Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


жана, және, жәнә; бұлай, былай; тұмақ, тымақ; әне, әні



Pdf көрінісі
бет59/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

жана, және, жәнә; бұлай, былай; тұмақ, тымақ; әне, әні; 
қазір, қазыр, кәзір, әзір; жай, жәй; едәуір, недәуір, әдеуір; әбден, 
әбдән, абдан; кітап, кітәп; іштеме, ештеме, іждеме; мыйсал, 
мысал т.б. Осы сияқты айтылуы әртүрлі болғанымен
мәндерінде айырма жоқ көптеген сөздердің жазылуын бір ізге 
салу керектігі туралы мерзімді баспасөз беттерінде мақалалар, 
пікірлер жарияланып тұрды. 
1929 жылғы емледегі шешілмеген тағы бір мәселе - кіріккен 
және біріккен сөздердің емлесі. Мұндай сөздердің жазылуында 
бірізділік болмады. Оларды біреулер қоспай бөлек жазса, енді 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


150 
біреулер қосып жазды, ал кейбіреулер арасына сызықша қойып 
жазды. Мысалы: жаздың күні, жазды күні, жаздыгүн; аш көз, 
аш-көз, ашкөз; жазғытұр, жазғы тұрым, жазғы тұр, жазғы-
тұрым; жар қанат. жар-қанат, жарғанат т.т. 
Т.Шонанұлы өзінің бір мақаласында балалардың 26 сөзден 124 
қатеге дейін жіберетіндігіне, олардың сөйлемнен сөз, сөзден 
дыбыс қалдырып жазатындығына, сөздердің, сөйлемдердің 
арасын 
ажыратып 
жаза 
алмайтындығына 
тек 
емле, 
грамматикадағы кеткен кемшіліктер ғана емес, ана тілін оқыту 
әдісінің дұрыс еместігінен деген қорытындыға келеді. 
1929 жылғы қабылданған алфавит, емле, термин алуда кеткен 
кемшіліктерді түзеп, өзгерістер енгізу туралы мәселе көп ұзамай-
ақ көтеріліп, күн тәртібіне қойылды. 
Мерзімді баспасөз беттерінде 30-жылдардың басында-ақ емле, 
алфавит жобаларын ұсынған, көпшіліктің талқысына пікір алысу 
ретінде жазылған мақалалар жариялана бастады. Мәселен, 
Ә.Садуақасов, С.Аманжолов, Қ.Жұбанов, Х.Басымов, Бекенов 
т.б. өз емле, алфавит жобаларын ұсынды. 
Бұл жобалардың алған негіздері бойынша қазақ тіліндегі 
сөздер интернационалдық сөздер мен терминдердің жазылуына 
ұқсастырылды, әріп таңбасын 29-дан 25-ке дейін /дәйекшіні алу 
арқылы/ қысқартуды ұсынды. 
Сонымен, 1929 жылы Орталық жаңа әліпе комитеті 
қабылдаған алфавит пен емле қазақ әдеби тілінің өркендеу 
аумағына қарымы жетпеді. "х", "ф", "һ", "в" т.б. әріптердің 
интернационалдық сөздерді дұрыс беру үшін алфавитке енгізілуі 
қажет деген мақалалар жариялана бастады. Бұл әріптер 1938 
жылы шыққан "Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту 
туралы" қаулыда қабылданды. 
Осы қаулы бойынша бұрын "собет, багон, теқнике, зауыт, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет