Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет136/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ИСТЕРИЯЛЫ Қ  НЕВРО З
Истериялык невроздың клиникалык көрінісі көп кырлы.  Өткен ғасырдың 
ж әне  осы  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  авторлардың  суреттемелерінде 
невроздардың истериялык ұстамалар түрінде жиі көрінетіндігі жөнінде айтылған. 
Истериялык ұстамалар көрінісі мен ағымы бойынша эпилепсиялык ұстамадан 
біркатар  ерекш еліктерім ен  ажыратылады.  Олар  ж оғары   эм оц и ял ы к 
айкындылыкпен ерекшеленеді.  Осы уакытта наукастар санасын жоғалтпайды, 
барлык рефлекстер сакталады.  Олардың санасы тарылған және олар өздері үшін 
эмоционалды мәні бар тітіргендергіштерге жауап  береді.
Қазіргі  кезде  истериялык  невроздың  клиникалы к  көрінісінде  сомато- 
вегетативті бузылыстар үлкен орын алады. Олар айрыкша жүрек-кантамырлык 
бұзылыстармен,  ас  корыту,  тыныс  бұзылыстарымен  көрінеді.  Тыныс 
бұзылысымен,  өңеш  спазмдарымен  ауыр  жөтел  ұстамаларына  байланысты 
наукастарды жалпы профильдік ауруханаларға орналастырып коймай,  оларға 
жиі оперативті көмек көрсетіледі.
Истериялык невроздарда козғалыс пен сезшталдықтың бузылуы  байкалады. 
Наукастар жүріп-тұра алмайды (астазия-абазия), кабак спазмдары, афония, аяк- 
колдың салдануы болады. Сезімталдыктың бұзылуы иннервация зонасына сәйкес 
келмейді және колғап, шұлык, күртеше түрінде көрінеді.  Наукастар жиі дененің 
әр бөлімдеріндегі және ішкі мүшелердегі ауру сезімдеріне шағым айтады.
И стериялы к  невроз  симптоматикасыныщ  айтарлыктай  ерекшелігі  — 
симптомдардың  психогендік  факторлармен  байланысы,  ағза  жүйесіндегі 
органикалык бұзылыстардың жоктығы ж әне бұзылыстардың сендіру,  өзін-өзі 
сендіру типі  бойынша  пайда  болуы.  Баска  маңызды  фактор  —  истериялык 
мінез-кұлыкты адамдарда оның дамуына бейімділіктің болуы.
Наукас  С.,  42  жаста,  тазалыкшы.  Ж ^ілаңк^ілыкка,  үнемі  тамағындағы 
түйінге,  спазмға,  бас  ауыруына,  бұлшык  еттеріндегі  ауру  сезімдеріне,  ұйкы 
бұзылысына шағым айтады.
Нағашы әжесі (анасы жағынан) туыскандарының айтуы бойынша, кызык кісі 
болған, «есінен адаскан». Әкесі тұйыктау, деспот кісі болған, балаларына шама- 
дан тыс талапшыл болған. Анасы сезімтал, ренжігіш, жанұялык қиыншылықгарға


220
XII  Тарау.  Невроздар
жиі шағымданатын болған.  Наукас әсершіл, ренжігіш,  айтканынан кайтпайды. 
Толку жағдайында жиі тамағында түйнек, «бүкіл денесінің дірілін», басында өткір 
шаншуды, аяк-колдары бұлшык еттерінің аурыратындығын байкаған.  Осындай 
жағдай алғаш рет жеті жасында,  мектептегі нашар тәртібі үшін әкесі белбеумен 
соккан кезде байкалған. Наукастың айтуы бойынша, әкесі катты коркып кеткен. 
Содан соң ешкашан ұрмаған.  16 жасынан бастап еңбекке араласкан. Наукас тігу 
шеберханасында бес жыл істеген. 27 жасында тұрмыска шыккан. Жолдасы оған 
камкор  болып,  барлык тілектерін  орындап  отырған.  Балалы  болғаннан  кейін, 
жұмысындағылар,  наукастың  ойы  бойынша,  оның  отбасылык  бакытын  көре 
алмаушылар нашар көзкараспен карайды деп, ары карай жұмысын жалғастыра 
алмаған. Қызметтестерінің айтуы бойынша, наукас бірбеткей, тек өзінің калағанын 
істейтін көрінеді. Үш жыл бұрын жүрек ұстамасынан күйеуі кайтыс болған. Наукас 
катты  кайғырған.  Жерлеу  кезінде  «истерика»  болған.  Ол  зарлы  дауыспен 
айғайлаған, бірак артынан басылған. Жұмыска орналасуға мәжбүр болған. Өткен 
жылы  күйеуге  екінші  рет  шыккан.  Күйеуі  арак ішеді,  бір  ұрыс-керістен  кейін 
тұншығу сезімі  пайда  болған,  сөйлей  алмай  калған  (афония).  Бұлшыкеттері 
ауырғандыктан әрең козғалған. Дәрігер көмегіне жүгінген.
Психикалык жағдайы:  өзін  демонстративті  ұстайды,  сыбырмен  сөйлейді, 
оның  сөйлеуіне кедергі жасап тұрған  тамағындағы  спазмды  байкайды,  кейде 
жылап,  тыныштала  алмайды.  Жұбайының  үнемі  ішетіндігіне,  оның  өміріне 
көңіл  бөлмейтініне шағым айтады.  Дәрігердің  күйеуін шакыртып,  оған оның 
«ауруының ауырлығы» жөнінде түсіндіріп  беруін,  өзіне көңіл  бөлу  кажеттігін 
айтуын  сұрайды.  Ем  жүргізілгеннен  кейін  (дәрілік,  психотерапиялык)  және 
жанұялык жағдайы жөнделген соң наукастың жағдайы жаксарды.
Невроздың осы түрімен ауыратын наукастарда истериялык бұзылыстардың 
кайталануы  күшейеді.  Олар  тек  эмоционалды  жаракат  кезінде  ғана  емес, 
наукастар  өз  дегеніне жете  алмағанда  да  пайда  болады.  Олардың  тәртібінде 
демонстративтілік, эмоциялык тұраксыздык, керісуге бейімділік кездеседі және 
истериялык  невроздың  тұлғаның  истериялык  дамуы  көріністеріне  транс- 
формациялануыалаңдатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет