Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет102/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Невроздық синдромдар
Невроздык  синдромның  ерекшелігі  бұзылыстар  деңгейінің  терең  еместігі 
болып табылады, бұған тек астениялык, аффективті симптомдар және невроздык 
(обсессивті, фобиялык, истериялык, сандыраксыз ипохондриялык) бұзылыстар 
жатады.  Бұл  паталогияның  айырмашылығы  психикалык  бұзылыстардың 
парциальдылығы,  оларға  деген  сыни  көзкарастың  болуы,  дертті  түсіне  білу, 
корш аған  ортаны  адекватты  кабылдау  ж ән е  психикалы к  ф ункцияны ң 
әлсіздігімен бірге жүретін мол соматовегативті симптоматика.  Невроздык син­
дромдар  кұрылымында  заттык сана  бұзылыстары,  сандырак идеялар,  галлю­
цинациялар,  деменция,  маниакальды жағдай,  ступор,  козу  болмайды.  Нағыз 
невроздык  бұзылыстар  кезінде  тұлға  касиеті  сакталады.  Сонымен  катар, 
коршаған орта зиянды  әсері тұлға,  оның реакциялары,  оның әлеуметтік бол- 
мысы аркылы іске асады. Көрсетілген барлык ерекшеліктер осы бұзылыстарды 
норма  мен  патология,  соматикалык ж әне  психикалык  аурулар  арасындағы 
шекарада орналаскан шекаралык психикалык патология деп квалификациялауға 
мүмкіндік береді.
Әрбір  невроздык  синдромдардан  сәйкес  невроздың  клиникалык  көрінісі 
камтылады.  Алайда  әрбір  невроздык синдром  психоз  шеңберінде  аныкталуы 
мүмкін — психопатологиялык симптоматиканың әлсіз күрделенуі жағдайында. 
Бұл жағдайларда олар невроз тәрізді деп аталады.
Неврастениялыц (астениялык) синдром тітіркенген әлсіздікпен сипатталады. 
Ішкі тежелудің туа және жүре пайда болған жетіспеушілігінде козу ешнәрсемен 
шектелмейді,  ол тітіркенгіштік,  шыдамсыздык,  зейін әлсіздігі,  ұйкы  бұзылуы 
аркылы көрінеді. Астенияның гипер және гипостениялык түрлері ажыратылады. 
Гиперстениялык  астенияда  коздыру үрдісінің  калыптылығы,  тежеу үрдісінің 
әлсіздігі  эксплозивті  реакцияларға  бейімділікке  ыкпал  етеді.  Гипостениялык 
астенияда тек тежеу үрдісінің ғана емес,  козу үрдісінің де әлсіздігі көрінеді: ой 
жұмысы  ж әне  ф изикалы к  жүктеме  кезінде  аса  шаршағыштык,  еңбекке 
кабілетінің төмендеуі, өнімсіздік, есте сактаудың нашарлауы.
Бұл жағдайларға бас ауруы, вегетативті бұзылыстар, сырткы тітіркендіргіштерге 
жоғары сезімталдык косылады.
Обсессивті-фобиялыц  синдром  әркилы  жабыскактыктар  ж әне  фобиялар 
түріндегі  психопатологиялык  өнімдермен  көрінеді.  Бұл  кезеңде  үрейлену, 
күдікшілдік,  сенімсіздік күшейеді,  астенизация  белгілері көрінеді.
Ипохондриялыц синдром мазмұны бойынша мынадай болады:
1) астениялык;
2) депрессивті;
3) фобиялык;
4) сенестопатиялык;
5)  сандырактык.


176
IX Тарау.  Негізгі  психопатологиялық синдромдар
Невроздык жағдайда жай,  сандыраксыз ипохондрия жөнінде айтылады, 
ол өз денсаулығына аса көңіл аударумен, оның дұрыстығына күмәнданумен 
ерекшеленеді.  Наукас өз денесіндегі жағымсыз сезімдерге байланып,  шыға 
алмайды.  Олардың тегі  невроздык жағдайдың  өзі ж әне  оның  нәтижесінде 
дамыған  соматовегетативті  өзгерістер,  депрессия  ж әне  баска  да  себептер 
болуы  мүмкін.  Н аукас  әр  түрлі  м ам андарға  ж иі  кө рін іп ,  тексеріледі. 
Зерттеудің жаксы нәтижесі наукасты біраз уакытка тыныштандырады,  бірак 
арты н ан  кайта  күш ейеді,  ауыр  дерт  ж өніндегі  ойлар  кай та  оралады. 
Ипохондриялык симптоматиканың пайда болуы ятрогениямен байланысты 
болуы  мүмкін.
Истериялыц синдром — кез келген ауру симптомдарының жинағы, бұл сим­
птомдар жоғары сенгіштіктің және өз-өзін сендірудің нәтижесі болып табыла- 
ады.  Сол сиякты эгоцентризм, демонстративтілік, психикалык жетілмеушілік, 
киял ойынының басымдылығы және эмоциональды лабильділік тәрізді тұлғалык 
ерекшеліктерге  тән.  Бұл  жағдай  истериялык  невроз,  тұлғаның  истериялык 
дамуы мен истериялык психопатияға тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет