Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет120/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   167
Антидепрессантар. Антидепрессанттар тағайындаудағы басты көрсеткіш — 
әр  түрлі  этиологиялы  көңіл-күйдің  тұракты төмендеуі  (депрессия)  болып та­
былады.
Бұл  топка  моноаминоксидазаның  ингибиторлары  (нуредал,  инджопан), 
әр түрлі химиялык заттардың үшциклдік туындылары (имипрамин, тримепра- 
мин, анафранил, фторацизин, азафен, триптизол, нортриптилин,, амитрипти- 
лин),  тетрациклдік  препараттар  (лудиомил,  пиразидол,  инказан),  бензепин


Психотропты  препараттардың терапиялық тиімділік  шегі
193
туындылары (новерил, инсидон) жатады. Антидепрессанттардың психотропты 
белсенділік спектрі олардың негізгі касиеттерінің косылысы аркылы кұралады: 
тимоаналептикалык  әсері  (антидепрессанттык  әсері),  ынталандырушы  және 
седативті  әсерлері.  Тимоаналептикалык  әсері депрессивті  симптоматиканың 
редукциясымен  көрініс  береді:  мұңды  көңіл-күй,  депрессивті  сандырак, 
психикалык анестезия  және де депрессияның  соматикалык көріністері  —  іш 
кату,  тәбет  төмендеуі.  Антидепрессанттардың  ынталандырушы  эффектісі 
тежелудің азаюы,  сергектіктің пайда болуы,  әрекетке талпыныстың пайда бо­
луы аркылы көрінсе, седативті әсері — үрей,  мазасыздык, коркыныштың аза- 
юымен, ұйкының реттелуімен көрінеді.
Антидепрессанттардың  аталған  касиеттері  сандык жағынан  әр  препаратта 
әр түрлі дәрежеде байкалады, осылайша препараттың психотропты белсенділігінің 
индивидуалды  профилі  туады.  М оноаминоксидаза  ингибиторлары  (МАО) 
деңгейі бойынша антидепрессивті эффектіге жакын үлкен ынталандырушы әсер 
береді; бұл кезде седативті компонент өте төмен дәрежеде болады. Нәтижесінде 
МАО  ингибиторлары  үрейлі-депрессивті  бұзылыстары  бар  наукастарда  үрей 
ж әне  ажитацияны  күшейтеді,  депрессивті-параноидты  синдром  кезінде 
сандыракды симптоматиканы ауырлатады, маниакальды-депрессивті психозбен 
ауыратын  наукастардың депрессия  фазасынан  маниакальды  фазаға  ауысуына 
ыкпал  етеді,  бірак,  тежелген  және  апатиялык депрессия  мен  субдепрессивті 
жағдайдағы  наукастарға тиімді  әсер  етеді.  МАО  ингибиторлары  аскындырған 
бұзылыстар  кезінде  амитриптилин  тағайындаған  дұрыс.  Бұл  препараттың 
тимоаналептикалык  (антипсихотикалык)  әсері  күшті,  айкын  седативті және 
үрейге карсы әсері, әлсіз ынталандырушы әсері бар. Амитриптилинмен туыстас 
триптизол,  нортриптилин  препараттарының  ынталандырушы  касиеттері 
айкынырак.  Айкын  тимоаналептикалык  әсердің  жеңіл  седативті  және  әлсіз 
ынталандырушы әсермен бірге жүруі төртциклді антидепрессанттар — лудиомил 
және пиразидолға тән.  Бұл препараттардың тепе-тең әсері олардың көрсетілім 
шеңберін кеңейтеді.  Пиразидолдың холинолитикалык әсер көрсетпегендіктен 
(ол  әсер  үшциклді  препараттарға  тән)  оны  колдану  шеңбері  одан  әрі  кеңейе 
түседі, нәтижесінде ол куык және ішек атониясымен, куык асты безі гипертро- 
фиясымен,  глаукомамен, жүректің ишемиялык ауруымен,  гипертониялык ау- 
румен ауыратын наукастардың жағдайын нашарлатпайды.
Антидепрессанттардың  ынталандырушы  касиеттерінің  төмендеу  тәртібі 
мынадай: МАО ингибиторлары — дезипрамин — нортриптилин — имипрамин 
(мелипрамин, тофранил)  — новерил — траусабун — амитриптилин — триме- 
прамин — хлорпротиксен — тизерцин. Ал седативті әсері осыған кері тәртіппен 
орналасады; седативті әсер хлорпротиксенде (тизерцин әсерімен катар дерлік), 
тимепраминде айкынырак, триптизолда едәуір төмен,  протриптилинде,  нор- 
триптилинде, дезипраминде және МАО ингибиторларында аныкталмайды.
Сератониннің кері кармалуының селективті ингибиторлары — (флюоксетин, 
сертралин, паксил) салыстырмалы түрде, жаңа дәрілік заттар. Олардың тиімділігі 
үшциклді  антидепрессанттармен  салыстырылады:  емді  бастаған  уакыттан 
2—3 аптадан кейін депрессия белгілері жоғала бастайды. Жанама әсерлері ауыз 
кұрғауымен  шектеледі,  кейде  жүрек  айну,  бас  айналу  байкалуы  мүмкін.  Кез


194
XI  Тарау.  Психикалық науқастар терапиясының  негіздері
11.4 -кесте.  Антидепрессивті  әсері  бар  препараттардың  седативті  ж әне  психоынта- 
ландырушы әсерінің айкындылығы (Н.М . Ж ариков,  Ю.Г.  Тюльпин,  2000)
Седативті
Балансты
Ынталандырушы
•  Фторацизин.
•  Лудиомил.
•  МАО кайтымсыз ингиби-
•  Герфонал.
•  Коаксил.
торлары.
•  Доксепин.
•  Золофт.
•  Сиднофен.
•  Амитриптилин.
•  Паксил.
•  Аурорикс.
•  Миансерин.
•  Пиразидол.
•  Велбутрин.
•  Амоксапин.
•  Кломипрамин.
•  Флюоксетин.
•  Азафен.
•  Венлафаксин
•  Дезипрамин.
•  Тразодон.
•  Нортриптилин.
•  Феварин.
•  Мелипрамин.
•  Опипрамол
•  Цефедрин.
•  Бефол.
•  Инказан.
•  Гептрал
келген жас кезеңінде колданылады.  Ерекше әсеріне тәбетті басуын жаткызуға 
болады  (семіздікті  емдегенде).  Бұл  топ  заттарының  артыкшылығы:  колдану 
карапайымдылығы (максималды әсер болуы үшін күніне  1  немесе 2 таблетка- 
ны  бір  рет  кабылдау  жеткілікті)  ж әне  токсикалы к  әсерінің  төмендігі 
таңдандырады (өмірге кауіпсіз препараттың 100 есе дозасын кабылдаған жағдай 
болған).  МАО ингибиторларымен бірге колдануға болмайды.  Соңғы жылдарда 
антидепрессанттарды жиі жабыскак коркыныштар және паникалык шабуылдар 
емінде  колдануда.  Үрей  ұстамалары  кезінде  сератониннің  кері  кармалуының 
селективті ингибиторлары мен кломипрамин (анафранил)  аса тиімді.
Депрессия емінде колданылатын ынталандырушы әсері бар заттарды колдану 
үрей күйін күшейтіп,  өзіне-өзі кол жұмсау (суицид)  кауіптілігін жоғарылатуы 
мүмкін.  Галлюцинаторлы-сандырактык симптоматикаменсы  бар наукастарда 
антидепрессанттарды колданғанда психоз өршуі мүмкін, сондыктан сактыкпен, 
нейролептиктермен бірге тағайындалуы кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет