Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет144/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   167
СОЗЫЛМАЛЫ  РЕАКТИВТІ  ЖАҒДАЙЛАР
Созылмалы  психогенді  реакциялар  жиі  наукас  үшін  ерекше  маңызы  бар 
жағдайлардан (сәтті өміріне кауіп төнгенде, жакынын жоғалту және т.б.) кейін 
пайда болады.  Мұндай реакциялардың типтік формалары реактивті депрессия 
мен реактивті параноид болып табылады.
Реактивті  депрессия.  Бұл  кезде  наукастың  көңіл-күйі жабыркаулы.  Ауыр 
жағдайды туғызған себеп жөнінде үнемі ойда жүреді. Егер бұл жакын адамының 
өлімі болса,  оның ойлары тек сол жөнінде болады.  Жиі өзін-өзі кінәләу идея- 
лары пайда болады. Наукас өзін оған дұрыс көңіл бөлмедім, әділетті болмадым, 
өлім  аузынан  алып  калу үшін  колдан  келгенді  жасамадым  деп  жазғырады. 
Үйкысы бұзылып, еңбекке кабілеті төмендейді. Соматовегетативті бұзылыстар 
байкалады, тәбеті кашып, дене салмағы азаяды, іш катуы болады. Артериялык 
кан кысымы көтеріледі.
Наукас Б.,  60  жаста.  Психикалык  аурумен  тұкым  куалау  ауырлығы  жок. 
Білімі төрт класс, мамандығы слесарь. Үйленген, әйелі кайтыс болған.  Ер жет- 
кен екі  баласы  бар,  олармен катынасы нашар.  Балаларының  өз жанұясы  бар. 
Наукас бір мезгіл бір баласының,  бір мезгіл екінші баласының колында тұрады. 
Өзінің айтуы бойынша,  балаларының әйелдері онымен нашар катынаста.  Бір 
баласының отбасымен біраз тұрған соң,  оған баска балаңның колына бар деп 
айтады.  Наукас  осы  ситуциялардан  шығар  жол  таппады.  Суицидальді  ойлар 
пайда болып, суицидальді әрекет жасаған, осыған байланысты Скилифасовский 
атындағы институтта ем кабылдаған. Онда көңіл-күйі төмен болған, суицидальді 
ойлары тұрактылык таныгып, СС. Корсаков атындағы психиатриялык клиникаға 
ауыстырылды.
Клиникаға түскен кезде санасы анык, орын мен уакыгты дұрыс бағдарлайды. 
Дәрігерлермен  әңмелескенде,  жай  дауыспен  көзіне  жас  алып  әңгімелейді,


226
XIII  Тарау.  Реактивті  психоздар
пайда  болған  отбасылык  ситуацияларды  уайымдайды,  бұл  жағдайдан  шығар 
жол таппайды,  көңіл-күйі төмен,  бірак суицильді ойлары жок,  көмек іздейді. 
Бөлімшеде  болған  алғашкы  3  күнде  «кауіп  төндіретін,  өзін  өлтіргісі  келетін 
адамдардың дауыстарын, «үйден шык деп бұйырған ұлының дауысын естіген». 
Бұл көріністердің дертті сипатын түсінеді.
Реактивті параноид. Қолайсыз жағдайға байланысты туындаған, жеке адам 
немесе адамдар тобының наукаска деген катынасы бойынша жалған пікір және 
корытынды жасау.  Бұл кате баға беру аса бағалы, сонымен катар, сандырактык 
идеяларлар сипатын алуы мүмкін. Аса бағалы идея формасында оларды түзетуге 
болады,  наукастың  ойлары  мен  ұстанымдарын  толы к  камтымайды.  Ол 
жаракаттаушы  ситуацияны  әсірелеп  бағалағанымен,  ш ынайы  фактілерге 
сүйенеді.  Екінші  жағдайда  наукас  түзетуге  көнбейді,  оның  ойлары  мен  іс- 
әрекеттері  санды ракты к  идеяларға  бағыныш ты.  Реактивті  параноид 
психожаракаттаушы ситуация жоғалғанда,  өзектілігінен айрылады және осы­
лайша жазылады.
Наукас Н.,  27  жаста.  Психикалык  аурумен  тұкым  куалау  ауырлығы  жок. 
Анасының жүкгілігі мен босануы калыпты өткен. Ерте даму кезеңі ерекшеліксіз. 
Жүруі  мен  сөйлеуі  өз  мезгілінде  дамыған.  М ектепке  дейінгі  мекемелерде 
болмаған.  Әжесінің колында тәрбиеленген.  Наукас  мінезі мейірімді,  ак көңіл 
болған.  Шулы, кимылды ойындарды жаксы көрген. Достары көп. Бала күнінде 
кызылша және скарлатинамен ауырған,  аскынусыз өткен.  Мектепке 7 жастан 
барған.  Оку ұнаған, мұғалімнің айткандарын ынтамен тыңдаған.  Бос уакытын 
достарымен  өткізуді  ұнаткан,  ашык,  белсенді  күйінде  калған.  Кітапты  көп 
окыған.  Төменгі  кластарда  ертегілерді,  жоғарғы  кластарда  махаббат,  өмір  ту­
ралы  кітаптарды ұнатты.  17 жасында  мектеп  бітірді.  Шет тілдер  институтына 
окуға түсті. Институттағы оку ұнады. Курстас жолдастарымен жеңіл тіл табысты: 
бірге театрға, киноға баратын. Жас жігітгермен кездескен, бірак ешкайсысымен 
шындап жүрмеген,  «өз адамын таппаған».  Белсенді күйінде калды,  коғамдык 
жұмыспен айналысты.  Институтты бітіргеннен кейін орта мектепте ағылшын 
тілінен сабак беруге жұмыска орналасты. Жұмысы ұнады,  балаларды окытудан 
ләззат алған.  Мектепте бір жылдай жұмыс жасады.  Бір күні бір мұғалімнің көп 
акшасы бар әмияны «жоғалды», күдік ой жас мұғалімге түсті, себебі ол мұғалімдер 
бөлмесінде баскалардан кейін аз уакыт кідірген болатын.  Наукас өзінің айтуы 
бойынша,  катты  ашуланып,  жылап  үйіне  жүгіріп  кетеді.  Ертесіне жұмыстан 
шығамын деген  оймен  мектепке  келеді.  Мектепке  келсе,  әмиян  табылыпты, 
ол столдың артына түскен екен.  Наукас алдында барлығы кешірім сұрайды. Ол 
аздап сабырға түскендей болды, өз жұмысымен айналысты, бірак басында «олар 
мені ұрыға  санады» деген  ой жүрді,  басым  ауырды деп  сұранып  кетеді,  бірак 
басына  сол  баяғы  эпизод  келе  береді.  Жұмыска  орналасу  кезінде  мектеп  ди- 
ректорымен өткізген әңгімеде,  оның «Сізге киын болады» деген сөздерін еске 
алды.  А лғаш ы нан-ак  ол  ешкімге  ұнамағанын  сезді,  тек  сырттан  ештеңе 
білдірмеген.  Келесі күні  мектепке әрең  барды.  Ол келген  кезде,  барлығы ты- 
нышталып калатынын байкады.  Келесі күні мектепке барудың кажеті жок еді, 
өйткені  каникулдар  басталған  болатын.  Өзінің  уайымдарын  ұмытамын  деп 
ойлады, бірак таң аткан бойында әлсіздік сезінді «көкейі ренішке толы» болды.


Реактивті  психоздардың этиологиясы  мен  патогенезі
227
Өзін  күштеп  тұрғызып,  күні  бойы  мазасызданып,  бөлме  ішінде  кезіп  жүрді. 
Ештеңемен айналыса алмады.  Тәбеті мүлдем жойылды.  Уакытын өткізу үшін 
ерте жатып калды, бірак түнімен ұйыктай алмады. Таңертең өзін нашар сезінетін 
болды.  Көп  мазасызданып,  шаршағанын  біліп,  тынышталу үшін дәрі-дәрмек 
кажет екенін түсінді.  Медициналык институт бітірген кластасына барып, акыл 
сұрайды,  ол психиатрға каралуды ұсынды.
Психикалык жағдайы: жұмысында болған ерекше жағдай жөнінде түпкілікті 
әңгімеледі.  Ол  жерде  оны  дұрыс  кабылдамағанын  айтады.  Өзінің  көптеген 
касиеттері  (жоғары  принципиальдылык,  окушылармен  жұмыс  кезінде 
педагогиканың  әдістемелік принциптерін  катаң  ұстануы және т.б.)  мекгеп ди- 
ректорына және кейбір мұғалімдерге ұнамағанын түсіндіруге барынша тырысты. 
Мекгептегі болған жайтты талкылай келе, өзінің мүмкін кателескендігін мойын- 
дайды («әмиян жоғалуына байланысты окиғаны жүрегіме тым жакын кабылдадым»).
Стационарда транквлизаторлар,  аз  мөлшерде нейролептиктер  кабылдады, 
психотерапиялык әңгімелер жүргізілді. Жағдайы жаксарды. Дертті идеяларына 
сын көзкарас пайда болды. Клиникадан шыккан соң, бұрынғы жұмысына кайта 
оралды.
Реактивті  пароноидтарға  индуцкияланған  параноид  (сандырак)  та жатады. 
Сандырак, сонымен катар, психогенді әсер нәтижесінде де түзіледі. Сандырактык 
идеялармен  зардап  шегетін  наукас  өзінің  дертті  идеяларын,  көзкарасын 
баскаларға жармастырады.  Бұл жағдай наукаспен тығыз карым-катынастағы, 
оған бағынышты адамда дамиды.
Сандырак идеялар мазмұны жиі соңына түсу, даукестік және т.б.  сипатын- 
да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет