183
жылдардағы баспасөз беттерінде жаңа мағыналық реңк қосып,
басқа сөздермен тіркесу арқылы жаңа қызмет атқаратын болды.
“Социалисттік Қазақстан” газетінің 1969 жылғы бір санында
еңбек сөзі мынадай тіркестерде қолданылған:
еңбек өнімділігі,
еңбек вахтасы, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке деген ынта-
жігер, еңбек ері, еңбек адамдары, еңбек ету, еңбектің рахаты,
адал еңбек, қажырлы еңбек, еңбек азаматтары, еңбек үлгісі,
еңбек дүбірі, еңбек сүйгіштік, еңбек ардагері, т.т
. Дәл осы
сияқты егіс, егін, жарыс, ену, шығу сияқты сөздерден жасалған
тіркестердің неше түрін газет беттерінен жиі кездестіруге болады.
Сөз жасаудың лексика-семантикалық
жолы соңғы кезеңдегі
мерзімді баспасөз беттерінде өрістей түсті. Мұнда бір жағынан
орыс тілінің әсер-ықпалы да байқалады. Мәселен, бұл жылдары
спорт ойындарына байланысты көптеген жаңа сөздер туып не
көне сөздер жаңғырып, жаңа мағынаға ие болды. Бұлардың
қатарына
сөре (старт), мәре (финиш), қарымта (ответный),
қарсылас (противник), кезең (первая половина) т.б.
сөздерді
жатқызуға болады.
Орыс тілінен тікелей сөз ауысу (заимствование) 20-40-
жылдарға қарағанда, біраз саябырланғанмен, техника, экономика
салаларының терминдері баспасөз бетінен жиі көрініп жүрді.
Орыс тілінен кірген сөздерге қазақ тілінің
лық (варианттарымен),
лы, шы/ші, да-у, лан-дыр жұрнақтары жалғану арқылы жаңа
ұғым, жаңа термин тудыру кең етек алды.
Бұл қосымалар
жалғану арқылы жасалған жаңа сөздер әдеби тіліміздің
лексикасын байытып қана қойған жоқ, аталған жұрнақтардың сөз
жасаудағы потенциялдық мүмкіндігін де дамытты. Мысалы,
нұсқаушы, көмекші, насихатшы, облыстық, белсенділік,
апталық,
прогрестік,
ұйымдастыру,
көгалдандыру,
автоматтандыру, т.б.
Соңғы кезеңде, әсіресе
–шы, ші жұрнағы
арқылы термин жасау кең өріс алды. Мәселен, тек спорт
саласында осы жұрнақ арқылы жасалған жүздеген термин
кездеседі.
Шабуылшы, қорғаушы, қақпашы, төреші, конькиші,
спортшы, бессайысшы, динамошы, т.б. Баспасөз
беттерінде
термин жасауда аналитикалық тәсіл де белгілі орын алды:
ғылыми-зерттеу,
газет-журнал,
халықаралық,
өнеркәсіп,
балабақша, еңбек кітапшасы, еңбекақы,т. б.
Орыс графикасына негізделген алфавитке көшумен
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
184
байланысты емледе жаңа принцип – морфологиялық принцип
үстемдікке ие болды. Аталған принцип бойынша сөздердің
ауызекі айтылуындағы көршілес дыбыстардың әсері нәтижесінде
пайда болатын дыбыстық құрамы сақталынып жазылатын болды.
Бұл принцип, әсіресе, орыс тілінен, орыс тілі арқылы өзге
тілдерден еніп жатқан мыңдаған
терминдердің жазылуын бір
ізге түсіруде зор мүмкіндік туғызды. Бұл принцип, сол сияқты,
екі не одан да көп түбір сөдердің бірігуінен тұратын біріккен
сөздердің жазылуында да сақталады. Ал түбірге жалғанатын
қосымшалардың жазылуында, негізінен, фонетикалық принцип
үстемдік алды. Бұлар –
Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумының 1957 жылғы 5 маусымда бекітілген қазақ
орфографиясының негізгі ережелерінде, соның негізінде жасалып
1963 жылы жарық көрген “Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігінде” толық көрініс тапты. Сөйтіп латын графикасын
пайдалану кезіндегі еліміздегі кемшіліктер бірсыпыра түзетіліп,
сауатты жазу дәрежеміз біраз өсті. Алайда орыс тілінен енген
сөздер қазақ тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан үндестік
заңының бұзылуына, алфавиттегі әріп санының шектен тыс
көбейуіне әкеліп соқтырды. Сондықтан емле ережелеріне
реформа жасау – күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.
1930 жылдары академиялық
орталық жанында болған
терминологиялық комиссияның 1945 жылдан бастап Қазақстан
Республикасы үкіметі жанынан құрылуы, оның халық
шаруашылығы, ғылым, техника және мәдениет салаларымен
байланысты терминдерді бекітетін және оның республика
көлемінде қолданылуын бақылайтын мемлекеттік органға
айналуы бұл саладағы істердің бір ізге түсуіне септігін тигізді.
Соғыстан кейінгі жылдары тоқтап қалған терминком жұмысы
1950 жылдардың екінші жартысында қайта жанданды.
Бұл кезеңде қазақ тілінің
сөз тудырушы байырғы
жұрнақтарының
(-ма/ме, -лық/лік, -ыс/іс, -ым/ім, -шы/ші т.т.)
қызмет аясы кеңіп, жаңа сөз тудыруда өнімді тәсілге айналды.
Мысалы,
шығарма, бастама, сілтеме, балама, әкімшілік,
Достарыңызбен бөлісу: