Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


мәзкүр дублеттерінің қолданылуы.  5) Мен



Pdf көрінісі
бет32/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

мәзкүр дублеттерінің қолданылуы. 
5) Мен шылауымен қатар оның бірлән, бірлә, илан, илә, 
білә дублеттерінің, бірақ пен паралелль ләкін, шейіннің орнына 
ше шылауларының қолданылуы. Сондай-ақ араб тіліндік қадар, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


86 
хұсыс, һәм шылауларының қолданылуы. 
Бірақ бұл грамматикалық ерекшелік қатаң және бірден-бір 
қолданылған норма емес, бұлардың халық тіліндік варианттары 
да қоса пайдаланылған. 
Тұңғыш баспасөз органдары газеттер арқылы пайда болған 
қоғамдық-публицистикалық стильдің қазақ әдеби тілінің әрі 
қарай дамуында орны ерекше болды. Бұл стильдің тууы қазақ 
әдеби тілінің аясын кеңітті, ғылыми стильдің пайда болуына 
алғышарттар жасады, ғылыми терминология жасау әрекеті көріне 
бастады. Сонымен қатар бұл стиль сөздік құрамымыздың орыс 
тілі арқылы толығу принципін ұстап, оның алғашқы ізін салды. 
§4. Қазақтың жаңа жазба әдеби тілін қалыптастырудағы 
қазақ ағартушыларының қызметі 
 
Бұл кез Ресейде капитализмнің дамуымен байланысты. 
Оның отар елдерде де саяси-әлеуметтік маңызы бар прогрестік 
шаралардың іске аса бастаған шағы еді. Қазақ халқының алдыңғы 
қатарлы орысша оқыған бөлігі Қазақстанның артта қалуын 
жоюдың бір жолы ретінде орыс халқының мәдениеті мен 
техникасының табыстарын үйренуге шақырды, қазақ балалары 
үшін мектеп ашып орыс тілімен қатар ана тілін үйретуді көздеді. 
Ана тілінде оқытатын мектеп ашу деген сөз, бір жағынан, 
қазақтың сол тұстағы шағатай әдеби тіл әсерінен әлі құтылмаған 
жазба тілін халықтың ауызша әдеби тілі мен сөйлеу тілі негізінде 
қайта құру деген сөз еді. Сөйтіп, XIX ғасырдың орта тұсынан 
бастап, қазақ қоғамының тарихи даму факторларына байланысты 
жазба әдебиет тіл мұқтаждығы күшейеді. Ол тілді екі жерден 
іздеу керек болады: не бұрыннан қолданылып келе жатқан, бірақ 
қазақ мәдениетінде қызмет аясы бұл кезде тарылған ортаазиялық 
жазба әдеби тілді пайдаланып, соны жандандыру немесе жаңа 
жазба әдеби тілдің ірге тасын қалау. 
Мұндай ардақты мақсат жолында қызмет ету құрметі 
қазақтың ұлы ағартушылары Ыбырай мен Абайдың үлесіне тиді. 
Ы.Алтынсарин бірінші болып өз халқын орыстың озық 
мәдениетіне жеткізудің негізгі күрескері болады. Қазақ халқының 
экономикалық және рухани дамуын тездетудің негізгі құралы 
етіп ол барлық қазақ ауылдарында орыс-қазақ мектептерін ашу 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


87 
міндетін қойды. 
«Қырғыз хрестоматиясын» құрастыру, жазу үстінде 
Ыбырайдың үлкен-үлкен принципті, қазақ халқының болашағы 
үшін маңызы орасан зор мәселелерді шешуіне кедергі келтірді. 
Оның бірі – қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің болашақ даму 
бағытын айқындау еді. «Қырғыз хрестоматиясына» кіргізген 
өзінің төл әңгімелері мен өлеңдерін, сондай-ақ халық ауыз 
әдебиеті үлгілерін халықтың сол кездегі сөйлеу тілі мен ауызша 
әдеби тілінің негізінде жазды. Сөйтіп, ол әлденеше ғасыр бойы 
ауыз әдебиет тілі мен сөйлеу тілі дәрежесінде қалып бара жатқан 
қазақ тілінің ұлттық жазба әдеби тілі ретінде дамуына негіз 
қалады. Міне, осы өзі негізін салған жазба әдеби тілде ол қазақша 
газет шығару мәселесін де күн тәртібіне қойып, оның алғашқы 
үлгісін өз қолымен жасады. Осы тілімен ол «Шариат ул - ислам»
атты ғылыми-көпшілік кітап жазып, онда ислам шарттарын 
көпшілік халыққа қарапайым қазақ тілінде түсіндірді. 
Ыбырайдың бұл қызметі өз кезінде-ақ әділ бағаланып, өзінен 
кейінгі оқыған жастар арасында қолдау тапқанын көреміз. 
Мәселен, 
Ыбырайдың 
өз 
көзі 
тірісінде 
1884 
жылы 
«Оренбургский листок» газетіне басылған «Әдебиет тұрғысынан 
қазақтар үшін Алтынсариннің маңызы» деген мақалада 
Ыбырайдың ағартушылық қызметін, ақындығын және қазақ 
жазба әдеби тілін жасаудағы жұмысын төмендегіше бағалаған: 
«... Орыс мектебі бізге Алтынсаринді берді, ол орыс 
тәрбиесінің жемісі еді. Оның біз фанатизм мен надандыққа қарсы
шыққан, қазақтарды оқу-білімге, жаңа өмірге жетелеген алғашқы 
қаһарман деп танимыз. Оны біз Шекспир, Байрон, Гете, Пушкин 
және басқа орыс классикалық әдебиетінен сусындаған халық 
ақыны деп білеміз... Алтынсарин бірінші болып қазақтың жазба 
тілімен жазып көрді және алғаш рет орыс әліппесін беріп қойған 
жоқ, халқына арнап оның бірінші грамматикасын берді. 
Алтынсарин шығармалары тілдік, баяндау және қолданған 
әдістері жағынан таза халықтығымен, шынайылығымен, 
қарапайымдылығымен 
және 
терең 
мазмұндылығымен 
ерекшеленеді».
Ыбырайдың тұстасы А.Алекторов өзінің «Письменная 
литература киргизов» деген мақаласында: «Наиболее блестящим 
представителем киргизского народа со стороны литературного 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


88 
творчества может быть назван И.А. Алтынсарин, справедливо 
считавшийся Пушкиным киргизов», - деп жазды. 
1888-1902 жылдар арасында шығып тұрған «Дала уәлаяты» 
газетінің бетінде қазақ әдеби тілінің жайы, оның болашағы кең 
талқыланып, келелі пікірлер айтылғаны белгілі. Мақала 
авторларының бірі – Асылқожа Құрманбаев: «Қазақ тілі 
турасында» деген мақаласында қазақ халқының шаруашылық, 
өмір тіршілігіне сай өзге түркі халықтарынан тілі де өзгешерек 
дамығанын айта келіп, қазақ тілі туралы өз тілін ғана емес, өзге 
де көптеген шығыс тілдерін жетік білетін, сондықтан оларды 
өзара салыстыруға мүмкіндігі болғаны, белгілі Ыбырай 
Алтынсарин «қазақ тілінің байлығы соншалық, онымен кез-
келген тақырыпқа кітап жазуға болады», - деуі... қазақ тілінің 
байлығын Алтынсарин сөз жүзінде ғана дәлелдеп қойған жоқ, 
таза қазақ тілінде орыс әрпімен «Қырғыз хрестоматиясы» атты 
кітап жазу арқылы іспен көрсетті. Бірнеше жүздеген беттен 
тұратын бұл кітапта бірде-бір қазақтікі емес сөз жоқ, ал «Сөз 
басы», «Түлкі мен қарға», «Жаз» т.б. өлеңдері өз тіл 
элементтерінен, қазақ поэзиясы мен сөз саптауының тамаша 
үлгісі болып табылады». Одан әрі автор өз мақаласын «Қазақ 
халқы мен оның тілін құрметтеушілерге марқұм Алтынсариннің 
салған жолымен жүрсе жарайды», оның қазақ тілін жөндеп, оның 
ережесін бір ізге келтірудегі бастаған ісін әрі қарай дамытса 
жарайды, - деп қорытады. «Қазақ тілі турасында бес-алты сөз» 
деген мақаласында Д.Сұлтанғазин қазақ тілінің өзге түркі тілдері 
сияқты жеке тілі деген пікірлерінің қате екенін, олай болғанда 
қазақтарға өз тілімен сөйлеп, жазғанда басқа бір тілмен жазуына 
тура келер еді, ал бұл халықтың сауаттанып, ғылым-білім алуына 
үлкен қиындық келтіреді деп көрсетеді.
«Сондықтан, - деп жазады ол – «Қырғыз хрестоматиясы» 
авторы марқұм Алтынсариннің көрсеткеніндей, қазақтарға өз ана 
тілін дамыту әрі пайдалы, әрі өте қажет». 
Кейінгі кездегі Ыбырай шығармашылығын сөз еткен 
әдебиетші, тілші ғалымдарымыздың еңбектерінде де Ыбырайдың 
қазақтың жаңа сападағы жазба әдеби тілін қалыптастырудағы 
қызметі мен алатын орны кеңінен көрсетіліп келеді. 
Қазақтың жаңа демократиялық бағыттағы поэтика тілін 
қалыптастыруда Ыбырай Алтынсариннің кіші тұстасы Абай 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


89 
Құнанбаевтың сіңірген еңбегі бір төбе. Абайдың мүлдем жаңа 
сипаттағы поэзия жасаудағы үлгі қолданған тілі халқымыздың 
әлденеше ғасыр бойы сұрыпталған ауызша әдеби тілі мен сол 
кездегі сөйлеу тілі еді. Осы екі арнаны сарқа пайдаланып ондағы 
қарапайым сөздерді талай саққа құбылту арқылы өзінің образ 
жасау мақсатына шеберлікпен пайдаланады. 
Абайдың 
қазақтың 
жаңа 
жазба 
әдеби 
тілін 
қалыптастырудағы тындырған қызметі мен алатын орны 
бірсыпыра зерттеушілердің еңбегінде ілгерілі-кейінді жан-жақты 
сөз болғаны мәлім. Сонау 30-жылдардың орта кезінде-ақ 
профессор Қ. Жұбанов қазақ тілшілерінің арасынан бірінші 
болып Абайдың қазақ әдеби тілін жасаудағы қызметін дұрыс 
көрсеткен болатын. Қ. Жұбановтың сөзімен айтсақ, «Абайдың 
ақындығын, басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби тілімізді 
жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та, онда ақымыз кететін түрі 
жоқ». Абайдың «әдеби тіл жасаудағы еңбегін» автор одан әрі 
былай түйіндейді: «Әдебиет тіліндегі халық үлгісінің басы артық 
қосарларын жоюмен қабат, шығыс үлгісінен келіп жүрген араб-
парсы сөздерін қуып, әдебиет тілін тазартып, қазақ тілінің бар 
байлығын іске асыруға жол ашып, жазба әдебиет тіліміздің 
іргесін қалады». 
«Абай да, -деп жазды академик жазушы М. Әуезов, Пушкин 
сияқты, өз еңбектерінде бізге грамматикалық құрылысы мен 
сөздік қоры жағынан қазақтың бүгінгі сөйлеп жүрген әдеби 
тілінің қалпынан көп айырмасы жоқ тіл үлгісін қалдырды
22

Сөйтіп, қазақтың ұлы ағартушылары Ы.Алтынсарин мен
А. Құнанбаев ХІХ ғасырдың 80-жылдарында-ақ қазақтың ұлттық 
жазба әдеби тілінің негізін қалып, оның болашақ даму бағытын 
айқындап берген болатын. Барша зерттеушілердің пікірінше де, 
Ыбырай мен Абай өз творчестволары арқылы қазақтың жаңа 
сападағы көркем әдебиет тілін жасап, әдеби тілдің көркем 
әдебиет стилін қалыптастырады. Сонымен бірге, кейінгі кездегі 
зерттеулер олардың публицистикалық стильдің де негізін қалады 
деп айтуымызға мүмкіндік беретін тәрізді. Ыбырайдың әртүрлі 
22
Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы // Әдебиет және искусство, 
1954, №4. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


90 
тақырыпқа жазған ғылыми-публицистикалық мақалалары мен 
қазақша шығарған қолжазба газеті, Абайдың ғылыми-
дидактикалық тақырыптағы «Қара сөздері» біздің жоғарыдағы 
пікіріміздің дұрыстығына айқын дәлел бола алса керек. Бұл 
ағартушылардың өз кезінде жазысқан хаттары, Абайдың өз 
қолымен тізген Қарамол съезіндегі «Ережелері» бізге әдеби 
тілдің тағы бір жанры – ресми іс-қағаздары жанрының алғашқы 
үлгілерін көз алдымызға келтіргендей болады. Мұның бәрі 
айналып келгенде, екі ұлы кемеңгердің бірін-бірі толықтыра 
отырып, қазақтың қазіргі ұлттық жазба әдеби тілінің негізін 
қалады деген тезисті тағы да дәлелдейді. 
Ыбырай мен Абай негізін қалаған бұл әдеби тіл үлгісі 
олардан кейін сол қалпында сақталып, өз дәрежесінде одан әрі 
дами берген жоқ. Олай болатын объективті жағдай да жоқ еді. 
Әрине, олардың идеясын, салған үлгісін әрі қарай жалғастыруға 
талаптанушы жекелеген қайраткерлер болды. Бұл орайда, «Дала 
уәлаяты» газетінде қызмет еткен А.Құрманбаев, Д.Сұлтанғазин, 
Р.Дүйсенбаевтарды атауға болады. Бірақ олардың пікірлерінің 
қалың 
көпшіліктен 
қолдау 
тауып, 
жұртшылықты 
жұмылдыратындай қауқары бола алмады. Оған, әрине, ұлттық 
баспа орнымыздың болмауы, көпшілік халықтың жаппай 
сауатсыздығы әсер етті. Оның үстіне, ХІХ ғасырдың аяқ кезінде 
басталған «жәдид ағымы» да өз қырсығын тигізді. Сөйтіп, қазақ 
тілшілерінің дұрыс көрсетіп жүргеніндей, ұлы ағартушылардан 
басталған жаңа жазба әдеби тіл үлгісі тек XX ғасыр басындағы 
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде қолдау тауып, қазіргі 
ұлттық жазба әдеби тіліміздің дамуына кең жол ашты.
Бақылау сұрақтары: 
1. Қиссалардың әдеби тілде алатын орнын түсіндіріңіз. 
2. Аталған кезеңде қандай функционалдық стиль пайда болды? 
3. Жазба әдеби тіл қалыптастырудағы қазақ ағартушыларының 
қызметін атаңыз. 
Реферат тақырыбы: 
1. Алғашқы қазақ баспасөзінің тілі 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


91 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет