60
V Тарау. Психопрофилактика
бақылау, бала мен ананың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ету болып
табылады.
Психикалық бұзылыстардың пайда болу қаупі жоғары контингентке үлкен
жастағы адамдарды да қосуға болады. Психопрофилактика жүйесін құрастырған
кезде көрініс берген айқын психикалық патологияны қарттыққа тән деп айтуға
болмайды.
Алкоголизация тұрғындар арасында жүйкелік-психикалық аурулар
кездесуін
жоғарылатады. Алкоголизм спецификалы қ алкогольді психоздарға әкеліп
соқтырады, басқа аурулардың психопатологиялық симптоматикасын туында-
тады және ауырлатады,
тұлға деградациясына ұшыратады, әлеуметтік бейімделуді
бұзады. Ата-ана алкоголизациясы физикалық ж әне психикалық толымсыз
балалардың дүниеге келуіне әкеліп соғады. Осылайша, маскүнемдік жүйкелік-
психикалық аурулардың қаупін жоғарылатады, сондықтан психопрофилак-
тиканың бірден-бір міндеті — маскүнемдікпен және зиянды әдеттермен күрес
болып табылады.
Психикалық дертке шалдығу қаупінің мүмкіндігі шизофрения, маниакальды-
депрессивті психоз ж әне басқа да тұқым қуалайтын аурулармен тұқым қуалау
ауырлығы бар адамдарда жоғары. Тұрмыс пен еңбекті сауықтырумен қатар,
эндогенді ауруларға әкелетін экзогенді факторларды жою, медико-генетикалық
консультацияларды кеңейту, адамдардың тұрмыс құру ж әне нәрестелі болу
мәселелеріне дұрыс көзқарасты бекіту қажет.
Жоғарыда айтылған психикалық бұзылыстар пайда болу қаупі жоғары топ-
тарды біле отырып, бізге психопрофилактиканың бірінші кезектегі міндеттерін
қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: