Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет18/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   167
БИОЛОГИЯЛЫҚ  БАҒЫТТАР
Психикалық бұзылыстарды бас  миының ерекше функциялық жағдайымен 
түсіндіруге талпынысты  ежелгі дәрігерлер  мен  философтардың  еңбектерінен 
табуға  болады.  Психикалық  саулық ж әне  психикалық  бұзылыстар  кезіндегі 
жүйке жүйесі жағдайын арнайы сипаттау,  сонымен қатар,  оларды емдеу тура- 
лы нұсқаулар алғаш Гален еңбектерінде кездесті.  Ол адам мүшелерінің ішінде 
негізгі  рөлді  жүйке  жүйесіне  берді.  Мания  мен  естен  адасу тәрізді  дерттерді 
мида болатын ерекше қозу жағдайымен түсіндіріп,  соған сәйкес емдеу жолын 
ұсынды.
Ағылшын нейрофизиологы Дж. Джексонның психиатриядағы еңбегі белгілі 
бір  қызығушылық  тудырды.  Ол  ОЖ Ж-гі  құрылымдық-функциялық  қаты- 
настардың  ерекшеліктері  жөніндегі  концепцияны  дамытты.  Джексон  ОЖЖ


Биологиялық бағыттар
33
дамуы оның құр^ілымы мен функцияларының күрделенуімен және мидың көне 
құрылымдарын неғұрлым жаңа құрылымдардың басқаруымен байланысты деп 
сипаттады.  ОЖЖ зақымданғанда, көбіне жоғары құр^ілымды, жас құр^ілымдар 
зардап  шегеді,  осылайша  көне  құрылым  оның  бақылауынан  ажырайды.  Ол 
өзінің «Шатасу факторлары жөнінде» деген бір еңбегінде психикалық бұзылыстар 
дәрежесі жоғарғы ми  орталығы диссоциациясының тереңдігіне сәйкес екенін 
сипаттап  берді.  Ол шатасудың  позитивті және негативті симптомдарын ажы- 
ратып көрсетті.  Негативті симптом деп құрылымның ыдырауы және қандай да 
бір функциясының жоғалуын айтты,  ал позитивті деп сақталып қалған нейро- 
функционалды деңгейлердің белсенділігін айтты.  Бұларға иллюзия, сандырақ, 
жүріс-тұрыс  бұзылысы  ж әне  кейбір  эмоционалды  күйлер  жатқызылды. 
Дж. Джексон диссолюция мен функциялар автоматизациясы түсініктерін си- 
нонимдер  ретінде  қолданды.  Осыған  байланысты  шатасу жағдайында  сана 
субъективтілігі  күшейеді  деді.  Дж.  Д ж ексонны ң  концепциясы на  сәйкес 
физикалық және психикалық үрдістер параллель жүреді және бір-бірінен толық 
ажыратылған  күйде  қалады.  Ф илософиялық-әдіснамалық тұрғыдан  қарас- 
тырғанда,  ол дуалистік  позицияны  ұстанды.  Оның  негативті және  позитивті 
немесе  өнімді  психикалық  бұзылыстар  және  психикалық  бұзылыс  дәрежесі 
жөніндегі идеясы өз қолданысын тапты және клиникалық психиатрияда дами 
түсті.  Отандық  физиологияның  мақтанышына  айналған рефлекс  туралы  ілім 
нейрофизиология дамуында маңызды кезең болып табылды. И.М.  Сеченовтің 
рефлекс  туралы данышпан  ойлары  И.П.  Павлов  еңбегі  арқылы  бас  миының 
шартты рефлекстері туралы тұтастай  эксперименталды  негізделген  ілімге ай- 
налды.  И.П.  Павловтың және оның шәкірттерінің көптеген зерттеулері шарт- 
ты рефлекс механизмі жануарлар ағзасының функциялық көріністерінің және 
олардың тәртібінің күрделі формаларының негізіне жататынын көрсетті.
Ең маңыздысы, олар шартты рефлекстік модельдерді жануарларға жүргізілген 
тәжірибелерге сүйене отырып, қолдану жолдарын көрсетіп қана қоймай, адам 
қызметінің  арнайы  формасында  екінші  сигналдық жүйе жөніндегі  ережені 
ұсынды.  50-ші жылдары  И.П.  Павловтың  еңбегі  кеңес  психиатриясында  кең 
түрде  таралып  қолданылды.  Ш әкірттерінің  еңбектерінде  жалғасын  тапқан 
И .П .  П авловты ң  ілімі  психиатрияға  үлкен  ғы лы м и-әдістем елік  ж ән е 
практикалы қ  әсерін  тигізді.  П сихикалы қ  аурулардың  этиологиясы  мен 
патогенезін әдіснамалық бағытта зерттеу жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
И.П.  Павлов ілімінің кейбір тұстары психикалық аурулардың терапиясын- 
да ерекше тәсілдің түзілуіне ықпал етті. Жеңіл режим, қорғаушы терапия, әсіресе 
ауру  дамуыны ң  ерте  сатысында  В.А.  Гиляровский,  М .Н.  Л ивенцовтың 
ұсыныстарымен  ұйқы  терапиясыәдістемесі,  соның  ішінде,  әсіресе,  электро 
ұйқы мәселелері шешіліп,  кең түрде қолданыла  бастады.
И.П.  Павловтың ілімі шетелдік психиатрияда бихевиоралдық концепцияның 
пайда болуына әкелді.  Бұл концепция бағытының өкілдері психопатологиялық 
белгілердің патогенезін түсіндіру үшін невроздарды және басқа да психикалық 
бұзылыстарды балалық шақта қалыптасып қалған патологиялық байланыстың 
нәтижесі ретінде  (дұрыс  оқытпау)  қарастыра  отырып,  шартты рефлекстердің 
құрылу механизмдерін және де психодинамикалық концепция принциптерін


34
II  Тарау.  Психиатриядағы  негізгі даму бағыттары
2.6-сурет.  Сеченов И.М.  (1829—1905) 
2.7-сурет.  Павлов И.П.  (1849—1936)
қолданды.  Сонымен қатар, осындай патологиялық, шартты рефлекстік байла- 
ныстарды  үзуге  бағытталған  арнайы  емдеу түрі  —  бихевиоралды  терапияны 
ұсынылды.
И.М.  Сеченов пен  И.П.  Павловтың ашқан нервизм теориясы соматикалық 
үрдістердің  жүйкелік  реттелуінің  маңызын  айқындады,  ағза  қызметін  тұтас 
түсінуге алып  келді.  И.П.  Павловтың эксперименталды  невроз тудыру тәсілі, 
мысалы,  жануарларда  стресс  арқылы  кардиоваскулярлы  бұзылысты  тудыру 
тәжірибесінде қолданылады.
Соматикалық аурулардың пайда болуындағы шартты рефлекторлы қызметтің 
рөлі К.М.  Быков және оның қызметкерлерінің еңбектерінде тәжірибе арқылы 
зерттеліп,  теория  жүзінде  іске  асты.  ¥заққа  созылған  стрестің  әсерінен  ағза 
қызметінің үйлесімділігі бұзылады.
Психиатрияда  өткен ғасырдың  аяғы және  осы ғасырдың  алғашқы жарты- 
сында  кең  түрде  таралған  бағыт  —  психоморфология  бағыты.  Бұл  бағыттың 
пайда  болуын  веналық дәрігер  Ф.  Галь  френологиясымен  байланыстырады. 
Ф.  Галь адамдардың  психикалық сапасы  мен  ерекшеліктерін  қаңқа  сүйегінің 
формасы  мен  құрылымымен  байланыстырды.  Ол  қаңқаны ң  бүдірлері  мен 
сайларына  қарай  отырып,  адамның  қасиеттері  мен  неге  бейім  екендігін 
анықтағысы келді.  Ф.  Галь френологиясы Ломброзоның буржуазиялық елдер- 
де  кең  таралған  қылмыскерлікке  биологиялы қ  бейімділік  —  туа  біткен 
қылмыскер жөніндегі идеяның дамуына түрткі  болды.
Психоморфологиялық  бағыттың  көрнекті  өкілдеріне  Т.  М ейнерт  ж әне 
Клейст  жатады.  Т.  М ейнерт  психиатрияда  нейроанатомия  білімі  арқылы 
психикалық аурулардың мәні мен симптомдарын түсінуге болады деп санады. 
Мұнда  негізгі  мағынаны  маңдай  бөлігінің  және  олардың  байланыстарының


Биологиялық бағыттар
35
зақымдалуына жоғары көңіл бөлді.  Клейст психикалық бұзылыстар синдром- 
дарының классификациясын зақымданудың ОЖЖ-да орналасқан жеріне бай­
ланысты жасауды ұсынды.  Ол  ми  бағанасы  мен  ми қыртысы зақымдануынан 
болатын симптомокешендерді ажыратты.
Психикалық  аурулар  кезіндегі  нейроанатомиялы қ  өзгерістерді  зерттеу 
психиатрларды ң  ж әне  басқа  да  м ам андарды ң  п сихикалы қ  аурулардың 
материалдық субстратын табуға ұмтылысын көрсетті.  Бұл зерттеу аспектісіне 
әр елдің алдыңғы қатарлы психиатрлары көп көңіл бөлді. Мидың органикалық 
зақымдануы кезіндегі психикалық аурулардың патологоанатомиялық зерттеу 
нәтиж есі  оны ң  табиғаты  м ен  болж амы н  аны қтауға  м үмкіндік  берді. 
Науқастарда  бақыланатын мидағы органикалық өзгерістер мен психикалық 
бұзылыстардың сипаты арасындағы қатынасқа  баға  беру өте күрделі мәселе 
болды. Бұл психоморфологиялық концепция мидың үлкен жарты шарларының 
интегративті,  тұтас  қызметінің  қалыпты  ж әне  патологиялық  өзгерістерін 
анықтайтын  негізгі  принциптерді  елемейді.  Концепцияны ң  кемшілігі  ш и­
зофрения ауруларында психохирургияда  (лейкотомия)  емдеу практикасын- 
да  айқын  көрінді.  Психохирургияға  кеңес  өкіметінде тыйым салынған.  Со- 
нымен  бірге,  буржуазиялық  елдердің  кейбір  мамандары  бұл  концепцияны 
мақұлдап,  п си хи калы қ  ауруларды  емдеуде  психохирургияны   қолдану 
керектігін айтты.
Психиатрияда нозологиялық әдістің енуіне байланысты психикалық ауру- 
ларда  зат  алмасу  үрдістерінің  ерекшеліктеріне  деген  қызығушылық  көбейді. 
Адамның психикалық жағдайына ағзаның гуморальды ортасының әсері туралы 
ой  Гиппократ  тұсында  да  айтылған.  Б ірақ  психиатрияны ң  дамуы  мен 
нозологиялы қ  көзқарас  психикалы қ  аурулардың  белгілерін  түсіндіруде 
психикалық  ауруларда  болатын  биологиялық  үрдістердің  ерекшеліктерін 
ғылыми  тұрғыдан  қарастыруға  жол  ашты.  Яғни,  С.С.  Корсаков  психикалық 
ауруларды мидағы болатын материалдық өзгерістермен байланыстырып,  ауру 
патогенезін түсіндіруде И.М.  Сеченовтің рефлекс идеясын пайдаланды.
Э.  Крепелин  ерте  дамитын  ақыл  аздығының  дамуында  биологиялы қ 
үрдістердің  бұзылысына  көп  көңіл  бөлді.  Бұл  ауру  кезіндегі  зат  алмасу 
бұзылыстарын  зерттеуде А.  Ющенко,  В.П.  Протопопов,  Гьесинг  (Норвегия) 
көп үлес  қосты.
Соңғы уақытта табиғи  ғылым саласындағы жоғарғы ғылыми жетістіктерге 
байланысты, әсіресе, тұлғаның биологиялық профиліне қатысты психикалық 
аурулардың  табиғатын  зерттеуде  ж аңа  мүмкіндіктер  пайда  болды,  ол  — 
психикалық  аурулардың  биохимиялық  негізін  зерттеу  болып  табылады.  Бұл 
бағыт нейрогуморальды регуляторлар, нейропептидтер, аутоиммунды үрдістерді 
зерттеумен  айналы сады .  Н ейрогум оральды   регуляторларды ң  алмасу 
ерекшеліктері және олардың  мидың  әртүрлі құрылымында таралу деңгейі ау­
тоиммунды  үрдістер  бұзылысы  дерттің  үдемелілігіне  тәуелді  болып  келетін 
науқастардағы психикалық өзгерістердің сипатына  байланысты.  Психикалық 
аурулардың табиғатын зерттеуде кеңес  мамандарының еңбегі зор болды, олар 
психикалық аурулардың сипатын әр түрлі әдістемемен және нақты клиникалық 
қасиеттерін кешенді әдіс  қолдану арқылы шешті.


36
II  Тарау.  Психиатриядағы  негізгі даму бағыттары
Кеңес  психиатриясында  психикалық ж әне  психосоматикалық түсініктер 
арақатынасының  мәселесін  шешуге  ғылыми  көзқарас  материалистік  бірлік 
принципі  негізінде құрылды.  Бұл  психикалық қызметтің  бүкіл  ағзаның және 
оның  жеке жүйелерінің  физиологиялық  процестеріне  әсер  ету  мүмкіндігін 
анықтайды.
Психика құрылымының күрделілігі, оның нейрофизиологиялық субстратпен 
үздіксіз  байланысы  психосоматикалық  өзара  әсерлестік жөніндегі  түсінікті 
теориялық та және әдіснамалық тұрғыдан да қиындатады. Әрбір адамда дерттің 
көрініс беру сипаты әр түрлі.  Сонымен бірге, бұл айырмашылықтар белгілі бір 
психикалық ауруға тән этиология мен патогенез шекарасында өтеді.
Психиатрияның дамуында профилактикалық бағытта шекаралық жағдайлар 
мәселелерін шешуде съездер  мен жиналыстарда көптеген  мәселелер шешілді: 
«Бөртпе сүзегі кезіндегі психикалық бұзылыстар» (В.А.  Гиляровский), «Ашығу 
кезіндегі  ж үйкелік  ж ән е  п сихикалы қ  бұзылыстар»  (А.М.  Гринш тейн, 
Т.И.  Юдин), «Рефлексология көзқарасты тұлға жөніндегі ілім» (В.М.  Бехтерев). 
Тұрғындарға  ауруханадан  тыс  психоневрологиялық  көмек  көрсету жөніндегі 
ұсыныстар қабылданды.  Психиатрияда тиімді ғылыми зерттеулер жүргізілетін 
мекемелер ашылды.
Ең  көне  ғы лы м и-зерттеу  институттары ны ң  бірі  В.М.  Бехтеревтің 
психоневрологиялық  институты  болып  табылады.  Ол  1907  ж.  Петербургте 
ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде ашылып, кейіннен Бехтеревтің ұсынысымен 
алкоголизмді зерттейтін тәжірибелік институт базасында паторефлексологиялық 
институт болып құр^ілды. 1944 ж. ол В.М.  Бехтерев атындағы психоневрологиялық 
ғылыми-зерттеу институты  болып қайта  құрылды.  Институт  психиатрия,  не­
врология және медициналық психологияның маңызды мәселелерінің бірқатарын 
қарастырады:  патогенезін,  бас  миының  қан  тамырлық зақымданулары,  эпи­
лепсия,  невроз,  алкоголизмнің клиникасы мен терапиясы және т.б.
1921  ж.  Мәскеуде соттық сараптау институты ұйымдастырылды,  кейінірек 
ол В.П.  Сербский атындағы Соттық психиатрияның орталық институты болып 
аталды.
Кейін бұл институт теория мен практиканың жалпы мәселелерін зерттеумен 
айналысты және В.П.  Сербский атындағы Жалпы және соттық психиатрияның 
бүкілкеңестік ғылыми-зерттеу институты болып аталды.
Бұл ғылыми-зерттеу орталығы соттық психиатрияда психикалық аурулардың 
есі  дұрыс  еместігі  ж әне  қабілетсіздігі  критерийлерін  зерттейді.  Осындай 
науқастардың  қоғамға  зиянды  әрекеттерінің  алдын  алу  бойынша  зерттеулер 
жүргізіледі.  1921 ж. Киевте психиатриялық аурухана базасында ғылыми-зерттеу 
институты жұмыс  істей  бастады,  ал  1926 ж.  (Харьков  психиатриялық ауруха- 
насы  базасында)  Украина  клиникалық  психиатрия және  әлеуметтік  гигиена 
институты ашылды.  Бұл екі институт Украина психоневрологиялық академи- 
ясы болып қайта құр^ілды және мұнда жұмыс істеуге ірі мамандар — Т.И.  Юдин, 
Л.И.  Смирнов,  И.Н.  Филимонов,  Л.С.  Выготский,  А.И.  Ющенко,  В.П.  Про­
топопов,  К.И.  Платонов т.б.  шақырылды.
1937  ж.  академия  Украина  психоневрологиялық  институты  болып  қайта 
құр^ілып, академия құрамындағы алғашқы жеке институттар оның бөлімшелері


Биологиялық бағыттар
37
болып  қалды.  Институт қызметіндегі  алғы  бағыттар жүйке және психикалық 
аурулардың клиникалық ерекшеліктерін ескере отырып,  патофизиологиялық 
негіздерін  зерттеді.  1965  ж.  институт  Харьков  неврология  және  психиатрия 
институты  болып қайта  құрылды.
Грузияда  1925 ж.  М.М. Асатианидің  басшылығымен  психоневрологиялық 
институт  ашылды.  М.М. Асатиани  өмірден  озған  соң,  институтқа оның  есімі 
құрметті  түрде  берілді.  Мұнда  психиатрияның  өзекті  мәселелері  шешіліп, 
республикадағы  стационарлардың  ғылыми  және  емдеу  мәселелері  шешілді. 
Институттың кең түрде жүргізген жұмыстарының бірі — психикалық аурулардың 
биологиялық негізін клинико-эксперименталды-морфологиялық зерттеуі еді.
Психопрофилактика және гигиена институты мен П.Б.  Ганнушкин атындағы 
клиникалы қ  психоневрологиялық  институты  бірігіп,  1838  ж.  М әскеулік 
психиатриялық  ғылыми-зерттеу  институты  болып  қайта  ашылды.  М ұның 
құрамындағы көптеген клиникалар мен зертханалар жалпы психопатологиялық 
ж әне  клиникалық  психиатриядағы  көптеген  маңызды  мәселелерді  шешті. 
Ғылыми жұмыстарында эпилепсия, алкоголизм және психикалық аурулардың 
фармакотерапиясы бойынша зерттеулер көрнекті орын алады. Институт ауру- 
хана ж әне ауруханадан тыс психиатриялық мекемелелер қызметінің ғылыми- 
практикалық басқарылуын дамытты.
1944 ж.  КСРО  МҒА психиатрия институты құрылды.  Оның жетекшісі бо­
лып  В.А.  Гиляровский  тағайындалды.  Институт  психиатрия  тәжірибесі  мен 
теориясының түйінді мәселелерімен айналысты.  1982 ж.  бұл институт жанын- 
да  КСРО  МҒА  психикалық денсаулық  ғылыми  орталығы  ашылды.  Қазіргі 
кезде  ол  —  Ресей  медицина  ғылым  академиясының  психикалық денсаулық 
ғылы ми  орталығы.  О рталы қты ң  негізгі  мәселесі  ш и зоф рен и я  болды. 
Психикалық денсаулық  орталығы  психиатрияның  негізгі  ғылыми  мекемесі 
болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет