5. Кері байланыс: тапсырманы орындап, жауабын Whats App, электронды почта арқылы жіберіңіз. Бұл тақырып бойынша сізге берілген мақсаттың қайсысы қиындық туғызды.
Химия пәнінен қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы 10 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары. I тоқсан Қолданылатын оқулық .М.Қ.Оспанова; Қ.С.Аухадиева; Т.Г.Белоусова, Алматы:.Мектеп, 2019.
10 сынып. 1-бөлім
Сабақтың нөмірі: 11 Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыс түрінің біртұтас электронды табиғаты Ковалентті химиялық байланыс. Ковалентті химиялық байланыс қасиеттері.
Ковалентті байланыстың донорлы- акцепторлы механизммен түзілуі. Көрсетілім №2 «Графит, алмаз, көміртегі (IV) оксидінің кристалдық тор моделі»
1.Оқу мақсаты:10.1.4.3 H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру;
2. Конспект Химиялық байланыс – атомдардың бір-бірімен жай және күрделі заттар түзіп
қосылатынын айтамыз. Онда әр түрлі химиялық байланыс түзіледі: ионды,
ковалентті (полюсті және полюссіз), металдық және сутектік. Атомдар
арасында ионды немесе ковалентті байланыстың қайсысы түзілетінін анықтайтын
элемент атомдарының ең негізгі қасиеттерінің бірі – терісэлектрлік,
яғни атомдардың қосылыстарда өзіне электрондарды тарту бейімділігі.
Ковалентті химиялық байланыста — әрекеттесуші атомдарға ортақ электрондар жұбы пайда болып, олардың санына қарай бір немесе бірнеше еселенген байланыстар түзіледі. Мысалы, сутек молекуласы атомдары арасында бір (Н:Н), оттек молекуласында қос (:О::О:), азот молекуласында үш (:N:::N:) еселенген ковалентті Химиялық байланыс бар. Ковалентті Химиялық байланыстар электрон жұбының атомдардың арасында орналасуына қарай полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді. Полюсті молекулада Химиялық байланыс түзетін ортақ электрондар электр терістілігі күшті атомға ығыса орналасады. Молекуланың полюстілігі диполь моменті арқылы көрсетіледі. Полюстік молекулалардың қайнау және балқу температурасы төмен, полюсті еріткіштерде үйектеліп иондарға ыдырайды. Полюссіз ковалентті Химиялық байланысты молекулада электрон жұбы атомға ауыспай, симметриялы түрде ортада орналасқан. Полюссіз Химиялық байланыстағы қосылыстардың қайнау және балқу температуралары төмен, полюсті еріткіштерде иондар түзбейді, электр тоғын өткізбейді.
Кез келген химиялық байланыс түзілгенде жүйенің энергиясы төмендейді. Химиялық байланыс түзілгенде атомдардың алғашқы және соңғы күйлерінің энергияларының айырымы байланыс энергиясы деп аталады, оның мәні 125-1050кДж/моль арасында болады. Екі атом ядроларының арасы байланыс ұзындығы деп аталады және d деп белгіленеді. Ортақ электрондар жұбын сызықпен де белгілейді. Байланыстың еселігі артқан сайын байланыс ұзындығы азайып, байланыс энергиясы артады: С–С, С=С, СºС сәйкесінше (нм және кДж) 0,154 және 348; 0,135 және 598; 0,120 және 838. Ковалентті байланыстың қасиеттері: қанығу, бағытталу жәнеполяризациялану. Ковалентті байланыстың қанығуын элемент атомындағы жұптаспаған