Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


ІХ. 1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘДЕБИ ТІЛ ДАМУЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет76/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

ІХ. 1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘДЕБИ ТІЛ ДАМУЫНДАҒЫ 
ЖАҢА ҮРДІС 
 
§1. Қазақ тілі – мемлекеттік тілі 
Әдеби тілдің дамуы қоғамдық құрылыстың, оның 
экономикалық жүйесі мен негізгі саяси ұстанымдарының 
өзгеруімен, қоғамның ана тіліне деген көзқарастарымен тығыз 
байланысты десек, ғасырдың соңғы он жылындағы қазақ 
қоғамының тарихында дүбірлі оқиғаларға толы жылдар болды.
Жетпіс жыл бойы таптық идеология мен ұжымдық 
шаруашылыққа негізделген кеңестік империяның өз ішінен 
шығып, өз-өзінен ыдырауы, соның нәтижесінде бірнеше тәуелсіз 
мемлекеттердің пайда болуы ХХ ғасырдың аса ірі өзгерісі еді. 
Сол мемлекеттердің бірі ретінде Қазақстанның өз тәуелсіздігін 
жариялауы оның бүкіл болмысын – саяси құрылысын
экономикасын, мәдени өмірі мен салт-анасын түбірлі өзгерістерге 
ұшыратты.
Қоғамның жаңа бағытта дамуы, Қазақстан Республикасының
тәуелсіз мемлекетке айналуы, ел өміріндегі, оның барлық 
саласындағы түбегейлі өзгерістер, ана тіліміздің мемлекеттік тіл 
мәртебесін алуы, мемлекеттік тілдің үкімет тарапынан 
қамқорлыққа алынуы – бүгінгі өміріміздегі жаңа үрдістердің бірі 
еді.
Жаңарған қоғамның жаңалықтары қазақ тіліне тың
міндеттер жүктеп отыр. Мемлекеттік тіліміз қоғамның барлық 
саласында дерлік қолданыла бастады.
Еліміздің егемендік алуынан сәл бұрын қайта құру
жариялық кезеңінде-ақ пікір ескеріліп, 1989 жылы Тіл туралы заң 
қабылданғаны белгілі. Ол заң өз кезінде ана тіліміздің қолданыс 
аясын кеңейтуде елеулі қызмет атқарды. Халықтың рухын 
көтеріп, санасын оятты. Жер-жерде қазақ тілі қоғамдары 
құрылып, олар қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту 
мақсатында едәуір жұмыстар істеді. Қазақ балабақшалары, қазақ 
мектептері көбейді, барлық жоғары оқу орындарында қазақ 
бөлімдері ашылды, орыс тілді топтарда қазақ тілі пән ретінде 
жүргізіле бастады. Іс қағаздарын орыс тілімен қатар мемлекеттік 
тілде жүргізу қолға алынды. Алайда бұл тегеурінді басталған 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


194 
жұмыс, әдеттегідей, екі-үш жыл өтпей-ақ өз қарқынын 
бәсеңдетіп алды. Тіл саясатын берік ұстанып, заң ережелерінің 
орындалуын қадағалап отыратын өкілетті орган бір құрылып, бір 
тарап, мәселе қожырай бастады. Заңды жүзеге асыратын 
механизм іске қосылмады, мемлекеттік органдарда қазақша іс 
жүргізудің бағдарламасын үкіметтің өзі қайта өзгертіп, оны 
енгізудің мерзімін жергілікті жердің өз құзырына қалдырды.
Міне осы тұста 1995 жылы әуелі тіл саясатының 
тұжырымдамасы, одан кейін 1997 жылы Тіл туралы екінші заң 
қабылданды. 
Үкімет 1998 жылы заңды жүзеге асыруға бағытталған 
мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Өйткені мемлекеттік тілдің 
қоғам өмірінің барлық саласында қолданылуын тек үкімет қана 
қамтамасыз ете алатын еді. Үкімет тарапынан барлық деңгейдегі 
мемлекеттік органдар мен оның басшыларына қазақ тілінің 
мемлекеттік мәртебесін іске асырудағы негізгі жауапкершілік 
жүктелді. Жаңа заңда қазақ тілі мемлекеттің бүкіл аумағында 
қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын
мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс 
қағаздарын жазу тілі деп жарияланды.
Тілді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 
заң талаптарын жүзеге асыруға бағытталған нақтылы міндеттер 
қарастырылған, онда мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту, 
тіл білімінің өзектілігі мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, 
тілді оқу орындарында оқыту мен үйрету әдістемелерін 
жетілдіру, оқулықтармен, техникалық құралдармен қамтамасыз 
ету, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің 
қолданысын жандандыру, іс жүргізуді кезең-кезеңімен 
мемлекеттік тілге көшіру, тарихи, географиялық, топонимикалық 
атауларды қалпына келтіру және көрнекті ақпаратты ретке 
келтіру сияқты көптеген іс-шаралар бар.
Бұл көзделген іс-шаралардың бәрі бірдей өз шешімін таба 
алған жоқ, Әрине, қол жеткізген біраз нәтижелер бар.
Ең алдымен соңғы жылдары қазақ мектептері мен қазақша 
лицей, колледждердің санының өсуін атап айтқан жөн. Мәселен, 
2000-2001 оқу жылдарында елімізде жалпы білім беретін 8290 
орта мектеп болса, оның 3471-і қазақ, 2514-і орыс, қалғандары 
өзбек, ұйғыр тілдерінде білім береді екен. Бұған шағын елді 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


195 
мекендердегі 3900 бастауыш мектепті қосуға болады, өйткені 
олардың бәрі дерлік – қазақ мектептері. Мемлекеттік және 
мемлекеттік емес оқу орындарында қазақ тілі міндетті оқу пәні 
ретінде оқытылуда. 
Бағдарлама бойынша мемлекеттік органдардағы іс 
қағаздарын жүргізу бірте-бірте мемлекеттік тілге көшірілуі керек. 
Алайда бағдарламаның бұл бабының орындалуы күні бүгін көңіл 
көншітпейді. 1999 жылдың маусымындағы мәлімет бойынша 
республиканың 10 облысында, 4 қаласы мен 78 ауданында кеңсе 
ісі мемлекеттік тілде жүргізіле бастаған. Әзірге мәдениет, өнер, 
білім беру және баспасөз салаларында мемлекеттік тілдің үлес 
салмағы қанағаттанарлық дәрежеде болса, мемлекетті басқару 
жүйесіндегі, басқа министрліктегі жағдай көңілден шықпайды.
Тіл туралы алғашқы заңның шыққанына жиырма бес 
жылдай уақыт өтсе де, мемлекеттік тілді үйрену әлі ойдағыдай 
емес. Қазақ тілін жеделдетіп үйрету курстарында ғана емес, 
мектептер мен жоғары оқу орындарындағы басқа мамандық 
иелерінің қазақ тілін меңгерулері сын көтермейді. Сондықтан 
оқыту сапасына сын айтушылар көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет