Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет24/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   167
ЖАСҚА  БАЙЛАНЫСТЫ  ПСИХОГИГИЕНА
Адам  өмірінде  психиатрия  мәселелерінің  санын  жоғарылататын  жастық 
кезеңдер  болады.  Бұл  —  организмнің  өсу  кезеңі  мен  психикалық  сфераның 
дамуы және биологиялық немесе психологиялық қайта құрылуға байланысты 
егде жас кезеңі болып табылады.  Келесі жас кезеңдерін бөлеміз.
• Сәбилік —  1 жасқа дейін.
• Балалық —  12 жас.
• Ересектік (жасөспірімдік кезең)  —  12-16 жас.
• Балғындық —  16-22 жас.
• Ересек — 22-50 жас.
• Кері даму —  51-70 жас.
• Қартаю —  70 жастан жоғары.
Психогигиенаның  балалық,  жасөспірімдік және  балғындық жастағыларға 
байланысты  міндеті  организмнің  өсуі  мен  дамуы  және  адамның  анатомдық- 
физиологиялық ерекшеліктері жөніндегі білім  қорына негізделіп шешіледі.
Психика дамуының маңызды сатылары мынадай:
• I  —  моторлы —  1 жасқа дейін;
• I I  — сенсомоторлы —  3 жасқа дейін;
• III  — аффективті —  3-12 жасқа дейін;
•IV  — идеаторлы  —  12 жастан  14-16 жасқа дейін.
Сатыларды  бөлу және оларды уақыт  бойынша  шектеуде жасандылық бар, 
себебі,  адам  психикасының  барлық  саласы  әрқаш ан  даму үстінде  болады. 
Отандық  психология  мәліметтері  бойынша,  психикалық  дамудың  негізгі 
мазмұны  сананың  функциялық құрамының  өзгеруінде және  онтогенездің  әр 
сатысында қайта құрылуы болып табылады.  Бұл кезде қандай да бір психикалық 
үрдіс басым болады.  Сатыларды белгілеу арқылы психиканың жетілу дәрежесі 
анықталады.  Бұл  психика  дамуына  ж әне  тұлғаның  қалыптасуына  барынша 
қолайлы жағдай жасауға қажет.
Психопрофилактиканы ұйымдастыруда төмендегілерді ескеру керек:
1) психиканың жасқа байланысты ерекшеліктері;
2) психика дамуының бірқалыпты емес  секірмелі сипаттамасы;
3) өмірдің  бірінші жылдарындағы қарқынды психикалық даму фактісі;
4)  балалардың психикалық жауап беру ерекшелігі.
Сыртқы орта әсеріне байланысты бағдарлама күрделендірілуде.  Психогиги­
ена  мен  психопрофилактика  міндеті  —  сыртқы  орта  әсерлерін  нақты  ұрпақ 
үшін қалыптасқан бағдарламаға максималды сәйкес ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет