Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет21/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ІІ-Тармақ
ПСИХОГИГИЕНА ЖӘНЕ 
ПСИХОПРОФИЛАКТИКА
IV Тарау 
ПСИХОГИГИЕНА
ПСИХОГИГИЕНА,  МАЗМУНЫ  МЕН  МІНДЕТІ
Психогигиена  —  халықтың  психикалық денсаулығын  сақтау және  нығайту 
шараларын іске асыратын, сонымен бірге, адамның оңтайлы психикалық қызмет 
ету жағдайларын зерттейтін  медицинаның бір саласы.
Психогигиена адамның психикалық саулығына сыртқы ортаның әсер етуін 
зерттеумен  айналысады.  Табиғаттағы,  қоғамдағы,  сонымен  бірге  өндірістегі, 
тұрмыстағы  психикалық сфераға  қолайсыз,  зиянды  факторларды  анықтайды 
және  оларды  аластату жолдарын  ұйымдастырады.  Өндірісте  ғылыми  негізде 
жасалған  гигиеналы қ  ж ән е  психогигиеналы қ  нормативтердің  сақталу 
қажеттілігін заңды түрде қамтамасыз етеді, жаңа өзгерістерді жетілдіруге, адам- 
зат  бақыты  үшін  ғылыми-техникалық  революцияның  жетістіктерін  толық 
қолдануға  бағыттайды.  Психикалық бұзылыстар,  психикалық дискомфорт  — 
адам денінің саулығы түсінігіне қарама-қайшы.
Психогигиена адамның психикалық саулығына сыртқы ортаның тигізетін 
әсерін  зерттейді.  П сихогигиена  өзінің  әдіснамасы   ж ағы нан  әлеуметтік 
гигиенаға жақын.  Егер әлеуметтік гигиена әлеуметтік ортаның адам ағзасына 
тигізетін  әсерін  зерттеп  ж әне  ағзаға  тигізетін  зиянды  факторлардың  алдын 
алумен  айналысса,  психогигиена  тек  адамның  психикасына  байланысты 
бөлігімен айналысады. Сонымен, психогигиенаның негізгі мақсаты психикалық 
патологияның  пайда  болуында  тұқым  қуалау,  биологиялық  факторлардың 
мәнін  ескере отырып,  әлеуметтік ортаның  адамның  психикалық саулығына 
әсерін  зерттейді  ж ән е  п сихикалы қ  аурулардың  алдын  алу  ш араларын 
қарастырады.


Психогигиена,  мазмүны  мен  міндеті
47
Психогигиена  ғылым  ж әне  іс-шаралар  кешені  ретінде  жеткілікті  білім 
жинағына және өзіндік зерттеу әдістеріне  әлі де кедей.  Психогигиена тарихи 
қалыптасуы  бойынша  психиатрияның  бір  бөлігі ретінде дамыды.  Психогиги­
ена арқылы психиатрия мен әлеуметтік гигиена арасында байланыс жүзеге аса 
бастады.  Психогигиена  тұрғысында  әлеуметтік  гигиена  әдістерін  меңгеру, 
клиницист-психиатрларға  профилактиканы  негізгі  бағыт  ретінде  ұстанып, 
психопатологияның  әлеуметтік және  биологиялық  аспектілерін  толық және 
дұрыс бағалауға көмектеседі.
П сихогигиенаны ң  проф илактикаға  бағдары,  ш екаралы қ  психикалы қ 
патологияға, әлеуметтік-психологиялық дезадаптирлеуші ж әне психикалық 
сфераны  компенсирлеуші  факторларға  жоғары  назар  аудару,  психикалық 
сау  тұрғындар  арасында  ғылыми  ж әне  тәжірибелік  жұмыстарды  кеңейту, 
адамның оптималды психикалық қызмет ету жағдайын зерттеу соңғы кезде 
психогигиенаны  медициналық психологияның  бір  бөлігі ретінде  бағалауға 
мүмкіндік берді.
Психология — адамның қалыптағы психикалық қызметін зерттейтін ғылым. 
Медициналық психология  —  медицинаның  психологиялық аспектін зерттейтін 
және патологиялық жағдайларда психикалық зерттеуді ұйымдастыратын ғылыми 
бағыт.
Жоғарыда  көрсетілген  мақсатқа  сәйкес  денсаулық  сақтау ұйымының  ал- 
дында  тұрған  нақты  міндеттерді  анықтауға  болады,  олар  —  сау  психика  мен 
үйлесімді  тұлға  үшін  күрес.  Бұл  міндеттер  психогигиена  қызметінің  бағытын 
анықтайды және осы кезеңге сәйкес теория мен тәжірибені қолданады.  Оның 
бөлімдері:  еңбек  психогигиенасы,  жасқа  байланысты  психогигиена,  тәрбие 
және білім беру психогигиенасы, отбасы мен жыныстық өмір психогигиенасы, 
науқас адам психогигиенасы, зиянды әдеттер ж әне алкоголизммен күрес.
Спорт,  әскери,  инженерлік,  космостық психогигиена аумағында және т.б. 
жұмыстар жүргізілуде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет