155
"Тіл-құралдың" артықшылығы: жалпы қағидаларға сүйеніп,
белгілі тәртіппен түзіліп, шылғи қазақ тілімен жазылған.
Орысша, арабша наху сарфты жақсы білетіндер тез түсінеді
дейтініміз, мұнда наху сарфта...һәр нәрсе қазақша аталып, қазақ
тілінің табиғаты сақталып, тура мағынасы өзгертілмей, өз атымен
аталған. Сөз таба алмай қиналып, мағынасы дөп келмейтін һеш
нәрсе алынбаған. Мұнда қолданған сөздер алғашқы кезде біраз
жат көрінуін көрінер; һәрбір жаңа нәрсе басында солай болуы
белгілі. Бірақ түсіне, жаттыға, құлақ үйір
бола келе жаттығы
болмаса керек.
Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша шыққан
кітаптармен оқытамыз һәм әдебиетіміз шын қазақша болсын
дегенде, бұлардың бәрінің негізі "Тіл-құрал" /наху-сарф/ екенін
ұмытпасқа керек. Бұл біздің оқу құралдарымыздың ең қиын, ең
керекті мүшесі еді, міне бұ да көңілдегідей болып шықты".
Тағы бір айта кететін жайт – Бүкілодақтық түркологтардың І
сиезінің КСРО-да тұратын түркі халықтарының ғылыми
терминологиясының
жасалуына
тигізген
ықпалы
үлкен
болғандығы. Сиезде енді араб-парсы
сөздерін алуды тоқтату,
олардан баз кешу, бұрыннан алынған жалпы халыққа түсініксіз
араб-парсы сөздерін болса ана тілінен, болмаса орыс тілінен
баламасын тауып алмастырып алу, термин жасау процесінде
түркі халықтары өз ана тілінің ішкі мүмкіншіліктерін барынша
пайдалану, керек жерінде
бір-бірінен терминдерді алу, төменгі
басқыш мектептерде терминдерді аударып алу, ал жоғары
басқыш мектептерде советизм мен интернационализмдерді
аудармай алу керектігін ескертті.
Ғылымның әр түрлі саласына жататын терминдерді ұлт
тілінде жасаудың, ұлт тілінің ғылым тіліне айналуының маңызын
А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары дұрыс түсінді.
Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Е.Омаров,
С.Қожанұлы, Ж.Күдерин сияқты зиялыларымыздың оқулықтары
мен оқу құралдары соған дәлел бола алады.
Тілімізде термин жасаудағы ұстанған
негізгі принциптері
жөнінде А.Байтұрсыновтың 1926 ж. Бакуде өткен Бүкілодақтық І
Түркологиялық сиезде жасаған баяндамасында анық айтылған:
"Пән сөздері жағынан басынан-ақ қазақ басқалардан бөлек жол
тұтынды; басқа түріктер әдебиет тілі араб, парсы сөздерімен
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
156
шұбарланса көркем болады дегендіктен, екінші, өз тілдерінен пән
сөзіне лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын пән сөздерді ала
бергендіктен, түпкі ана тілі мен әдебиет тілі бөлектеніп, өз
сөздерін жат сөздер жұтып жіберу дәрежеге жеткен.
Қазақ
жат сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз тілінен жасауға
тырысты. Әдебиет тілі ауылдағы қазақтың хат білетін, білмейтін
қайсысына да болса түсінікті болуын көздеді. Тіл арасына жік
түсіп айырылмас үшін, шетел сөздерін амалсыз болған жерде
ғана алатын тәртіп қолданды.
Ол тәртіп қазақ білімпаздарының тұңғыш тойында
(Орынборда 1924 жылы өткен сиезді айтып отыр -Ш.М.)
қабылданғаны айтылады. Сол жол басқа түріктер қолдануына да
теріс болмас делінді. Құрылтай /сиезд/ қарары да осы негізде
болды: түрік жұрттары тілдерінің жақындығына қарай топталып
бөлінсін, пән сөз топ ішіндегі жұрттардың бәріне ортақ түрде
алынсын".
Сонымен, А.Байтұрсынов - қазақ тіл білімі,
әдебиеттану
сияқты жеке ғылым салаларының ғылыми терминологиясының
негізін қалаумен бірге, көптеген әдістеме, тарих және
этнографияға, жалпы мәдениетке қатысты терминдер жасаған
ғалым.
Достарыңызбен бөлісу: