достарыңызбен бөлісу: