Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет140/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   167
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ   ДИАГНОСТИКАСЫ
Невроздарды  психоздардың  психотикалык  формасынан  ажырату жеңіл. 
Невроздарға  мынадай  психикалык  бұзылыстар  тән  емес:  галлюцинация, 
сандырак, интелектуалды-мнестикалык, кататониялык және ауыр аффективті 
бұзылыстар.  Әр  түрлі  невроздардың  симптоматикасы  өзіндік  сезім  ж әне  өз 
жағдайының дертті өзгеруін бейнелейді. Наукас өз жағдайына сын көзбен карап, 
өзінің наукас екендігін түсінеді.
Дерт психикалык жаракатпен байланысты екенін кейде наукастардың өздері 
де  айтады.  Олардың  интеллектуалды  кызмет  сапасы  төмендемеген.  Аса 
шаршағыштык  байкалады,  бірак  оларға  жұмыс  алдында  демалуға жеткілікті 
уакыт берілсе, олар жұмысты дұрыс орындайды. Наукастарда туыстарына деген 
жылы катынас сакталады.
Невроздарды невроз тәрізді жағдайлардан ажырата білу керек, олар көптеген 
ауруларда, соның ішінде психоз кезінде де кездеседі. Соңғы аталған жағдайларда 
невроздык бұзылыстардан бөлек негізгі ауруға тән тұлғалык өзгерістер болады. 
Сондай-ак,  невроз  тәрізді  симптоматиканың  өзіндік  біркатар  ерекшеліктері 
бар,  олар сәйкес  бөлімдерде келтіріледі.
ЕМІ
Невроздар  емі  кешенді  болуы  керек ж әне  ол  тек  жүйкелік-психикалык 
бұзылыстарды  ж әне  оның  себептерін  жоюға  бағытталып  коймай,  сонымен 
катар,  наукастың жалпы жағдайын күшейтуге бағытталуы керек.  Ең алдымен, 
эмоционалды кернеліс пен үрейді басу керек. Бұл транквилизаторлар көмегімен 
іске асырылады. Терең невроздык бұзылыстар кезінде кейбір нейролептиктерді 
де  колданады.  Депрессивті  көріністер  орын  алғанда,  антидепрессанттар 
тағайындалады. Неврозбен ауыратын наукастарда үнемі ұйкы бұзылысы бола- 
ды,  ол  транквилизатор мен  калпына  келтіріледі;  егер  транквилизаторлар 
көмектеспесе, онда, косымша, ұйыктар алдында ұйыктататын дәрі беру кажет.


Невроз  профилактикасы  мен  сараптамасы
223
Мұндай  жағдайда  гипнотикалык  касиеті  бар  дәрілер  колданылады,  мысалы, 
радедорм,  эуноктин,  феназепан,  хлорпротиксен.  Үйкыға  кету  (киындағанда) 
уакыты  ұзарған  жағдайда димедрол,  пипольфен  сиякты  дәрілер  жаксы  әсер 
етеді, сондай-ак, транквилизатордың жеңіл гипнотикалык әсері бар түрлері — 
элениум  рудотель және  т.б.  жаксы  нәтиже  береді.  Физиотерапиялык  емдеу 
тәсілдері де жаксы нәтиже береді:  гидропроцедура, электроұйкы,  ионофорез.
Невроздарды емдеуде психотерапияға үлкен рөл беріледі. Психотерапияның 
алдындағы  міндет  әр  түрлі,  бірінш іден,  неврозды к  жағдайға  әкелген 
жаракаттаушы  ситуацияның  наукас  үшін  маңыздылығын  басу керек.  Бірінші 
міндетті ұтымды орындағанда, келесі міндеттерді шешуге, соның ішінде, стрестік 
жағдайларға адамның бейімделу дәрежесін жоғарылату жолдарын карастыруға 
көшу  кажет.  Егер  психогения  көзі  бұрыс  жанұялык катынас  болып  табылса, 
онда дәрігер оны калыптастыруға көмектесуі кажет.
Невроз кезіндегі психотерапия мен оның міндеттері психопатияларды емдеу 
кезіндегі максат пен принциптерге ұксас (14-тарау караңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет