ШОКТЫ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ
Тырысулық терапия. Тырысулык терапияны психиатрияда 1935 ж. бастап
колдана бастады. Әдістің авторы венгерлік психиатр Медуна шизофрения мен
эпилепсия сиыспайды, эпилепсиялык бастама шизофрениялык симптомати-
каны ығыстырып шығаруы керек деген пікірді ұстанды. Ол уакытта сана
204
XI Тарау. Психикалық науқастар терапиясының негіздері
жоғалуымен көрінетін эпилептиформды ұстамалар камфораны көп мөлшерде
бұлшык етке енгізуге (майдағы 10-нан 40 мл-ге дейінгі 20% ерітіндіні) байла
нысты орын алды, кейін тамырға коразолдың 10% 3—5 мл ерітіндісін енгізу
аркылы көрінді. Медикаментозды тырысулык терапия әдісінің кемшілігі —
конвульсант мөлшерін аныктаудың киындығы: бұл кезде мидың тырысулык
дайындығы жылдам өзгеріп, препарат мөлшері жеткіліксіз немесе шамадан тыс
болғандыктан, бір немесе бірнеше ұстамалардың немесе эпилепсиялык статус
дамуымен улану белгілері пайда болуы мүмкін. 1937 ж. бастап электротырысулык
терапия (ЭТТ) колданыла бастады. Бұл әдісті Черлетти ұсынды. Кернелісі
60-тан 130 Вт дейінгі 0,3—0,9 с экспозициямен ауыспалы токты колданады.
Электродтарды самай маңайына орналастырады, эпилептиформды ұстама
токтың әсірінен кейін бірден дамиды. Емдеу курсы 1-3-тен 12—15 тырысулык
ұстамаға дейін болуы мүмкін.
Электротырысулык терапияны колдануға көрсеткіштер созылмалы (бір
жылдан артык) депрессивті жағдайлар, терапияға резистентті ступор жағдайлары,
гипертоксикалык шизофрения ұстамалары болып табылады. ЭТТ соматикалык
аурулары жок наукастарға да тағайындалады. Емдеу алдында наукасты терапевт
толык тексеруі керек, кажет болған жағдайда тірек-козғалыс аппаратының
дертін жокка шығару үшін хирург тексеруінен де өтуі керек. ЭТТ көмегімен
депрессивті ұстаманы токтатып кана коймай, ауруды колайлы бағытка өзгертуге
болады.
Инсулинді шокты терапия. Бұл емдеу әдісі инсулинді кома шакыру аркылы
жүргізіледі. Әдісті 1935 ж. австриялык психиатр М. Закель ұсынған болатын.
Емдік әсерін психикаға инсулиннің тікелей әсері емес, ол аркылы туындайтын
жағдайлармен (гипогликемия, кома) байланыстырады. Бейспециф икалык
стресті әсер ету эффектісі елеулі рөл аткарады деп есептеледі. Наукастарды
соматикалык тексеру тырысулык терапия жүргізгендегідей мұкият жүргізіледі,
өйткені гипогликемия жағдайында эпилептиформды ұстамалар жиі болады.
Емдеу әрбір наукаска сәйкес инсулиннің коматозды дозасы негізінде жүргізіледі.
Бірінші кома ұзактығы — 5—10 мин дейін, кейін — 30—40 мин дейін. Бір ем
курсына коматозды жағдай саны — 15—40. Терапияға көрсеткіштер: ұзакка
созылмаған және продуктивті психопатологиялык симптоматика мен ұстама
тәрізді ағымға бейім шизофрения жағдайлары болып табылады. Соматикалык
және инфекциялык аурулар, артык дене массасы терапияға карсы көрсеткіш
болып табылады.
Атропиндік комалармен терапия. Бұл ем ЭТТ ж әне инсулиндік коматозды
терапия сиякды кең колданыс тапкан жок, өйткені ол тәжірибеге кеш енгізілді
(психотропты препараттардың кеңінен колданыска енуінен бірнеше жыл ғана
бұрын), сонымен бірге бұл емді жүргізудің техникалык киындыктары бар.
А тропинді сеанстан сеан ска ж оғары лай түсетін дозаларда 50—300 мг
мөлшерлерде инъекция түрінде енгізеді. Команы физостигмин немесе галан-
там инм ен кайтарады. Емдеу курсы 5—15 ком адан тұрады. Көрсеткіш і
инсулиндік коматозды терапиядағыдай. Ш изофрениялык үрдіс шеңберіндегі
тұракты жабыскактыктар ж әне ритуалдар кезінде тиімді әсер еткені бакы-
ланған.
Психотерапия
Достарыңызбен бөлісу: |