85
оның негізгі программасы – үкіметтің қазақ даласына қатысты
бұйрық-жарлықтарын, сот орындарының үкімдерін, сауда
хабарларын, Ресей мен басқа мемлекет
өміріндегі оқиғаларды
шаруашылық хабарларын жазып тұру болды. Сонымен қатар,
бұларда қазақ халқының тарихы, мәдениеті,
әдебиетіне қатысты
материалдар да жарияланды. Материалдар мазмұнына қарай 2
топқа бөлінді. Ресми материалдарға үкімет бұйрықтары, кейбір
саяси-экономикалық шолулар жатса,
ресми емес бөліміне жай
корреспонденциялар, тарихи мақалалар мен көркем әдебиет
үлгілері жатты. Соған лайық бұл газеттерден 3-4 түрлі стильге
жататын материалдарды табуға болады: ғылыми стиль,
қоғамдық-публицистикалық стиль,
көркем әдебиет стилі және
ресми іс қағаздары стилі.
Лексикасы, негізінен, қазақтың төл сөздері, бірақ араб-парсы
элементтері мен орыс сөздері көркем әдебиет стиліне қарағанда
едәуір көп. Дегенмен бұл стильдегі араб және парсы элементтері
уақыт ілгеріленген сайын сан жағынан азая бастағаны байқалады.
Газеттің лексикасы, негізінен, орыс тілінен енген сөздер есебінен
және жалпыхалықтық қазақ сөздері есебінен байып отырған.
Талдап отырған дәуірдегі көркем әдебиет стилінен
публицистикалық стильдің үлкен айырмашылығы грамматикалық
құрылысында болды. Соңғы стильде
ортаазиялық жазба тіл
дәстүрі орын алды. Яғни осы дәуірде қазақтың жалпыхалықтық
сөйлеу тілі мен көркем әдебиетте өзге түркі тіліндік тұлға-
тәсілдер пайдаланылды, олардың бастылары.
1)ІІІ
жақ жіктеудің көпше тұлғасына лар жалғауын тіркеу.
Төменде аталған адамдар қызмет орнына
беклер немесе
дүр
форматын қосу:
Малбасы өседүр, жер өсмейдүр.
2)Өткен шақтық есімшенің
мыш тұлғалы түрін қолдану:
Өтміш жылдар,
айтылмыш адамдар.
3)
Ыс/іс/с
жұрнақты ортақ етіс тұлғасының көптік
мағынаны білдіру үшін қолданылуы.
Бұл екеуі көп зәрушілік
кіріседі.
4)
Бұл, осы есімдіктерін өзге тілдерге тән қою,
үшбу,
Достарыңызбен бөлісу: