Оқулық «Нотариат туралы»


 Нотариустардың құқықтық дəрежесі



бет12/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

3.3. Нотариустардың құқықтық дəрежесі
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңына сəйкес
нотариалдық қызмет сөзсіз лицензиялауға жатады.

«Нотариат ту-


ралы» заңның 6 бабына сəйкес жиырма бес жасқа толған, жоғары
заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі
бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, əділет
аттестаттау комиссиясында аттестациядан өткен жəне нотариаттық
қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Рес-
публикасының азаматы нотариус бола алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы
заңнамасында белгіленген тəртіппен қызмет атқаратын əкімшілік
мемлекеттік белгіленген тəртіппен қызмет атқаратын əкімшілік
мемлекеттік қызметші мемлекеттік нотариус болып табылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуды
қоспағанда, мемлекеттік нотариусқа жеке нотариусқа қойылған та-
раптарда қолданылады.
Бірақ заңда белгілеген тəртіппен соттылығы өтелмеген жағдайда
немесе алынбаған белгіленген тəртіппен іс-əрекет жасауға қабілетсіз
не іс-əрекет жасауға қабілеттілігі шектеулі деп танылған, бұдан
басқа өзіне қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық
іс тоқтатылған, лицензиясынан айырылғандықтан не нотариаттық
іс-əрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының
бұзылуына жол бергені үшін мемлекеттік нотариус қызметінен
босатылғандықтан нотариаттық қызметті тоқтатқан адам да осын-
дай оқиға болғаннан кейін бес жыл бойы – нотариус бола алмайды.
Нотариалдық қызметті лицензиялау тіркеу қызметінің комите-
тімен жəне Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінің
құқық тық көмек көрсетуімен іске асырылады (нотариалдық қызмет-




31
пен айналысу құқығын лицензиялау 15.08.2011 жылдан электрондық
түрде беріледі).
Нотариалдық қызметке үміткерлерге қойылатын талаптары
Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтар-
дағы №36 бұйрығымен «Тағылымдамадан өтушілердің кəсіби
дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту жəне Қазақстан Ре-
спубликасы Əділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жой-
ылды деп тану туралы» жəне Қазақстан Республикасы үкіметінің
22 мамыр 2012 жылдың №653 «Тағылымдамадан өткен жəне
адвокаттық қызметпен айналысуға жəне нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу
қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен реттелген.
Бұйрықта, тағылымдаманы ұйымдастыруды мемлекеттік нота-
риаттық кеңседе əділет органы, жекеше нотариустарда аумақтық
нотариаттық палата жүзеге асырады.
Тағылымдамадан өтуші
Нотариаттық палатаның басқармасының шешімімен бекітілген но-
тариуста тағылымдамадан өтеді. Өту мерзімі бір күнтізбелік жылға,
ал қысқартылған жағдайда – үш айдан кем емес болу тиіс.
Тағылымдама теоретикалық дайындық жəне практикалық дағ-
дылардан тұрады, соның ішінде практикалық дағдылар: нотариаттық
іс жүргізу туралы сабақтардан, нотариаттық құжат тардың жо-
баларын дайындаудан, тағылымдамадан өту туралы қорытынды
есепті дайындаудан тұрады, ал практикалық дағдыларды игеру
нотариаттық іс-əрекеттердің жобаларын жасаудан тұрады.
Ал қаулысында тағылымдамадан өткен жəне нотариаттық
қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан
өткізу қағидалары «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына сəйкес əзірленді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер жəне
жеке практикамен айналысатын нотариустардан немесе мемлекеттік
нотариустардан тағылымдамадан өткен адамдар əділет органдары
жанында құрылатын нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда аттестатция-
дан өтеді. Комиссияның жұмыс органы аумақтық əділет органы бо-
лып табылады. Комиссия жеті мүшеден – нотариаттық палатаның
төрағасын қоса алғанда, екі нотариустан, əділет органдарының екі
өкілінен, құқықтанушы ғалымнан жəне мəслихаттың екі депутаты-
нан тұрады.
Аумақтық əділет органы бастығының аттестаттау комиссиясы-
ның мəселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Комиссия төрағасы




32
болып табылады. Аумақтық əділет органы Комиссияның қызметін
ұйымдастыру үшін аумақтық əділет органы қызметкерлерінің
ішінен Комиссия хатшысын тағайындайды жəне Комиссия мүшесі
болып табылмайды. Комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері қатысуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Əділет біліктілік алқасында немесе
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік
комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты су-
дьялар жəне өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны
жəне заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған су-
дьяларды қоспағанда, тұрақты судьялар болып жұмыс істеген адам-
дар жəне мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан босатылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам
тағылымдамадан өткеннен кейін өзін аттестаттауға жіберу тура-
лы өтінішті Комиссияға мынадай құжаттарын қоса бере отырып,
тұрғылықты жері бойынша аумақтық əділет органдары арқылы
жібереді:
1.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куəлан-
дыратын құжаттың көшірмесі;
2.
жоғары заң білімі туралы дипломның (салыстырып тексе-
ру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куəлан-
дырылған) көшірмесі;
3.
наркологиялық жəне психиатриялық диспансерлерден
үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық
анықтамалар;
4.
бүкіл республика бойынша мəліметтерді көрсете отырып,
үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ
екендігі туралы анықтама;
5. тағылымдамадан өткені туралы қорытынды (қорытынды
электрондық түрде ресімделген жағдайда берілмейді).
Егер құжаттар тиісінше ресімделмеген (құжаттарда күні жəне
тіркеу нөмірі, уəкілетті адамның қолы немесе елтаңбалы мөрдің
болмауы) не құжаттар пакеті толық берілмеген жағдайда, аумақтық
əділет органының кеңсесіне пошталық байланыс бөлімдері арқылы
келіп түскен өтініш берілген құжаттармен бірге олардың түскен
күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, қайтару себебі ту-
ралы жазбаша хабарламамен бірге үміткерге қаралмай қайтарылады.
Үміткер құжаттарды қолма-қол ұсынған кезде, өтінішті қайтару
берілген құжаттармен бірге қаралмай дереу жүргізіледі.
Аттестаттауға жiберуден бас тарту туралы шешiмді аумақтық




33
əділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс
күнінен кешіктірмей үміткерге жібереді. Аттестаттауға жiберуден
бас тартуға сот тəртібімен шағым берілуі мүмкін.
Аумақтық əділет органы аттестаттауға жiберiлген үмiткерді
аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты туралы оны өткізгенге
дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабар-
дар етеді. Аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімдері оны
өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей аумақтық əділет
органының интернет-ресурстарында орналастырылады. Аттестат-
тау қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткізіледі
жəне үміткердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тiлінде өтеді.
Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуiне компью терлiк
тест тапсыру;
- нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткердiң бiлiмiн емтихан
билеттерi бойынша тексеру.
Аттестаттаудан өту кезінде үмiткерге анықтамалық, арнайы жəне
өзге де əдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бiр
жазбаларды пайдалануға жол берiлмейдi. Егер көрсетiлген талап-
тарды бұзған жағдайда, үмiткер Комиссия хаттамасының негізінде
аттестаттаудан шеттетіледі жəне тек үш ай өткен соң ғана қайталап
құжаттарын тапсыруға болады.
Үміткер 70 жəне одан да көп дұрыс жауап берсе тестілеуден өтті
деп саналады. Ал ауызша емтиханда билеттердің сұрақтарына бер-
ген ауызша жауаптарының дұрыстығын бес балдық жүйе бойынша
бағалайды. Комиссия мүшелерiнiң бағалары, сондай-ақ аттестатта-
удан өтушінің емтихан билетінің сұрақтары бойынша жинаған жал-
пы орташа балы Комиссияның хаттамасында көрсетiледi. Егер жал-
пы орташа балл кемiнде төрт балды құраса, үмiткер аттестаттаудан
өттi деп саналады.
Комиссияның аттестаттау туралы шешімі оның шығарылған
сəтінен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады. Аттестатта-
удан өтпеген үміткер бір жылдан соң қайта аттестаттауға жіберіледі.
Дəлелдi себептер (денсаулық жағдайы бойынша, іссапарда болу
себебінен, еңсерілмейтін күштің салдарынан қатысудың мүмкін
еместігі) бойынша аттестаттауға келмеген үмiткер Комиссияның
келесi отырысына шақырылады. Үмiткер қайта келмеген жағдайда,
оның өтiнiшi қаралмайды жəне аумақтық əділет органдарына
ұсынылған құжаттармен бiрге қайтарылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер лицен-
3–221




34
зияны алу мақсатында құжаттарын лицензиятқа жіберіп, 10 күнен
кешіктермей алады.
Нотариалдық қызмет – бұл Қазақстан Республикаларының
заңнамасында қарастырылған нотариалдық қызметті нотариус жəне
басқа уəкiлдерiмен iске асыру.
Өз қызметiнде нотариус алаламайды жəне тəуелсiз. Нотариалдық
қызметті iске асыруда нотариустар жəне нотариалдық қызметiнiң
жүзеге асыруына құқықты тұлғалар тəуелсiз жəне тек қана заңға
бағынады. Олар қолданыстағы заңды, нормативтiк құқықтық
актілерді, сонымен бiрге мұндай қызметті реттейтiн Қазақстан Ре-
спубликасы бекiтiлген халықаралық келiсiмшарттарды негiзге
алады. Демек, нотариалдық қызмет көрсете тұрып, нотариусқа
жүгінген екі тараптың құқықтарын бірдей сақтауы тиіс, біреуіне
кесірі тиетіндей екіншісінің мүдделерін қорғауға құқығы жоқ. Со-
нымен бiрге, ол бұдан басқа дербес мақсаттар қудалай алмайды.
Нотариалдық қызметтің кепілдігі Қазақстан Республикасының
«Нотариаттар туралы» заңының 3-бабында бекітілген,
сонымен
бiрге нотариус жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға
бағыталған органның бірі жəне оған қысым көрсетуден ерікті болуға
тиіс.
Нотариус əрбiр нотариалдық қызметті iске асыруда тек қана
қолданыстағы заңға бағынады, оған жүгінген азаматтар мен заңды
тұлғалардың мүдделерін тең дəрежеде сақтап, өз алдына шешiм
қабылдай алады. Өз кəсiби мiндеттерiн орындауда нотариустың
қызметіне ешкiмнiң араласуға құқығы жоқ.
Нотариалдық қызметті атқаруда нотариус тұлғаларға нота-
риалдық қызмет көрсету барысындағы, кеңес беру кезінде жеке
бастың мүдделерi немесе заңды тұлғаның қызметтердің, əртүрлі
мəліметтер мен құжаттарға мəлім болады. Мұндай мəліметтердің
көбiнесе оңаша сипаты болады. Нотариустық іс-əрекеттерді
жасаған кезде, оларды жариялауға тыйым салынады. Осы ереже
нотариус қызметті тоқтатқан немесе жұмыстан шыққан жағдайда
да сақталады, жасырын сырды сақтаудан нотариусты тек қана сот
босатуға құқылы; егер сол соттың өндiрiсiнде нотариусқа қарсы
қылмыстық iс болатын болса. Нотариалдық қызмет кезінде белгілі
болған мəлiмет жəне құжаттардың жасырын сырының сақталуы ту-
ралы талап өз қызметтерін орындаған нотариалдық кеңсенiң барлық
қызметкерлерiне таралады.
Алайда жасалған немесе жасалып жатқан нотариалдық қызмет
сот, прокуратура, тергеу басқармасы өндірісінде болған қылмыстық




35
жəне азаматтық істерге байланысты талап еткен мəліметтер,
төрелік соттың төрелігіндегі дау шешімінде болса, нотариус заңмен
белгіленген мерзімде мəліметтерді көрсетуі тиіс.
Осыған байла-
нысты кез келген құжатттар нотариалдық кеңседен тек аталған
органдардың сұрауы бойынша ғана беріле алады
.
Өсиеттер туралы анықтама мұра қалдырушының өлiмiнен кейiн
беріледі. Сонымен бiрге келесі мəселені ескеру керек: өсиеттер ту-
ралы анықтамалар өсиет бойынша немесе заң бойынша мұрагерге
ғана емес, өсиет мұра қалдырушымен оның пайдасына қалдырылуы
мүмкін деген тұлғаларға да берілуi тиіс. Дегенмен, мұндай мəліметтер
тек мұра қалдырушының өлімі туралы куəлік қағазын немесе оның
нотариалдық куəландырылған көшірмесін көрсеткен жағдайда
беріледі, анықтамада мұра кімнің мүддесіне қарай құралғаны ту-
ралы мəліметтер болмайды. Өсиеттің мазмұны өсиетте көрсетілген
тұлғаға немесе тұлғаларға жариялана алады.
Жасалған немесе жасалып жатқан нотариалдық қызметтерге
қатысты мəліметтер, сонымен қатар мұраның құқықты рəсімдеу,
мұралық мүлікті қорғау, нотариалдық құжаттар жəне олардың
көшірмесі, жасалған немесе жасалып жатқан нотариалдық қызметті
тапсырған немесе тапсырыс берген тұлғаға ғана беріледі. Егер
нотариалдық қызметті атқарған тұлға, басқа тұлғаға нотариалдық
кеңседе аталған мəліметтерді алуға сенімхат берсе, онда нотариус
сенімді тұлғаға мəліметерді бермеуге құқығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет