Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


АЛКОГОЛИЗМНІҢ  КЛИНИКАЛЫҚ  КӨРІНІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет166/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   167
АЛКОГОЛИЗМНІҢ  КЛИНИКАЛЫҚ  КӨРІНІСТЕРІ
Алкоголизмді  3  сатыға  бөлу кең  тараған:  бастапкы,  ортаңғы  және  соңғы. 
Әрбір  сатысы  өзіне тән  белгілермен  —  симптомдармен және синдромдармен 
сипатталады.
Бастапцы (неврастениялык)  сатысы. Алкоголизмнің бастапкы сатысының 
белгісі  —  тұрмыстык  маскүнемдік.  Сондыктан  алкоголизмді  ерте  аныктауда 
оның маңызы зор.
Алкоголизмнің алғашкы сатысының ерте және маңызды белгілерінің бірі — 
ж абы скак  сипаттағы  алкогольге  патологиялы к  әуестік,  колданылатын 
алкогольдің мөлшерін бакылау кабілетінің төмендеу белгісі және артынан мүлде 
мөлшерін бақылауды жоғалту болып табылады.
Алкоголизмнің алғашкы симптомы қорғаныстық қусу рефлексінің жоғалуы — 
спиртік  ішімдікті  артык  мөлшерде  кабылдағанда  кұсу  болмайды.  Алкогольге 
толеранттылык  өзгереді  —  оның  жоғарылауы  бакыланады,  колданылатын 
спиртті ішімдік мөлшері жоғарылай түседі.
Алкоголизмнің алғашкы сатысында-ак палимпсесттер — алкогольді маста- 
ну жағдайында болған кейбір окиғаларды есіне мүлдем түсіре алмаумен көрінетін 
ес  бұзылысы симптомы орын алады.
Наукастардың кейбірінде алкогольді мастану сипаты өзгереді:  олар ызалы, 
жабыскак, ренжігіш, жиі күдікшіл  бола түседі.
Алкоголизмнің бастапкы сатысының психопатологиялык бұзылыстарының 
симптомдары үдемелі және күшейген астениялык синдром фонында пайда бо- 
лады және көрініс береді. Оның негізгі көріністері — сылбырлык, әлсіздік, тез 
шаршағыштык, зейіннің бұзылуы,  интеллектуалды үрдістің зорығуы және бас 
ауыруы  болып  табылады.  Осылардың  барлығы  наукастың  еңбек  сапасының 
төмендеуіне әкеліп соктырады. Оларда ұйкы бұзылысы ерте пайда болып, үдей 
түседі. Олар ұзак уакыт ұйыктай алмайды, ұйкысы шала, үзілісті, коркынышты 
сипатта  жиі  түстер  көреді,  көбіне.  ¥ й кы дан   кейін  сергектік  сезімі  жок. 
Тітіркенгіштік және  себепсіз  ашушаңдык,  айналадағылармен  конфликтілер 
үнемі болатын сипат алады.
Наукастар  алкогольді жиі  колданады,  тәуліктік  мөлшері  1  л  күшті  шарап 
немесе 400-500  мл арак деңгейіне жетеді.


254
XV Тарау.  Алкоголизм
Алкоголизмнің  бірінші  сатысының ұзактығы  алкогольді  колданудың  интен- 
сивтілігіне  байланысты,  ол  орта  есеппен  бір жылдан  алты жылға дейін.  Алко- 
голизмнің алғашкы сатысында-ак фупкпиопаллы соматоневрологиялық бузылыстар 
пайда болады: вегетотамырлык дистония,  эзофагиттер,  гастриттер, колиттер,  ба- 
уыр кызметінің бұзылуы, гепатиттің алғашкы көріністері, панкреатиттер.
Ортаңғы  сатысы  (абстинентті).  Алкоголизмнің  бұл  сатысы  алкогольге 
патологиялык әуестіктің күшеюімен сипатталады, ол мәжбурлік сипатын ала­
ды.  Наукас  ішуге  деген  пайда  болған  әуестікпен  күреспейді,  оған  пассивті 
бағынады.
Алкоголизмнің бастапкы сатысына тән симптомдар жойылмайды, күшейеді 
немесе алкоголизмнің ортаңғы сатысының түзілуі кезінде өзгерістерге ұшырайды. 
Бұл сатыға абстинентті синдромның (бас жазу) дамуы ерекше тән.  Бұл синдром 
ұзак уакыттык, массивті алкогольді интоксикация аякталған соң бірнеше сағат 
немесе тәуліктен кейін дамиды.
Абстинентгі синдром психикалык, неврологиялык, соматикалык бұзылыстар 
түрінде  көрінеді,  бұл  бұзылыстар  алкогольдің  жаңа дозасын  кабылдаған  соң 
жеңілдейді немесе жойылады.
Абстинентті синдром кезінде айкын психикалык бұзылыстар тізімі бакыланады: 
көщ л-күйі  төмендейді,  мұңды  күйге  түседі.  Наукастар  тітіркенгіш,  кейде 
ашуланшак, күдікшіл, мотивсіз коркыныш, өзін-өзі кінәлау идеяларын сезінеді. 
Алкоголиктерде  абстиненция  жағдайында  көру және  есту  галлюцинациялары 
пайда болуы мүмкін. ¥йкысы үрейшіл, үзілісті, оянғанда тынығу сезімі болмай­
ды. Абстинентті синдром вазовегетативті және неврологиялык бұзылыстармен 
көрінеді: тахикардия, гипертензия, аяк-колдың және бүкіл дене треморы,  ауыз 
куысының кұрғауы,  бас айналуы, тәбеттің жоғалуы,  айкын әлсіздік.
Абстинентті  синдромға  айкын  неврологиялык  синдромдар  тән,  олардың 
ішінде жиі  кездесетіні ж әне  көзге  түсетіні  аяк  кол,  бас,  тіл  треморы  болып 
табылады.  Әсіресе кол саусактарының треморы, Ромберг позасында тұра алмау 
айкын көрініс береді. Бет және каңка бұлшык етгерінің фибриллиярлы дірілдері 
бакылануы  мүмкін.  Екі жакты  сіңірлік  рефлекстердің  тепе-тең  жоғарылауы 
бакыланады,  вегетативті регуляция бұзылысы бет және алакан гипергидрозы- 
мен, тері мәрмәрлығымен, бет гиперемиясымен, әсіресе, мұрынның, склералар 
иктериялығы және олардың тамырларының кеңеюімен көрінеді.
Жүрек-кантамыр жүйесі жағынан артериялык кан кысымының көтерілуге 
бейімділік тербелістері, кардиалгиялык синдром байкалады. Абстинентті син­
дром жүрек айнуымен, локсулармен, эпигастрий аймағындағы ауру сезімдерімен, 
диареямен көрініс  береді.
Алкогольдік абстенцияның ауыр түрінде балтыр бұлшык еттерінің кұрысулык 
ұстамасы,  сирек тырысулык ұстамалар  (күрделі немесе абортивті)  бакылануы 
мүмкін.
Ортаңғы сатысында алкогольге толеранттылык жоғарылап,  өзінің  шыркау 
шегіне  жетеді ж әне жылдар  бойы  өзгермеуі  мүмкін.  Ішімдікті  кабылдаудың 
тәуліктік дозасы  1,5-2 л арак мөлшеріне жетеді. Алкогольді мастанудың кли- 
никасы  ары  карай  өзгеріске  ұшырайды.  Мастану жағдайындағы  көңіл-күй 
айналадағыларға  агрессия  танытумен  басым  тітіркенген-ызалы  сипат  алады.


Алкоголизмнің клиникалық көріністері
255
Қабылданған алкоголь мөлшерін бакылау кабілетін жоғалту спиртті ішімдікгің 
аз ғана мөлшерін кабылдаған соң пайда болады.
Алкогольге күшті әуестіктің мөлшерлік бакылауды жоғалту және абстинентгі 
синдроммен бірге жүруі маскүнемдік формасының өзгергендігін білдіреді. Бұл 
сатыда  наукастар  жиі  алкогольді  күн  сайын  айкын  мастану туғызатын  доза- 
ларда  колданады,  немесе  бірнеше  күннен  бірнеше  аптаға дейін  мерзіммен 
арасына бірнеше апта салып, салынып ішеді.
Алкоголизмнің ортаңғы сатысында ауру ағымының ерекше көрінісі жалған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет