Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет86/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Әуестік бұзылысы
Әуестік бұзылысы сапалық және сандық болып бөлінеді.  Сандық бұзылысы 
күшеюімен  немесе  әлсіреуімен,  сапалық  бұзылысы  —  бұрмаланумен  көрініс 
береді.
Барлық  әуестіктер  мен  тілектердің  кушеюі,  тежеусізденуі  —  (гипербулия) 
маниакальды және гипоманиакальды жағдайларға тән: науқас мешкей, сексу- 
алды,  әйелдер  кербез  болады.  Науқастар  кез  келген  жұмысқа  кірісіп  кетеді, 
кейде бірнеше жұмысты бірдей бастайды,  бірақ зейін тұрақсыздығына  байла­
нысты  соңына  дейін  аяқтамайды,  тез  тастап  кетеді,  кең  пейілді  болады; 
таңдаусыз жыныстық байланысқа түседі. Мидың органикалық зақымдануларында 
булимия (полифагия) — семіздікке алып келетін тәбеттің патологиялық күшеюі; 
полидипсия — басылмайтын шөл; гиперсексуалдылық-жыныстық инстинктінің 
күшеюі бақыланады.
Әуестіктің  әлсіреуі  (гипобулия),  толық  жойылуы  (абулия)  депрессивті 
жағдаймен  жүреді:  тәбеті  жоғалады,  осының  әсерінен  тамақтан  бас  тартады 
(анорексия),  сексуалды  сезім  басылады.  Тіпті,  күшті  өзін-өзі  сақтандыру 
инстиктісі тежеледі, нәтижесінде суицидальды қауіптілік жоғарылайды. Абулия 
ш изофрениялы қ дефектіге  тән  немқұрайлылық  (апато-абулиялық жағдай) 
жағдайында көрініс  береді.
Тамацтан  бас  тарту  (анорексия)  —  психикалық  аурулар  кезіндегі  жиі 
кездесетін  құбылыс.  Тамақтан  бас  тарту  себептері  галлюциянациялар  (тиым 
салушы  немесе  науқас  тағамнан  жағымсыз  иіс  сезеді),  уландыру,  өзін-өзі 
кінәлау, өзін-өзі кемсіту (өзін күнәһар, тамақ жеуге құқым жоқ деп санайды),


148
VIII  Тарау.  Психикалық бүзылыстар  симптомдары
ипохондриялық  (науқас  тамақтың  сіңбей,  қуысқа  түсіп  жатқанына  сенімді) 
сандырақ идеялары, негативизм және ступорлық қозғалыссыздық болуы мүмкін. 
Жуйкелік  анорексия  атауы,  толып  кету  алдындағы  қорқынышқа  байланысты 
арықтауға  ұмтылу.  Осы  жағдайлардың  барлығында  тамақтану рефлексі  мен 
өзін-өзі сақтау инстинкті әлсіреген.  Осылайша, анорексия ілкі, яғни, тамаққа 
әуестік  бұзылысымен  байланысты,  ж әне  салдарлық,  психикалық  қызметтің 
басқа  сферасының  патологиясы  әсерінен  болады.  Тамақтан  бас  тартқан 
науқастарды шұғыл психиатриялық ауруханаға жеткізіп, емдеу қажет, өйткені, 
бұл жағдайлар өмірге қауіп төндіреді.
Суицидальды тенденциялар (өзіне қол жұмсау тақырыбындағы ойлар, сөздер, 
әрекеттер) галлюцинациялармен (дауыстардың өзіне-өзі қол жұмсауға бұйрық 
беруі),  соңына түсу сандырағымен  (науқас соңына түсушілерден қорғана мерт 
болады), өзін-өзі кінәләу, өзін-өзі кемсіту (өмір сүруге құқым жоқ), қызғаныш 
(сүйген адамын, артынан өзін өлтіреді), ипохондриялық сандырақпен (қауіпті, 
дауасы ж оқ аурудан құтылу үшін), айнала фрагментарлы және біржақты болу- 
ымен  көрінетін  сана  күңгірттенуімен  байланысты  болуы  мүмкін.  Кең  өрісті 
өзіне қол жұмсау жағдайлары мәлім, бұл кезде науқас өзін өлтіру алдында жақын 
туыстарын  өлтіреді,  науқас  оларды  алдағы  қайғы-қасіреттен,  жоқшылықтан 
құтқарып жатқандай сезімде болады.  Суицидальды үрдістің күшеюі науқасты 
ауруханаға шұғыл жатқызуға көрсеткіш болып табылады. Ауруханаға жатқанға 
дейін науқас қатаң қадағалауды қажет етеді.
Әуестік бурмалануы  (парабулия)  жарамайтын  заттарды  —  нәжіс  (капро- 
фагия) жеуге, өзіне зақым келтіруге,  перверсияларда жыныстық қанағат сезімін 
алуға (гомосексуализм,  садизм,  мазохизм ж әне т.б.) құштарлықпен көрінеді. 
Бұндай  бұзылыстар  тұлғаның  ауыр  патологияларында,  психопатияларда, 
психопатия  тәрізді  жағдайларда,  миды ң  органикалы қ  бұзылыстарында 
кездеседі.
Импульсивті цубылыс — жедел туатын әлденеге бағытталған күшті талпыныс, 
ол алдын ала ой сүзгісінен өткізілмейді және мотивтер күресінсіз іске асыры- 
лады.  Импульсивті  әуестіктерге  клептоманияны  —  өз  пайдасына  қатыссыз 
ұрлыққа  құштарлықты жатқызуға  болады.  Импульсивті  әрекет аяқталған  соң 
ұрланған зат иесіне қайтарылып  беріледі немесе лақтырылып тасталады.  Пи­
романия  —  ешқандай  зұлым  ойсыз  өрт  шығаруға  құштарлық.  Дромомания  — 
қаңғыруға  құштарлық.  Дипсомания  —  салынып  ішуге  алып  келетін  спиртті 
ішімдікке кенеттен пайда  болатын күшті құштарлық.  Әуестік қалай кенет  ба- 
сталса, солай аяқталады.  Салынып ішулердің аралықтарында ішімдікке әуестік 
болмайды,  науқас  салауатты  өмір  салтын  ұстанады.  Импульсивті  әрекеттер 
мотивсіз суицидальды әрекеттер, айналасындағыларға кенеттен шабуылдармен 
және басқа мәнсіз әрекеттер түрінде көрінуі мүмкін.
Амбиваленттілік  —  қарама-қарсы  сезімдердің,  тілектердің,  әуестіктердің 
бірге жүруі. Амбиваленттілік психикалық үрдіс бірлігінің ыдырау белгісі болып 
табылады, ол шизофренияға тән. Негізінен адам өзінің заттар мен құб^ілыстарға 
қатынасын  сезімдер  мен  мотивтер  күресі  арқылы  анықтайды.  Патологиялық 
жағдайда көптің ішінен негізгісін таңдау қабілеті бұзылады,  науқас қандай да 
бір шешімге келе алмайды, бұл жүріс-тұрыстан көрініс береді (амбитенденттілік).


Қозғалыстық және  еріктік  бүзылыстар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет