Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


IX Тарау НЕГІЗГІ  ПСИХОПАТОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет90/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   167
IX Тарау
НЕГІЗГІ  ПСИХОПАТОЛОГИЯЛЫҚ
СИНДРОМДАР
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР  КЕЗІН Д Е  СИНДРОМ 
ТҮЗІЛ У ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Психопатологиялык синдром дегеніміз — ортак патогенезбен біріктірілген 
симптомдар жиынтығы. Синдромдар өздігінен белгілі бір нозологиялык формаға 
тән болмайды және көптеген психикалык ауруларда кездесуі мүмкін. Мысалы, 
делириозды синдром тек алкогольді делирийда ғана емес, сонымен катар жедел 
интоксикациялык, инфекциялык ауруларда, операциядан кейінгі, жаракаттан 
кейінгі  психоз  бен  ішкі  мүшелердің  ауруларымен  байланысты  психоздарда, 
тамыр ауруларында да кездесуі мүмкін.  Бұл жағдайлардағы делирий бір-біріне 
өте ұксас, егер тек наукастың анамнезіне, соматикалык жағдайы мен наукастың 
осы  кездегі  психикалык  өзгерістеріне  ғана  көңіл  аударсак,  онда  ауруды 
аныктауымыз  мүмкін  емес.  Осылай  бола  тұра,  симптомдар  мен  синдромдар 
аурудың  клиникалык  көрінісін  кұрайтын  материал  болып  табылады.  Дертті 
үрдіс өзінің типті немесе индивидуалды көріністерін тек симптомдар мен син­
дромдар, олардың жиынтығы мен динамикадағы өзгерістері аркылы іске асы- 
рады.  Сондыктан,  ауруда тек синдромдар ғана емес,  сонымен катар,  олардың 
динамикасы  специф икалы к  болып  табылады:  синдромдардың  күрылуы, 
күрделенуі,  кері дамуы, ауыспалылығы.
Синдромдар  ж әне  олардың  динамикасы  аркылы  ауру  патогенезі,  оның 
сатыларының  реттілігі  көрініс  береді.  Синдромдардың  таңдамалылығы және 
олардың ауыспалылығы әрбір ауруға тән даму стереотипін аныктайды. Дертті 
үрдіс  барысында  патогенез  сатылары  әрбір  ауруда  ұксас  болуы  мүмкін,  бұл 
кезде  клиникасы  психопатологиялык  симптомдар  ұксастығымен  көрінеді. 
Сондыктан, психикалык ауруды дұрыс айыру үшін (нозологиялык формасын) 
сол  уакытта жағдайдағы  доминантты  психопатологиялык синдромға  сүйеніп 
кана коймай, аурудың бүкіл контекстіне карау керек: яғни,  бұл синдром баска 
симптом,  синдромдармен калай  байланыскан,  оның динамикасы,  наукастың 
тұлғалык сакталып калуында кандай ыкпал көрсетті, закымдалу дәрежесі,  кө- 
лемі  кандай,  дертті  үрдіске  психикалык  саланың  кандай дәрежеде  катысты- 
лығы бар.
Психопатологиялык  синдромдарды  кіші  ж әне  үлкен,  карапайым  ж әне 
күрделі  деп  бөледі.  Кіші  немесе  карапайым  психопатологиялык  синдромда 
бұзылыс дәрежесі жоғары  емес,  бұзылыстар кайтымды,  аурудан айыккан соң 
тұлғалык  өзгерістер  болмайды.  Кіші  синдромдармен  невроз,  психопатия,


156
IX Тарау.  Негізгі  психопатологиялық синдромдар
маниакальды-депресивті  психоздар  өтеді.  Үлкен,  немесе  күрделі  психопа­
тологиялык синдромдарда патологиялык үрдістің генерализациялану дәрежесі 
жоғары  болады,  әр  түрлі  сатыда  синдром  өзіне  психиатриядағы  танымал 
симптомдардың барлығын коса алады, наукас тұлғасына зиян келтіріледі. Үлкен 
(күрделі)  психопатологиялык  синдромдар  бас  миының  органикалык закым- 
дануларында байкалады.
Синдром  түзілуінің  психикалык  аурулар  кезіндегі  жалпы  патологиялык 
зандылыктары  мынадай схемада көрсетілген (9.1-сурет).
А.В.  Снежневский схемасы психопатологиялык синдромдардың динамика­
сы,  алмасу  кезектілігі,  дертті  үрдістщ  генерализациялануыньщ   әр  түрлі 
деңгейінде кандай да бір синдром басымдылығы жөнінде корытынды жасауға 
көмектеседі.  Кез келген психопатологиялык үрдіс астениялык симптоматика- 
дан  басталады.  Неврастенияда  (астениялык  невроз,  бұзылыстардың  І  шең- 
бері) — карапайым (кіші) синдром пайда бола салысымен дерт көрінісі кұралады. 
Егер әрі карай синдром күрделеніп, патологиялык үрдістің генерализациялану 
белгілері пайда болғанда, астениялык невроздың ілкі диагнозын жокка шығаруға 
болады.
Баска невроздарда синдром күрделенуі жабыскактык, истериялык, сенесто- 
ипохондриялык бұзылыстар деңгейіне жетеді (ІІІ  шеңбер).  Бұл деңгейде пси- 
хопатияда да  декомпенсация  жүреді.  Наукаста  үрдістің  генерализациялану 
дәрежесі  жоғары  нозологиялык  формаларға  тән  галлюцинация,  сандырак, 
кататониялык,  эпилептиформды және баска да патологияның пайда болуына 
карап, невроз диагнозы дұрыс койылғандығына күмән туады.
Ал  бұл  бұзылыстар  маниакальды-депрессивті  психозға  тән  карапайым 
аффективті синдромға (депресивті, маниакальды) жат болып келеді (ІІ шеңбер).
Бұзылыстардың келесі жоғарғы деңгейі шизофренияға тән, ол І—V шеңбердегі 
синдромдарды  камтиды.  Егер  ауру  бастамасы  баяу  болса,  инициальды 
астениялык симптоматика біртіндеп астеноипохондриялыкка трансформаци- 
яланады немесе жабыскактыктармен,  фобиялармен үстемеленеді, аффективті 
тербелістер туады, олар шизофренияның бұл ағымының сатысын невроздарға 
немесе циклотимияға ұксастырады.  Дерттің нағыз табиғаты  бұзылыстың гал­
люцинациялар,  сандырак, кататониялык симптомдар пайда болуымен психоз 
деңгейіне дейін күрделену дәрежесіне жеткенінде аныкталады.  Бұл сәт психоз 
манифистациясын  білдіреді.  Егер шизофрениялык үрдіс жедел басталса (мы­
салы,  кезеңдік  формасында),  онда  симптоматика  дамуының  каркындылығы 
соншалык, синдромдардың күрделенуінің алғашкы сатылары бұрмаланып, дерт 
бірден  күрделі  аф ф ективті-санды ракты к,  галлю цинаторлы-параноидты, 
парафренді,  онейроидты-кататониялык синдромдармен көрінеді.
Бүзылыстардың төмен және жоғары орналаскан деңгейлерінің арасындағы 
шекарада  аралык  (өткінші)  полиморфты  психопатологиялык  симптоматика 
бар  дертті  формалар  пайда  болады.  Өтпеліге  шетелдерде жеке  түрде  шизо- 
аффективті  психозды  жаткызады,  ол  маниакальды-депрессивті  психоз  бен 
шизофренияның  арасындағы шекарада тұрады.  Біздің  елдегі классификация 
бойынша бұл психотикалык варианттар кезеңдік (рекуррентті) шизофренияға 
жаткызылады.  Мұндай дертті жағдайлар ағым ерекшелігі (циркулярлы), салы-


Психикалық аурулар  кезінде  синдром  түзілу  заңдылықтары
157
9.1-сурет. Өнімдік психопатологиялык синдромдардың аракатынасы
стырмалы түрде катерлі емес және бұзылыстың кайтымдылығы мен аффективті 
каныктылығы бойынша маниакальды-депрессивті психоздың заңдылыктарын 
бейнелейді.  Ш изоф ренияға  санды ракпен,  псевдогаллю цинациялармен, 
кататониялы к  кұбылыстармен  ж әне  сананы ң  онейроидты  өзгерістерімен 
синдромның  күрделену деңгейі  сәйкес  келеді.  Неврозбен  шекаралас  терең 
емес,  «невроздык» деңгейдегі бұзылыстармен жүретін шизофрения диагности- 
каланады:  тұракты,  демалғаннан  кейін  де  жойылмайтын  астения,  жабыс- 
кактыктар,  фобиялар,  истероформды  бұзылыстар  немесе  ипохондриялык 
жүріс-тұрыс байкалады.  Неврозбен салыстырғанда бұзылыс тереңдігі жөнінде 
тұлғалык өзгерістер дәрежесі дәлел  болады,  ол  невроздык деңгейден жоғары 
болады.
Одан  жоғарғы  шеңбердегі  (ѴІ  шеңбер)  бұзылыстар  сана  күңгірттенуімен 
байланысты экзогенді психоздарға тән (делирий, аменция карауыткан жағдай), 
одан  жоғары  (ѴІІ  шеңбер)  органикалык  психозбен  шекаралас,  одан  да  әрі 
(ѴІІІ  шеңбер)  эпилепсия  шеңбері  (үлкен  ұстама,  баска тырысулык және ты- 
рысусыз пароксизмдер). Синдромдардың дамуы ІХ шеңберде дөрекі органикалык


158
IX Тарау.  Негізгі  психопатологиялық синдромдар
психоздармен  шектеледі  (үдемелі  салдану,  кәрілік  психозы  және  т.б.).  Әрбір 
жоғары жаткан синдромдар шеңбері төменгі деңгейдегі синдромдар шеңберін 
камтиды.  Сондыктан  үдемелі  салдануда  депрессивті  ж әне  маниакальды 
жағдайлар  (маниакальды-депрессивті  психозға  сәйкес  аффективті  деңгейдің 
косылуы),  парафренді  сипаттағы  пікірлер  (ш изоф рениялы к  бұзылыстар 
шеңбері), үлкен тырысулык ұстамалар кездесуі мүмкін.  Басым галлюцинатор- 
лы-параноидты синдроммен жүретін эпилепсиялык психоздарды манифестация 
кезеңіндегі шизофрениядан айыру киын.  Сонымен катар, шизофрения  бары- 
сында  пайда  болған  делириозды  және  карауыткан  жағдай  эпилептиформды 
ұстамалар  дерттің  клиникалык  көрінісіне  атипті  сипат  береді және  әркашан 
шизофренияға жат болып  келеді.
Осындай  принцип  бойынша  астенияға  тән  психикалык  үрдістердің  ка- 
жуынан бастап, тұлға деңгейінің төмендеуінің әр түрлі дәрежесіне дейін және 
орталык жүйке  жүйесінің  органикалык  закымдануымен  наукастардағы  то- 
тальды акыл кемдігінің дамуына дейін (ІХ—Х шеңберлер) ауырлаған негативті 
психикалык бұзылыстар карастырылады  (І  шеңбер)  (9.2-сурет).
9.2-сурет. Негативтік психопатологиялык синдромдардың аракатынасы


Психикалық аурулар  кезінде  синдром  түзілу заңдылықтары
159
Бұл  схема  Э.  Крепелиннің  психикалык  патологияның  жалпы  теориясы 
негізінде жасалған.  Ол психикалык бұзылыстардың үш регистрін ажыратты.
I.  Невроздар мен маниакальды-депресивті психозға сәйкес келетін невроздык 
және аффективті бұзылыстар.
II.  Ш изофрениялык бұзылыстар.
III.  Органикалык бұзылыстар.
Психопатологиялык синдром  карапайым  симптомдар  жинағы  емес,  ол  — 
әр  дертке  тән  кұрылымы  бар  нозологиялык  формамен  детерминирленген 
патологиялык жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет