Қимылдық қозу
Қимылдық қозу — қимылдық тежелу тәрізді психоз жағдайларына тән және
бірқатар жағдайларда олардың жеделдігінің белгісі. Мазмұнына қарай қимылдық
қозу біркелкі емес. Ол тек қозғалысқа талпыну немесе әрекетке талпынысты
көрсетуі мүмкін. Біріншісі кататониялық қозудың ерекшелігі — таза маторлы,
мақсатсыз және мағынасыз қозу. Әрекетке талпыну психомоторлы қозу деп
анықталатын маниакальды қозуға тән.
М аниакальды жағдайда барлық психикалы қ функциялар жанданған,
қабылдау жеңіл, ассоцативті қызмет жылдамдаған, көңіл-күй көтеріңкі болады.
Мұндай қозу ауыр жағдайдың өзінде де мағынасыз болмайды, ол әрқашан бір
мақсатқа бағытталған. Науқастар — аса белсенді, қозғалғыш, шаршамайды,
көп және дауыстап сөйлейді. Барлық жерде шу шығарып жүреді, барлық іске
кірісіп, оның ортасында жүреді. Ойына келген істерін жылдам іс жүзіне асы-
рады. Гипоманиакальды жағдайдың жеңіл түрінде жұмысқа қабілеті артады, ол
жиі өзінің жағдайына сыни көзқарастың төмендеуіне байланысты болады.
Дертті жағдайдың шыңына жеткенде психомоторлы қозу хаосты сипат алады.
Зейін қойы п бақылағанда, науқастың түсініксіз тәртібі мақсатты, бірақ
аяқталмаған әрекет екендігін байқауға болады. Егер мұндай науқасты суретке
түсіріп алса, фотографияда белгілі бір істі тындырып жатқан адам бейнесін
көруге болады. Бұл сурет кататониялық жағдайдағы қозған аурудың бейнесінен
ерекшеленеді, кататониялық жағдайдағы науқас қимылдары қыртыс асты
гиперкинездеріне ұқсас. М аниакальды қозу жағдайындағы науқас келбеті
олардың эмоциялық күйін бейнелейді: олар өздерін сенімді ұстайды, жасарып
кеткендей көрінеді, бет әлпеті көңілді, көздері жылтылдайды, беттері қызарған,
мимикасы жанданған, қозғалысы және позалары нық, дауыс байламдарына
тұрақты күш түскендіктен дауыстары қарлыққан (8.7-сурет).
Депрессивті науқастардың урейлі ңозу жағдайы айналасындағыларда ауыр
сезім тудырады. Аурулар қатты ыңырсып, жаны ауырып, көмек күтеді, қолдарын
майыстырып, күбірлейді (8.8-сурет), өз-өзіне зақым келтірулері мүмкін, күтпеген
жерден суицидальды әрекет жасаулары мүмкін. Суицидальды қауіптілік үрейлі
қозу өзін-өзі кінәлау сандырағымен бірге жүргенде күшейе түседі.
Галлюцинаторлы және сандырақтық қозу мазмұны қорқынышты галлюци
нациялар, соңына түсу, әсер ету, қызғаныш және т.б. идеялары болуы мүмкін.
Мұндай аурулардың әрекеттері сандырақ пен галлюцинацияның мазмұнына
сәйкес келеді: науқастар бірдеңеден қорғанады, жасырынады, медициналық
Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
153
8.7-сурет. Айкын маниакальді козу
8.8-сурет. Үрейлі депрессия кейпі
көмек көрсетуге тырысканда, шабуыл жасайды, карсыласады. Осындай
жағдайлар айналасындағылар үшін және өзі үшін де кауіпті. Нағыз кауіптісі
сана өзгерісімен козу жағдайы болып табылады. Жедел сандырак және галлю
цинация әсерінен делириозды, онейроидты, сананың күңгірттенген карауытуы
жағдайындағы, бағдарлау бұзылысымен және ситуацияны түсіну бузылысымен
наукастар терезеден секіріп, басы ауған жакка кашады, шыныны сындырып,
киімін, кұжаттарын жыртып, бағалы заттарды лакты рып жібереді. Сана
күңгірттенуінің (аменция, мусситирлеуші делирий) ауыр жағдайында козу
ретсіз, хаосты, төсек деңгейімен шектеледі, сөзі былдырлаған немесе байла-
ныссыз болады.
Жедел ж әне ауыр психогениямен байланысты туындайтын аффективті-
шокты ступорлык реакциялар туралы тежелу жағдайларын сипаттаған кезде
айтылды. А ф ф ективті-ш окты р еакц и ялар кө р ін ісін ің 2-ш і түрі —
гиперкинетикалык. Мұндай психогенді қозу аффективті тарылған сана фонын-
да дамиды, наукас өз әрекетін баскара алмайтын жағдайда болады. Қоркыныш
билеген адам бағытын таңдамай, әлсірегенін және жаракат, күйік кезінде ауру
сезімін сезбей жүгіре береді. Бұл жағдайда адам кауіпке керісінше жакын бо
лады: мысалы, өрт кезінде жағдайды байыппен түсініп, ғимараттан есік арқылы
шығудың орнына адам үлкен ғимараттың терезесінен секіріп кетеді.
Истериялық қозу әркаш ан психогенді себептен пайда болады ж әне
истерияның барлык көріністері сиякты театрландырылған, демонстративті
болады. Бұл — туракгы немесе кезеңді кайталанатын гиперкинездер немесе
ұстамалар. Бұл кезде ауру айғайлап жылап, ұрынып, еденде сырғанап, әр түрлі
козғалыс жасап, театрлардағы калыпты колданады. Истериялык ұстамада егер
154
VIII Тарау. Психикалық бұзылыстар симптомдары
наукас бұрын осындай ұстаманы өз көзімен көрген жағдайда эпилепсиялык
ұстаманы имитирлейді. Психогенияға катыссыз дамитын эпилепсия ұстамасынан
айырмашылығы: истериялык ұстама әркашан өзге адамдардың көз алдында
эмоциогенді дамиды және ұйкы кезінде болмайды; наукас кұлаған кезде закым
алудан корғанады, тілін тістеп алу немесе кіші дәретін жіберіп кою байкалмайды,
тыныш, сабырлы жағдай жасау аркылы ұстаманы тоқгатуға болады. ¥стаманың
ұзактығы бірнеше сағатка созылады.
Эпилепсиялық қозу дисф ориям ен бірге жүреді ж әне әдетте, наукаста
канағаттанбаушылык сезімін тудыратын сырткы себепке байланысты болады.
Қозу агрессивтілікпен және күйрететін әрекеттермен жүреді, монотонды және
ұзак болуы мүмкін: наукас бір сөздерді айғайлап, кайталайды, біркелкі козғалыс
және әрекет жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |