Оқулық «Нотариат туралы»


1.2. Нотариаттық қызметтің пəні жəне принциптері



бет3/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

6
1.2. Нотариаттық қызметтің пəні жəне принциптері
Нотариат құқық қорғау органдарының жүйесінде сотпен
тығыз байланысты. Нотариат та, сот та азаматтық айналымның
заңдылығына алдын ала жəне кейінгі бақылау бойынша бірдей
функцияны жүзеге асырады. Нотариаттың куəландырушы қызметі
шешілуі нотариаттың құзыретіне жататын құқық туралы даулардың
пайда болуының алдын алады. Нотариат органы даусыз фактілерді
куəландырады. Олардың бар екендігіне нотариат органы тікелей
не сəйкес құжаттардың негізінде көз жеткізе алады. Егер қандай да
бір заңды фактіні растайтын құжаттар жоқ болса, оны сот ерекше іс
жүргізу тəртібімен анықтауы мүмкін. Сот нотариаттық іс-əрекеттерді
немесе оларды жасаудан бас тартуға берілетін шағымдарды қарайды,
кейбір əрекеттерді жасау кезінде нотариат органы сот тəрізді ҚР
АІЖК-нің нормаларын басшылыққа алады. Сотқа қарағанда, но-
тариат азаматтық құқықтардың заңды бекітілуіне жəне олардың
болашақта бұзылу мүмкіндігінің алдын алуға бағытталған функци-
яны орындайды, яғни нотариаттың қызметі ескертуші сипатқа ие.
Нотариаттық қызметтің соттық қызметтен айырмашылығы та-
лассыз істер, материалдық (көбіне, азаматтық) құқықтық даулар
болып табылады. Мысалы, марқұмның артынан қалған дүниесіне
мұрагерлер арасында дау болса, ондай дау сотта шешіледі.
Нотариустар нотариалдық іс-əрекеттерін заң негiзiнде, заңмен
белгiленген ретте жасалады. Нотариат органдары өз қызметтерiн
жүзеге асыруда мүдделi тұлғалармен құқықтық қатынастарға кiредi.
Нақтылы шарттар болған жағдайда нотариус өз құзыретінде атқару
тиіс, ал оған жүгінген тұлғалар шарттардың орындалуын талап ету-
ге құқылы. Басқа жағынан нотариус мүдделі тұлғалардан оларды
куəландыратын қажетті мəліметтермен мен құжаттарды, құқыққа
қабiлеттiлiк жəне қылмыс жасай алатындық туралы мəлiметтерді
талап етуіне, сонымен бірге нотариалды іс орындалатын орынға
олардың дербес қатысуын талап етуіне құқығы бар. Қатысушы
тұлғалар нотариалдық қызметте нотариус талаптарын орындауы
керек, оларды орындамау нотариустың норатиалдық əрекеттерді
орындамауына заңды мүмкіндік береді.
Жеке жəне заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық
іс-əрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік беріледі. Нотариус
ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс-əрекеттердің
құпиясын сақтауға міндетті. Нотариаттық іс-əрекеттер туралы




7
мəліметтер, нотариус берген құжаттардың көшірмелері немесе
дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-əрекеттер
жүргізілген заңды жəне жеке тұлғаларға, не олардың уəкілетті
адамдарына ғана беріледі.
Нотариаттық іс-əрекеттер туралы мəліметтер мен құжаттар
өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу жəне анықтау
органдарының өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері
бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының жазбаша талап
етуі бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ əділет органда-
рына жəне нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уəкілдік
берілген нотариат палаталарына беріледі.
Жасалған нотариаттық іс-əрекет туралы мəліметтерді қасақана
жария еткен адамдар заңға сəйкес жауап береді. Меншік нысанына
қарамастан, заңды тұлғалар жəне лауазымды адамдар нотариаттық
іс-əрекеттер жасауға қажетті мəліметтер мен құжаттарды нотариус
оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей
оған табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мəліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен
көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңда өзгеше белгіленбесе,
өсиет беруші өлгеннен кейін ғана беріледі.
Нотариалдық қызметтің принциптері.
Принцип (principum) – латын тілінен аударғанда «негіз», «негізін
қалаушы бастау» деген ұғымды білдіреді.
Принциптер – құқықтың объективтік сипаты, қоғам дамуының
заңдылықтары мен қажеттіліктерінің көрінісі болып табылады.
Ф. Энгельс «Анти-Дюрингте» принциптер жөнінде былай деп
жазған болатын: «Принциптер табиғатқа жəне тарихқа сəйкес
келетіндіктен ғана шынайы болып табылады».
Қазақстандық зерттеуші К. К. Айтхожин өзінің «Қазақстан
Рес пуб ли касының Конституциясының принциптері туралы» де-
ген ғылыми мақаласында Конституция теориясының өзекті проб-
лемаларының қатарына «принциптер категориясы мен жүйе сін» жат-
қызады. Оның пайымдауынша, бұл қарапайым термин бол ғанымен,
кез келген құқық саласында туындайтын нормалардың мə нін шынайы
айқындап түсіндіруде ең маңызды ұғым болып табылады.
«Принцип» ұғымы философия ғылымында субъективтік
мағынада негізгі ереже, алғышарт (ойлау принципі) ретінде
түсіндірілсе, объективтік мағынада қайнар көз, алғашқы бастау
(шынайы принцип, болмыс принципі) деп түсіндіріледі.




8
Нотариалдық қызметiнiң принциптері бастапқы негіз сияқты но-
тариат қызметінде азаматтық құқықтық қатынастарының нысананы
көздейтiн реттеулерiн қамтамасыз етедi .
Ең алдымен, нотариалдық қызметтiң прициптері Қазақстан
Республикасының азаматтық кодексiнің 2 бабында бекiтiлген прин-
цип негiзінде реттеледi:
1) азаматтық заң қатынастарымен реттелетін қатысушылардың
теңдік приципі (азаматтық құқықтың барлық субъектілерi тең
құқықтарға ие болатын жəне олардың ешқайсысы артықшылыққа
ие бола алмайтынын білдіреді);
2) меншікке ешкімнің тиіспеуінің приципі (мемлекет меншік
иелеріне иелiк бойынша өкiлеттiктердiң iске асыруының
мүмкiндiгiне, пайдалану жəне ұйғарымға, оларға тиесілі дүниемен
толық мəнде ҚР Конституциясының 26-бап, 3-пунктіне сəйкес
ешкім өз мүліктен сот шешiмiне басқа жағдайда айырыла алмайты-
нын білдіреді);
3) келiсiмшарттың еркiндiк приципі (тараптар келісімнің маз-
мұнын едəуір дəрежеде өз қалауларымен анықтауға құқылы, бірақ
келiсiмшарттың еркiндiгі абсолюттi болып табылмайды, сондықтан
келісімшарттың мазмұнын анықтауда келiсiмшарт тараптарының
нормативтiк актi жəне қарастырулары ұтымды байланысқа жетуі
керектігін білдіреді);
4) жеке істерге өзге тұлғалардың араласуы рұқсат етілмейтін
прицип (мемлекеттік құрылымдар, олардың лауазымды тұлғалары
жəне кез келген басқа тұлғалар нотариустардың жеке iсiне араласуға
құқығы жоқтығын білдіреді);
5) азаматтық құқықтардың кедергісіз орындалу принципі
(азаматтық құқықтық қатынастың субъектілерi өз құқықтарын толық
көлемде жəне қандай да шектеулерсіз жүзеге асырады, бастысы
басқа тұлғалардың мүдделері мен құқықтарына нұқсан келтірмеуін
білдіреді);
6) азаматтық құқықтың бұзылғанын қалпына келтiрудi қамтама-
сыз ету приципі (оның мəні, қойылған азаматтық құқық бұзылған
жағдайда оларды қалпына келтіруге кепілдік беретіндігінде);
7) азаматтық құқықты соттық қорғау принципі (оның мəні
азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі өз құқықтар мен
заңдық мүдделерін сот арқылы қорғауға құқығы бар екендігінде).
Бұдан басқа, нотариустардың қызметiне тiкелей, қағидалар
негізіне сүйенетін, нотариалдық органдардың қызметiнiң өте маңыз-




9
ды көрсеткіштерін көрсететін жəне құқықтық нормаларда бекітілген
қағидалар қатары бар:
- нотариалдық қызметтiң заңдылығы, нотариус өз міндеттерін
Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларын нақты
жəне бұлжытпастан орындауы тиіс екенін білдіреді;
- нотариалдық қызметтің іске асырылуына көңіл бөлген жеке
жəне заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау;
- іс жүргізуді мемлекет тілінде немесе ҚР-ның «Тілдер туралы»
заңында белгіленген тілде жүргізу;
- жасалатын нотариалдық қызметтің сырын сақтау
Нотариустың қызметi үшiн маңыздысы дұрыс жəне тез істі
шешетін iс жүргiзу нормасы болады. ҚР заңнамасында алдын ала
қарастырылған жəне бекітілген ережелердiң нотариалдық қызметтің
iске асырулары кезінде нотариалдық органдар қызметiнiң заңдылық
жəне реттiк əсерлерін қамтамасыз етедi.
Жалпыға ортақ қағидалардан бөлек, ҚР заңнамасында
нотариалдық қағидалардың орындалуына бағытталған басқа да
принциптер қарастырылған.
Құқық принципі дегеніміз – белгілі бір қоғам мен мемлекеттің
əлеуметтік-экономикалық жəне саяси даму заңдылықтарының ерек-
ше құқықтық көрінісі.
Құқық теориясының ережелеріне сүйенсек, құқықтық ғылымда
принциптердің екі түрі бар:
1. жалпықұқықтық (жалпысалалық) принциптер;
2. арнайы (салалық) принциптер.
В. Гуреевтің тұжырымдауынша, «жалпықұқықтық» (жалпы-
салалық) принциптер барлық құқық салаларында көрініс тауып,
бекітілген. Атап айтқанда, ол принциптер азаматтық, əкімшілік,
еңбек, қаржы, қылмыстық жəне т.б. құқық салаларына тəн. Ондай
принциптер қатарына заңдылық, заңның кері күшін жоққа шығару
жатады.
Ал арнайы (салалық) принциптер дегеніміз – нақты құқық сала-
сына тəн принциптер.
Осы ұстанымға орай нотариаттың түсінігі жəне атқаратын
қызметіне байланысты қолданыстағы заңнамамен нотариаттық
қызметтің төмендегі принциптері анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет