Оқулық «Нотариат туралы»


 Азаматтың тірі табылу жəне азаматтың белгілі бір жерде



бет34/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

7.7. Азаматтың тірі табылу жəне азаматтың белгілі бір жерде 
табылу фактісін куəландыру
Нотариус мүдделі (жеке де, заңды да) тұлғалардың жазбаша
арызының негізінде азаматтың тірі табылу фактісін куəландырады.
Жеке адамның тірі табылу фактісі адамның нотариаттық органға
келуі жағдайында да, нотариустың бұл фактіні нотариаттық кеңседен
тыс жерде куəландыруы жағдайында да белгіленеді. Жеке тұлғаның
тірі табылу фактісін белгілеу үшін нотариустың оның жеке басын
жеке басты куəландыратын құжат бойынша тексеруі жеткілікті.
Кəмелетке толмаған адамның тірі табылу фактісін куəландыру
оның заңды өкілдерінің (ата-анасының, асырап алушыларының,
қамқоршыларының, қорғаншыларының), сондай-ақ кəмелетке
толмағанды қорғауына алған мекемелер мен ұйымдардың өтініші
бойынша жүргізіледі. Кəмелетке толмаған адамның жеке басы оның
заңды өкілдерінің сөзі бойынша белгіленеді.
Нотариус кəмелетке толмағанның жеке басын анықтау бой-
ынша қосымша шаралар (көршiлерден, мұғалiмдерден жəне т.б.
сұрау) қолдануы мүмкiн. Азаматтың тірі табылу фактісін растау
түрінде мүдделі адамдарға куəлік беріледі. Бұл куəліктің бір данасы
нотариаттық органның (нотариустың) істерінде сақталады.
Нотариус мүдделі (жеке немесе заңды) тұлғалардың жазбаша
арызы бойынша жеке адамның белгілі бір жерде табылу фактісін
куəландырады. Азаматтың белгілі бір жерде табылу фактісі оның
нотариаттық органға келуі жағдайында да, бұл фактіні нотари-
ус нотариаттық кеңседен тыс жерде куəландырған жағдайда да
белгіленеді.
Кəмелетке толмаған адамның белгілі бір жерде табылу фактісін
куəландыру оның заңды өкілдерінің (ата-анасының, асырап
алушыларының, қамқоршыларының, қорғаншыларының), сондай-
ақ кəмелетке толмағанды қамқорлығына алған мекемелер мен
ұйымдардың өтініші бойынша жүргізіледі. Азаматтың белгілі жер-
де табылу фактісін белгілеу үшін нотариус оның жеке басын жеке




76
басты куəландыратын құжат бойынша анықтайды. Кəмелетке
толмағанның жеке басы анықталады.
Аталған фактіні растау түрінде мүдделі адамдарға куəлік беріледі.
Куəліктің бір данасы нотариаттық органның (нотариустың) істерінде
қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет