174 IX Тарау. Негізгі психопатологиялық синдромдар
Ұстамалар Үстамалар — кенет дамитын, кыска уакыттык, кайталануға бейім, сана
бұзылысымен, тырысулармен немесе баска да еріксіз козғалыстармен және
вазовегативті реакциямен көрінетін ұстамалар.
Үлкен эпилепсиялыц устама (grand mat) — бір сәтте сананың толык жоғалуымен
ж әне кенеттен кұлаумен жүретін генерализацияланған тырысулык ұстама.
Үстаманың алдында бірнеше сағат немесе бір-екі күн бұрын жалпы әлсіздік,
бастағы ауырлык сезімі, көңіл-күй өзгерісі, еңбекке кабілеттілік төмендеуі
тәрізді хабаршы белгілері байкалады. Кейде ұстама аурадан басталады, ол грек
тілінен аударғанда «леп есу» деген сөз. Аура сенсорлы болуы мүмкін, ол ауаның
жеңіл козғалысы, желдің есуі, галлюцинаторлы бейнелерді кабылдау, психо-
сенсорлы, дереализациялык және деперсонализациялык бұзылыстармен бай-
ланы сты жүреді, ж әне моторлы болуы мүмкін, бұл кезде стереотипті
автоматтандырылған козғалыстар көрінеді, вегативтік аура вазомоторлык және
секреторлы бұзылыстармен көрінеді, психикалык, аура аффективті, сандырактык
және баска көріністермен бірге күрделі күйзелістермен өтеді. Аураны сананың
ерекше жағдайларына жаткызады, бұл кезде наукас болып жаткан окиғаларды
ішінара түсінеді, өзінің іс-әрекетін бакылай алады, мысалы, кұлап бара жатып,
денесін жаракаттамас үшін жата калу. Аура бірнеше секундка созылады, бірак
ұмытылмайды, тіпті, есінде толығымен анык сакталуы мүмкін.
Т ы ры сулы к ұстама басталған уакытта барлы к көлденең ж олакты
бұлшыкеттердің тоникалык кернелуіне байланысты наукас «шалынған» тәрізді
кұлайды — бұл ұстаманың тоникалык фазасы. Дене керіледі, кол-аяғы жазы-
лады, өйткені, жазғыш бұлшыкеттердщ күші басым болады. Тыныс алу
бұлшыкеттерінің жиырылу нәтижесінде кеуде куысынан, спазмдалған дыбыс
тесігінен ауа күшпен шығады да, ұстаманың басында осындай наукастарға тән
айкай естіледі. Ауыз бірнеше секунд бойына ашык болады, сонан соң тістері
сакылдап, тілі мен ұрты шайналады. Көз бұлшык еттерінің жиырылуы
нәтижесінде көздері аларып, айналады. Тоникалык фаза 15—30 с созылады,
артынан клоникалык фазаға ауысады, ол 20—40 с созылады. Бұлшыкеттердің
тырысулык жиырылуы босаңсу жағдайымен алмасып тұрады, наукас «ұрылып»
«соғылады». Тіл бұлшыкеттерінің тырысулык жиырылуы нәтижесінде сілекей
көбіктенеді де ауыз аркылы сыртка шығады, кейде канға боялып, алкызыл түсті
болып шығады. Клоникалык фаза кезінде еріксіз несеп, нәжіс немесе ұрык
шығару болады. Құрысудың барлык кезеңі бойына наукас дем алмайды, тері
жабындысы, әсіресе, бет терісі бозарудан кою көк және кара-көк түске дейін
ауысады. Құрысу аякталғаннан кейін бірнеше минутка дейін комотозды жағдай
бакыланады, артынан жиі ұйкы жағдайына ауысатын есеңгіреу жағдайы
бакыланады. Құрысудың барлык кезеңі есте калмайды, кейде ретроградты
амнезия болады.
Кіші эпилепсиялыц устама (petit mat) — кенеттен кыска уакытка сана сөнуімен
тырысусыз ұстама, бұл уакытта наукас кұламайды, бастапкы калпында калады.
Үстама бірнеше секундка созылып, толығымен амнезияланады.
Үлкен және кіші эпилепсиялык ұстамалар генуиндік және симптоматикалык
эпилепсияның клиникалык көрінісін кұрайды.
Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
175 Джексон устамасы — біржактык тырысулык ұстама, анык сана жағдайында
бір кол немесе аякта пайда болып, дененің бір жартысына генерализацияла-
нады. Үстаманың жоғарғы шегінде сана күңгірттенуі мүмкін. Мұндай ұстама —
миының органикалык закымдануының белгісі.