Отбасы және жыныстық өмір психогигиенасы
55
үйлесімді дамуы үшін жетілген тұлға, ересек пікір және эмоционалды қатынас
қажет.
Үндестікте қалыптасқан отбасы уақыт өте келе берік шаңыраққа айналады,
ал үйлесімі бұзылған отбасы емдік көмексіз ажырайды. Ажырасуға әйел және
ер адамның табиғи, биологиялы қ детерминирленген ж ы ны сты қ сәйкес
келмеушілігі әкелуі мүмкін. Ер адамның сексуалдылығы қалыпта 30 жас ша-
масында тұрақталады, ал кешірек төмендейді. Әйелдердің сексуалдылығы бала
тууға қабілетті жаста үздіксіз көтеріледі, ал кейде оның соңына қарай қозады.
Эмоциялы қ тұрақсыз адамдарда осы тәрізді конфликтілі жағдайлар оның
психикалық жағдайына патогенді әсер етеді.
Осы сұрақтарды арнайы талдау нәтижесінде неке, некеге отыру ж әне
отбасылық қарым-қатынасты дамыту өте күрделі үрдіс екені анықталды. Осы
үрдістер — эпизодты түрде, кейде дисгамма жағдайында жүйелі түрде компе-
тентті мамандармен бірлесіп (сексопотологпен, психологпен, психиатрмен,
социологпен), жұбайлардың отбасылық мәселелерін түсіну дәрежесіне қарай
басқарылып отыруы қажет.
Отбасылық қақтығыстарды болдырмау үшін некеге алдын ала түпкілікті
дайындық қажет. Мұның қатарына жүкті
әйелдің денсаулығын қорғау, жүктілік
кезіндегі патологиямен күрес, балалардың психофизиологиялық дұрыс даму-
ын ж әне тәрбиесін қамтамасыз ету, некеге тұрушыларды арнайы дайындау
жатады. Ф изикалық жарақаттар, уланулар, жүкті әйелдің соматикалық және
инфекциялық аурулары әсерінен ұрық мүшелерінің үйлесімділігі мен дамуы
бұзылады, соның әсерінен сексуалды патология және репродуктивті қызмет
бұзылысы бақылануы мүмкін. Болаш ақ баланың денсаулығы жүктіліктің
бары сы на байланысты. Босану кезіндегі ж арақаттар әсерін ен м иды ң
органикалық зақымдануы, инфантилизм, психопатизация, эндокринопатия
болуы мүмкін, осылардың барлығы некенің толыққанды дұрыс дамуына кері
әсер етеді.
Балаларды тәрбиелеу оның жыныстық рөлін ескере отырып жүргізілуі керек:
ұл балаларда еріктік қасиеттерді жоғарылату; ер адамға тән күш-жігер, батылдық,
ал қыз балаларда әйелге тән нәзіктік. Кері жағдайда психосексуалды даму
бұзылыстары орын алуы мүмкін.
Некеге тұруға дайындық, ең алдымен, міндетті түрде м едициналы қ
куәландыруды қажет етеді. Ол жүргізілмеген жағдайда неке тіркелгеннен кейін
интимді жақындықты және ұрпақ жалғастыруды мүмкін емес ететін анатомиялық,
физиологиялық туа пайда болған немесе жүре пайда болған ақаулар мен ано-
малиялар, әр түрлі соматикалық және психикалық аурулар анықталуы мүмкін.
Н еке құрушылар сексологтың, гинекологты ң ж ән е урологтың кеңесін
тыңдағандары дұрыс. Болашақ жұбайлардың неке мен отбасыға байланысты
мәселелері бойынша қандай да бір минималды сауаты болуы керек: қоғамдағы
отбасы рөлін, жыныстық өмір мен қатынастың гигиенасы жөнінде, балалар
күтімі
мен тәрбиесі жөнінде, отбасында жайлы климат құру, үй шаруашылығын
жүргізу жөнінде және т.б. Біздің елде отбасы мен некеге байланысты сұрақтар
бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар ғылыми зерттеу және емдеу мекемелері
тарапынан жасалады.
56
IV Тарау. Психогигиена
Невроздар мен психопатиялар кезінде психотерапияны кең қолдану және
оның психопрофилактикаға ж әне адамның әлеуметтік реадаптациясына
бағытталуы нәтижесінде отбасылық психотерапия ұғымы пайда болды.
Психотерапияның негізгі мақсаты — отбасындағы бұзылған қарым-қатынасты
дұрыстау. Отбасыішілік қарым-қатынас бұзылысы патологияның бір түрі ретінде
қарастырылады, ең алдымен, дұрыс квалификациялануы керек. Отбасылық
жыныстық дисгармонияны анықтау үш деңгейде іске асырылады: бейнелік,
генетикалық және динамикалық. Бейнелік деңгейде жанұялық патология сим-
птомдары анықталады (жыныстық сәйкессіздік, ұрыс-керіс, алкоголизм,
невроздық бұзылыстар, психосоматикалық бұзылыстар). Генетикалық деңгейде
жұбайлық қарым-қатынас эволюциясы қаралады, некенің бұзылуының себебі
анықталады (ерте
некелесу, кездейсоқтық, некені өткен өмірінің конфликтілерін
ұмытуда қолдану). Динамикалық деңгейде ең негізгі конфликт анықталады,
оларды шешу тәсілдері анықталады, өзара бірін-бірі толықтыруға, жаңа
отбасылық рөлдерге бейімделуге қабілеттілік және қабілетсіздік анықталады.
Тексеру үрдісінде отбасының әр мүшесінің тұлға болып қалыптасу жағдай-
лары зерттеледі және отбасындағы келіспеушілік себептері толығынан ашыла-
ды, тәрбиелеу жұмысы, медико-педогогикалық түзетулер жүргізіледі. Қажет
болса, басқа да мамандар қатыстырылады, соматикалық, эндокринді, сексуал-
ды бұзылыстарды емдеу шаралары, психоформакологиялық және психикалық
бұзылыстардың қажетті емі жүргізіледі.
Қоғамның даму қарқынына қарай отбасылық қарым-қатынастар, отбасы
дәстүрі мен ұстанымдары, отбасыішілік байланыс түрі өзгереді. Қоғамда,
өндірісте әйелдердің рөлі айқын өзгерді. Әйелдер эмансипациясы оларды тең
құқ^ілы, тәуелсіз, белсенді және интеллектуалды етті. Бұл әйелдің отбасындағы
рөліне әсерін тигізді, отбасылық және жыныстық қарым-қатынастағы жұбайына
деген талаптың өсуіне алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: