Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
179
немесе неврозбен ауратын наукас канының биохимиялык талдауы, жұлын
сұйыктығын зерттеу нәтижелері, электроэнцефалограммасы бірдей көрсеткіш
беруі мүмкін. Осыған орай, болаш ак дәрігерлердің клиникалы к ойлауын
жетілдіру бойынша жұмыстардың маңыздылығы, осы жұмыстың жоғарғы
деңгейін камтамасыз ету кажеттілігі көрініп тұр.
Клиникалык әдістің артыкшылығы, инструментальды әдістердің бағынышты
жағдайы психиатрияда диагностиканы субъективизмге айыптауға түрткі бола
ды. Психиатрияда объективті диогностиканы теріске шығару — психикалык
ауруды және психиатрияны ілім ретінде жокка шығару болып табылады. Бұл
антипсихиатриялык жағдай барлык заңдылыктарды бұрмалайды, диагнос-
тикадағы субьективті және обьективті аракатынасты дұрыс көрсетпейді. Кез
келген адамға тән таным, егер ол әлемді дұрыс бейнелейтін болса, обьективті
болып табылады. Объективті патологиялык үрдісті тану ретінде диагностика
формасы бойынша субьективті (өйткені, дәрігер санасына тәуелді), ал мазмұны
бойынша объективті болып табылады. Диагностикадағы субъективизм жөнінде
жеткіліксіз білім, біржакты ойлау, эмоционалды немкұрайлык сиякты дәрігердің
дұрыс диагноз коюына мүмкіндік бермеген жағдайларды айтамыз. Шынайылыкты
бұрмалайтын кате диагностика әркашан субъективті. Объективті киындыктар
(наукасты тексеруге кажет жағдайдың болмауы, дерт көрінісінің күрделілігі
және типті еместігі, осы ілім саласындағы дамудың жеткіліксіздігі және т.с.с.)
тек кателікке мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті іске асыру үшін дәрігер
тұлғасына байланысты субъективті факторлар кажет.
Зерттеу әдістерін субъективті және объективті деп бөлу дұрыс емес. Қүралдардьщ,
биохимиялык талдаулардыщ көрсеткіштерін біз сезім мүшелерімізбен кабылдаймыз.
Пальпация жасаушы колдар стетоскоп тәрізді зерттеу кұралы болып табылады,
б.а. зерттеу каншалыкты «обьективті» болғанымен субьективті фактор катысуынсыз
болмайды. Сонымен катар, аспаптык әдістерді колдану нәтижелері, егер зерттеу
трафарет тәрізді массалык тәртіпте жүргізілсе, көбірек субъективизмге алып келеді.
Инструмент дәрігерді наукастан алшактатады деген пікір бар.
Дертті зерттеу үшін, ауруларды тексеру үшін казіргі уакытта күрделі және
жетілдірілген кұралдар колданылады, бұл ғылымның заманауи жоғары деңгейде
дамуына және психикалык аурулардың биологиялык негізінің үдеуіне сәйкес.
Шамадан тыс техницизм клиникалык зерттеуден бас тартуға алып келмегені
жөн. Диагностикада фактілерді аныктау әдістері шексіз болуы мүмкін, бірак
тану тәсілі біреу ғана — диалектикалык материализм әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: