Оқулық КӘсіптік білім нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата01.11.2022
өлшемі231,93 Kb.
#46648
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


ІТ мамандықтарына 
арналған С++ 
Оқулық
КӘСІПТІК БІЛІМ
Нұр-Сұлтан 
2019


ISBN 978-601-338-374-3
УДК 004.4(35)
ББК 32.973.202я73
Х 20
Авторы:
Дирк Харди, 46049 Обергаузен
Пікір жазғандар:
Шаңғытбаева Г. А. – PhD докторы, Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекет-
тік университеті
Тулегенова Ж. Н. – арнайы пәндер оқытушысы, Ақтөбе жоғары политехни-
калық колледжі
Марат Г.М. – өндірістік оқыту шебері, Ақтөбе жоғары политехникалық кол-
леджі
ІТ мамандықтарына арналған C++: Оқулық / Дирк Харди, неміс тілінен аудар-
ма. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. – 280 бет.
ISBN 978-601-338-374-3
Оқу құралында әр түрлі бағдарламалау тілдері, деректер қорын басқару жүйе-
лері және қолданушы-сервер бағдарламалау, веб-бағдарламалау немесе қосым-
шаларды бағдарламалау сынды қажетті білімдер берілген. Оқулық мазмұнында 
С++-тегі функциялар, деректер массивтері, сілтемелер, құрылымдар, С++ тілін-
дегі объектілі-бағытталған бағдарламалау, файлдық операциялар, операторлар-
ды қайта жүктеу, таңдау және итерация, С++ тілінде Windows Desktop бағдарлама-
лау, т.б. тақырыптарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жүйелі сипатталған. 
Оқулық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 1305000 «Ақпараттық 
жүйелер», 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» ма-
мандықтары бойынша білім алушы студенттерге арналған. 
УДК 004.4(075)
ББК 32.973.202я73
© 2018 Verlag Europa-Lehrmittel, Nourney
© «Фолиант» баспасы, аударма, 2019
Х 20


Алғысөз
Қазіргі уақытта қосымшаларды әзірлеу тек бағдарламалау шеңберінде ғана қарастырыл-
майды. «Қосымшаларды әзірлеу» бағытындағы кәсіби мамандар мен қосымшалар әзірлей-
тін информатик мамандарға қойылатын талап анағұрлым күрделенген. Бүгінде арнайы 
бағдарламалау тілімен жұмыс істеу жеткіліксіз. Әртүрлі бағдарламалау тілдері, деректер 
қорын басқару жүйелері және қолданушы-сервер бағдарламалау, веб-бағдарламалау не-
месе қосымшаларды бағдарламалау сияқты басқа да салалар жөніндегі глобальды білімнің 
маңызы едәуір асты. Көрсетілген бірнеше аспектілерге ортақ нәрсе – объектке бағдарлау. 
Қазіргі заманғы бағдарламалау тілдері объектілі-бағытталған болып табылады, болашақта 
деректер қорын басқару жүйелері объектілі-бағытталған бола түспек. Объектілі-реляция-
лық деректер қоры сияқты аралас формалар бұрыннан қолданылады. C++ бағдарламалау 
тілін үйрену бұл талапты орындау үшін жақсы негіз болады. Бұл – кроссплатформалы және 
объектілі-бағытталған тіл. Басқа тілдерге қарағанда оны үйрену қиын болғанымен, ол бірқа-
тар артықшылықтарға ие:
• жылдамдыққа
• кең тарату мүмкіншілігіне
• көптеген құралдар мен дерекханаларға 
• компилятор және аспапты саймандар әртүрлі платформаларда болуы
• Java, Javascript, Perl, PHP және C# сияқты басқа да көптеген тілдер базасының
болуы.
C++ тілінің 2017 жылы өткен соңғы ISO-стандарттау нәтижесінде, бұл бағдарлама 
басқа да заманауи бағдарламалау тілдері негізінде (C# сияқты) жүзеге асқан көптеген жаңа 
тұжырымдамаларға ие. Осындай жаңалықтар берілген кітаптың үшінші басылымының ар-
найы тарауында қарастырылады және алдағы уақытта С++11, С++14 және С++17 стандарт-
тарымен жабдықталған STL-де (стандартты үлгілер дерекханасы) толығырақ тоқталады.
Осы кітаптың оқырмандарына C++ бағдарламалау тілін үйренуде табыс тілейміз және 
кіріспе бөлімін C++ тілін ойлап тапқан маман Бьерн Страуструптың дәйексөзімен аяқтағы- 
мыз келеді: «Жақсы С++ бағдарламасын қалай жазуға болады?» сұрағының «Жақсы 
ағылшын прозасын қалай жазу керек?» сұрағымен көп ортақтығы бар. Екі жа уап бар: Не 
айтқың келетінін біл және жаттық. Еліктеу үшін жақсы мысалдарға бағыт ал. С++ және 
ағылшын прозасы жөнінде сұраққа екі жауап та бірдей дәрежеде қатысты және оларды тең 
дәрежеде жүзеге асыру қиын».
Осы кітапқа жазған ұсыныстар мен ескертулер үшін алғыс білдіреміз (соның ішінде 
электрондық пошта арқылы).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет