Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет129/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ПСИХОТЕРАПИЯ
Психотерапия  — наукаска емдік максатта психикалык әсер ету әдісі.  Пси­
хотерапия әсіресе, шекаралык психопатологиялык жағдайларда колданылады. 
Ол жеке де және баска да әдістермен  (медикаментозды,  физиотерапия)  катар 
колданылады.  Мұндай әсер тура немесе жанама болуы мүмкін.
Наукаска емдік мекеменің жағдайы, медициналык кызметкерлердің жүріс- 
тұрысы,  олардың сырткы бейнесі,  бір-бірімен сөйлесу әдеті және наукастарға 
карым-катынасы,  көңіл бөлуі,  наукасты  мазалайтын сұрактарға катысты эру- 
дициясы жанама психотерапиялық әсер етеді.  Бөлімше тәртібі,  ығыстыру ша- 
раларын  колданбау,  карапайым  жайлылыктыщ  болуы,  наукастарды  бос 
отырғызбау (диагностикалык және емдік шаралар, гимнастика, серуендеулер, 
еңбек  терапиясы,  ойын-сауыктар)  барлығы  да  маңызды  болып  табылады. 
Осының  бәрі  тек  наукастарды  тыныштандырып,  сактык  пен  күдікшілдікті 
бәсеңсетіп  ғана коймай,  сонымен  бірге,  наукастың  белсенділігін  ынталанды- 
рады.  Диагностикалык ж әне  емдік  шаралар  сипатының  белгілі  бір  психо-


206
XI  Тарау.  Психикалық науқастар терапиясының  негіздері
терапиялык  маңызы  бар,  себебі  наукастың  дертке  деген  дұрыс  катынасын 
калыптастырады.
Тура психотерапия сөзбен әсер ету жолымен іске асады және наукаска тікелей 
бағытталады.  Тура  психотерапияны  жүргізу  кезінде  наукас  ояу жағдайда  не- 
месе гипноздык ұйкыда  болуы  мүмкін.  Тура психотерапия  әдістерінің  ішінде 
рационалды психотерапия, функционалды жаттығу әдісін, сергектік, гипноздык 
ұйкы жағдайында  сендіру,  аутогенді жаттығу және  аналитикалык психотера- 
пияны атауға болады.
Рационалды психотерапия — айкындап, түсінікті етуге бағытталған психоте­
рапия әдісі.  Оның негізгі максаты — наукастың өз дерті жөнінде калыптаскан 
кате көзкарасын өзгерту. Әдістің негізін салушы П. Дюбуаның (1913) пікірінше, 
бұл  психотерапия  сендіру  элементтерінен  толык  еркін  жұмыс  істейді,  тек 
наукастың интеллектісіне, оның акыл-ой жүйесіне әсер етеді. Дюбуа наукас пен 
оның туыстары дәрігерге келіп, дертті жағдайдың ерекшеліктері мен оны емдеудің 
жоспары туралы арнайы окудан өтуі керек деп есептеген.  Бұл әдістің жетілуіне
В.М.  Бехтерев,  С.И.  Консторум,  В.Е.  Рожнов  сиякты  ғалымдар да  үлкен  үлес 
косты.  Әрбір  дәрігер  наукаспен  сөйлескенде,  оған  дерт  сипаты,  пайда  болу 
себептері, жүргізілетін терапия ерекшеліктері және болашакка болжамы жөнінде 
түсінікті  тілде жеткізуі  керек.  Осының  барлығы  тек  орын  алған  дертті  күйді 
зейінмен зерттегенде ғана емес, наукастыщ мінез-кұлкын, тұлғалык ұстанымдарын, 
ситуацияны  түсіну  дәрежесін  дұрыс  ескергенде  тиімді  болады.  Бұл  әдіс 
ипохондриялык жағдайлар, күдіктенулер, фобиялар (канцерофобия, кардиофо­
бия, сифилофобия), жүйкелік соматовегетативті бұзылыстар кезінде, жүйкелік- 
психикалык бұзылыстармен жүретін соматикалык аурулар кезінде өте тиімді.
Функционалды  жаттығу  максаты  —  калыптаскан  дертті  жүріс-тұрыс 
стереотипін жаттығулар аркылы бұзу және жаңа сау стереотип  калыптастыру. 
Дәрігер  бакылауымен  ж әне  оны ң  белсенді  араласуымен  ф обия  немесе 
истериялык бұзылыстар кездесетін наукастар біртіндеп өзіндегі бұзылыстардан 
алшактайды, өз әрекеттері саласын кеңейте түседі. Мысалы, агорофобия кезінде 
алғашында  наукас  дәрігердің  колдауымен,  дәрігермен  бірге  аулаға  шығады, 
келесі күні аула ортасына дейін жетеді, келесі күні көшеге шығады.  Кейінірек 
ол осы әрекеттерді өзі жасайды,  мүмкіндіктерін ұлғайтып отырады.
Сергектік жағдайындағы сендіру — дәрігердің күшті ерікті-кайратты ыкпал 
етуі  аркылы  жүргізілетін  психотерапия  әдісі.  Әдіс  наукастың  эмоционалды- 
еріктік сферасына бағытталған, наукастың сенімі жоғары болған сайын тиімдірек 
болады.  Бұл  әдіс,  әсіресе,  балаларда  тиімдірек,  ал  ересектерде  истериялык, 
фобиялык, неврастения белгілері болғанда колданылады. Сендіру әдісі дәрігер 
кабинетінде немесе палатада жүргізіле береді. Наукас бұл кезде жатады немесе 
көзін жұмып жартылай отырған күйде болады.
Сендіру  формуласы  гипнозда  колданылатын  сендіру  әдісіне  ұксас. 
Сеанстардың жалпы саны  15—20 рет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет