Ес бүзылысы
123
қоршаған ортадағы заттар қорқынышты көрінеді, фантастикалық формаларға
енеді, балалар бөлмеде жалғыз қалуға қорқады.
Егер галлюцинациялар пайда болса, соның ішінде, көру галлюцинациялары
басым болып келеді, олар ашық, бейнелі сипатта болады және әдетте, кешкі
уақытта пайда болады. Галлю цинациялар өзгерген сана фонында жиі
бақыланады.
Психосенсорлық бұзылыстар — балалардағы инфекциялық және органикалық
аурулардың жиі симптомы.
Жасөспірімдердегі қабылдау бұзылыстары ересектердікіне ұқсас болып
келеді. Дегенмен, ересектермен салыстырғанда жасөспірімдерде көру галлю
цинациялары, қиял елестері айқын болып келеді. Жасөспірімдердегі галлюци
нациялар мен псевдогаллюцинациялардың ерекшеліктері оқылған кітаптар
мазмұнын, қызығушылықтарын бейнелейді. Жасөспірімдерде дереализация
мен деперсонализация жиі бақыланады. Бұл бұзылыстар шаршау немесе эмо-
ционалды күйзелістер кезінде эпизодты түрде пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: