ПСИХОПАТИЯЛАР КЕЗІН Д ЕГІ ЕҢБЕКТІК ЖӘНЕ СОТТЫҚ-ПСИХИАТРИЯЛЫҚ САРАПТАМА Психопатиямен зардап шегетін адамдар, ереже бойынша, еңбекке кабілетті.
Психопатия кезіндегі еңбекке жарамдылык мәселесі декомпенсация кезеңінде
көтеріледі. Бірак бұл бұзылыстар, ереже бойынша, уакытша сипат алады. Тек
паранойялы психопатиялар еңбекке кабілеттіліктің тұракты бұзылуына алып
келе алады.
Психопатия формасына сәйкес психопатиялык тұлғаларда еңбектің кейбір
түрі мен жағдайы олардың әлеуметтік бейімделулеріне көмектессе, ал екінші
бір түрлері бұзады. Ереже бойынша олар катардағы әскер кызметіне жарамсыз,
ал катардан тыс әскер кызметіне жарамды болып табылады. Соттык-психиатрия
сараптамасы кезінде психопатиямен ауыратын наукастар кабілетті болып та-
нылады және кылмыстык іске жауапкершілікке тартылады. Тек тұлғаның терең
психопатиялык өзгерістерінде, яғни күйі психотикалык жағдайға теңестірілгенде
кабілетсіз деп танылуы мүмкін.