Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет82/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   167
Апатия — бос эмоциялық күй, барлығына толық немқұрайлылық, эмоциялық 
топастық (тупость) — дефицитарлы симптомға жатады. Апатия — шизофрениялық 
үрдіске, тотальды органикалық деменцияға тән.
Дисфория  жағдайы  —  тітіркенгіштік,  қаталдық,  ызалылық,  өзі  мен  айна- 
ласындағыларға  көңіл  толмаушылықпен,  атылғыштықпен,  агрессивті  және 
күйрететін  әрекеттерге  бейімділікпен  жүретін  өзгерген  көңіл-күй  кезеңдері. 
Бұл  жағдай  теріс  және  оң  да  эмоциямен  көрінуі  мүмкін.  Тітіркенген-мұнцы 
жағдай аяныш сезімін тудырмайды, ал ызалы көңілділік айналасындағылардың 
көңілін көтермейді. Дисфориялар эпилепсияның үлкен ұстамасының эквиваленті 
болып  табылады  және деалкоголизммен,  наркоманиямен  ауырған  науқастар 
абстиненциясы жағдайында,  психоорганикалық синдромда бақыланады.
Жігерсіздік  —  эмоциялы қ  әлсіздік,  сезімдер  сферасындағы  лабильділік 
жағдайы. Болмашы нәрсеге қатысты көңіл-күйдің үнемі тербелісімен сипатта- 
лады;  тез  арада жылайды,  ал  көңіл-күйі  көтерілгенде,  сентиментальдылық 
бақыланады.  Бас миының қан тамырлық зақымдануында, соматогенді астени- 
яда  байқалады.
Абдырау  —  өзіндік  сана  ж әне  заттық  сана  бұзылысымен  психикалық 
қызметтердің  жедел  бұзылысының дамуымен  бірге жүретін  шатасу жағдайы. 
Көздері кеңінен ашылған, кезбе көзқарас, сенімсіз қозғалыс, сұрамшыл сөз — 
науқастың  бар кескіні өз жағдайы мен болып жатқан жайтты түсінбейтіндігін 
суреттейді.  Абдырау  ш изофренияда  симптоматиканын  онейроидты  сана 
күңгірттенуіне бағытталуы кезінде айқын көрініс береді.
Эмоциялыц реакция  —  биологиялық  немесе  әлеуметтік  м әні  бар  тітір- 
кендіргішке эмоционалды жауаптар.
Көңіл-күймен салыстырғанда,  эмоциялық реакция қашан да нақты  болып 
келеді. Эмоциялық реакция эмоциялық жағдаймен салыстырғанда, қысқа және 
интенсивтілігі жоғары  болып  келеді.  Эмоциялы жауап  бергеннен  кейін  адам 
қалыпты  эмоциялы  күйге  қайтып  келеді.  Интенсивтілігі  бойынша  шамадан 
тыс  эмоциялық  реакция  аффект  деп  аталады.  Аффект дәрежесіне  дейін  кез 
келген эмоция — теріс және оң, күшеюі мүмкін.  Бұл — қаһар, ашу, қорқыныш 
немесе экстаз,  энтузиазмның шегіне жеткен көрінісі болуы мүмкін.
Көрініс ерекшеліктеріне қарай аффект физиологиялық және патологиялық 
болып бөлінеді.
Физиологиялық аффектіде эмоциялық жауап күші бойынша тітіркендіргішке 
сәйкес  келеді,  одан  асып,  реакция  шыңында  сана  тарылуымен  бірге  жүруі 
мүмкін,  бірақ өз жүріс-тұрысын бақылай алады ж әне осы кезеңде орын алған 
оқиғалар жөнінде естелік қалады.
Патологиялық  аффект  —  психикалық үрдістердің  қажуына  алып  келетін, 
тітіркендіргіш  күші  мен  сапасына  сәйкес  келмейтін,  буырқанған  қимылдық 
ж әне  вазовегетативті  көріністермен,  сананы ң  күрт  тарылуымен,  артынан 
күңгірттенуімен, автоматизацияланған әлеуметтік қауіпті сипаттағы жүріс-тұрыс 
мақсатсыздығымен  көрінетін  максималды  аны қ  эмоционалды  реакция. 
Патологиялық  аффект  бірнеше  минуттан  1—2  сағатқа  созылады,  артынан 
аффективті жүріс-тұрыс кезеңінің толық амнезиялануымен терең ұйқыға ауы- 
сады. Осылайша, патологиялық аффект деп психикалық қызметтің жедел қысқа


Қозғалыстық және  еріктік  бұзылыстар
145
уақыттық  бұзылуларының  эмоциогенді  дамуын  айтамыз,  осы  уақытта  адам 
өзінің істеріне жетекшілік ете алмайды, өз істерінің қателігін түсінбейді, арты- 
нан осы жағдайда жасаған заңға қайшы әрекеттеріне жауап бере алмайды (кісі 
өлтіруге дейін).  Бас-ми жарақатымен,  эпилепсиямен,  алкоголизммен,  нарко- 
маниямен зардап шегетін адамдар аффективті реакцияларға бейім болып келеді.
Дисфориялық реакция  — дисфория жағдайындағы  науқас  адам  реакциясы. 
Бұл эмоциялық пароксизм, ол тек сырттай қоршаған орта тітіркендіргіштеріне 
жауапты ызалы-агрессивті реакция ретінде көрінеді, бірақ өзінің мәні жағынан 
мидағы алмасу үрдістерінің тербелісінің салдары болып табылады.  Қатал кею- 
мен күйрететін реакция болмашы себептен,  кейде онсыз да пайда болады,  ол 
науқастың  өзіне  немесе  жансыз  заттарға  бағытталуы  мүмкін.  Дисф ория 
жағдайындағы адамның қозуы брутальдылықпен, бірбеткейлікпен сипатталады 
және оны  шақырушы  тітіркендіргіш ликвидациясынан  кейін де тоқтамайды. 
Өзінің типті түрінде эпилепсия кезінде көрініс береді.
Эмоциялыц цатынастар  —  эмоциялық таңдамалылық,  эмоцияның  белгілі 
бір оқиғалармен, адамдармен немесе заттармен тұрақты байланысы.  Біз өзімізді 
қандай да бір заттармен қоршаймыз, тек нақты адамдармен байланыс жасаймыз, 
бір  нәрсеге  талпынамыз  және  бір  нәрседен  қашқақтаймыз,  симпатия  және 
антипатия сезінеміз — осының барлығы эмоциялық қатынастарымыздың белгісі 
болып табылады.  Эмоциялы қатынастардың күрт өзгеруі мысалы, жақын ада- 
мын жоғалту дертті күйлер — невроздар және реактивті психоздарды тудыруы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет