Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет29/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

VТарау 
ПСИХОПРОФИЛАКТИКА
ПСИХОПРОФИЛАКТИКА ТУРАЛЫ  ТҮСІНІК 
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Психопрофилактика  —  бұл  психикалы қ  аурулардың  ж ән е  олардың 
нәтижесінде болатын асқынулардан сақтандырумен (ескертумен) айналысатын 
психиатрияның бір бөлігі.
Аурулардан сақтандыруға бағытталған жалпы профилактиканың бір бөлігі 
ретінде  психопрофилактика  нақты  психикалық  бұзылыстарға  негізделген. 
Жалпы профилактикалық көптеген мәселелерді шешу психопрофилактикаға 
қосқан үлес болып табылады.  Мысалы: мерездің бастапқы формаларын толық 
тауып,  оған ерте ем қолдану біздің елде прогрессивті паралич және ми мерезі 
сияқты   психикалы қ  аурулардың  ж ойы луы на  себеп  болды;  көптеген 
инф екциялы қ  аурулардың  алдын  алуға  байланысты  сәйкес  инф екциялы қ 
психоздар да жойылды.  Психопрофилактикалық жұмыс организм үшін қиын 
жағдайларда, мысалы, соматикалық және инфекциялық аурулардың дамыған 
сатысында солардың әсерінен болатын психикалық бұзылыстардан сақтандыруға 
көзделген.
Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының  шешімі  бойынша,  психопро­
филактика  ілкі,  салдарлық және үшіншілік  болып  бөлінеді.  Ілкі психопрофи- 
лактикада  психикасы  дұрыс  адамдарды  психикалық аурулардан  сақтандыру 
жұмысы  жүргізіледі.  Салдарлық  психопрофилактика  басталған  психикалық 
ауруды  ерте  анықтап,  оның  асқынған  түрлерін  болдырмау үшін  және  оның 
созылмалы  ж әне  қайталамалы  түріне  ауыспауына  қарсы  жұмыс,  ауруды 
бастапқы сатысында тоқтату жұмысын жүргізеді.  Үшіншілік психопрофилакти­
ка  психикалық науқастың  мүгедектігіне жол  бермеуге бағытталған жұмыстар 
болып табылады.
Ілкі психопрофилактика өте жоғары сапада қызмет жүргізілуін қамтамасыз 
етеді ж әне  тек  медицина  қызметкерлері  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа  да 
мемлекеттік ж әне  жалпы  ұйымдар  мамандарының  қатысуымен  жүргізіледі. 
Салдарлық және үшіншілік психопрофилактика қызметі ауру басталып, зақым 
келгеннен  кейін жүргізілетін  болғандықтан,  оның жұмысының  нәтижесі  ілкі 
психопрофилактикамен салыстырғанда толымсыз болады. Сәйкес жағдайларда 
психопрофилактика  мазмұны  диагностикалы қ,  емдік,  консультативтік, 
педагогикалық  ж әне  басқа  да  арнайы  мамандардың  —  психиатрлардың, 
психологтардың, дефектологтардың, социологтардың жұмысы болып табыла- 
ды.  Тиімділігі  аурудың  түріне,  сипатына,  ұзақтығына,  ушығуына,  даму 
қарқынына,  қалдырған  ақаудың  ауырлығына,  организмнің  компенсаторлық


Психикалық бүзылыстарға үшырау  қаупі жоғары  түрғындар тобы
59
мүмкіндіктеріне,  науқасты  жүргізу  ерекшелігіне,  оған  жүргізілген  емге және 
басқа  аурумен  қатар  жүретін  жағдайларға  байланысты  болады.  Күнделікті 
тәжірибеде қай уақытта дертті жағдайды емдеу,  қай жерде мүгедектікке алып 
келетін  салдардың  алдын  алу  шараларының  жүргізілуі  арасына  шекара  қою 
қиынға соғады. Жедел ағымдағы емнің сапасы, әдетте, болашақта болуы мүмкін 
асқынулардың жиілігі мен сипатын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет