Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет70/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   167
Таныстық сезімінің бұзылысы
Ес  бұзылыстары  симптомдарының  ішінде ерекше топ таныстық сезімінің 
бұзылуы  болып табылады.  Аталған  бұзылыстар психопатологияда шекаралық 
бұзылыстарға жатады.  Олар  сау  адамдарда,  мысалы,  көңіл-күй өзгерістерінде 
және психикалық науқас адамдарда да байқалады. Таныстық сезімінің бұзылуы 
симптом  ретінде  қабылдау  бұзылысы  шеңберінде де  қарастырылуы  мүмкін, 
өйткені,  заттарды  тану  бұзылады  ж әне  эмоциялық  бұзылыстар  шеңберінде 
қарастыруға, сана бұзылысымен де байланыстыруға болады.
Бұрын  көргендік  симптомы  (deja  vu  —  француз  авторлары  бойынша)  және 
ешқашан көрмегендік симптомдарын  (jamais vu) ажыратамыз.
Бүрын  көргендік  симптомы  кезінде  адам  өмірінде  алғаш  қабылдап  тұрған 
нәрсені  бұрын  болған  оқиға  түрінде  қабылдайды.  Бұл  сезімнің  қате  екенін 
түсінеді. Мысалы, қандай да бір қалаға алғаш келген адам осы қалада өзін бұрын 
болғандай сезінеді.
Ал  ешқашан  көрмегендік  симптомы  кезінде  адамға жақсы таныс  қандай да 
бір зат бөтен, алғашқы рет көріп тұрғандай сезім тудырады.  Бұл жағдайда кри-


Ойлау бүзылысы
129
тика  сақталады,  бұзылыс  екенін  жоққа  шығармайды.  Мысалы,  адам  өзінің 
бөлмесіне кірген кезде өзінің  бөлмесінің ерекшеліктерін  біле тұра,  танымауы 
мүмкін.
Таныстық сезімінің  бұзылуы жиі психосенсорлы  бұзылыспен  бірге жүреді 
және дереализация және деперсонализация синдромдары құрылымында көрініс 
береді. Бұл бұзылыстарды ең алдымен, энцефалит, ми ісігі, эпилепсия, шизоф­
рения, маниакальды-депрессивті психозбен ауыратын науқастардан іздеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет