55
барынша қысқа жəне құжаттың мазмұнын дəл көрсетуі тиіс. Хабар-
ламалар мен телефонхаттарға тақырып қойылмайды.
Құжатқа мекенжайды жазғанда
төмендегідей деректемелер
сақталуы тиіс: құжат ұйымға, оның құрылымдық бөлімшесіне не-
месе нақты тұлғаға жолданады; ұйымның жəне оның құрылымдық
бөлімшесінің атауы атау септігінде көрсетіледі; құжат лауазымдық
қызметкерге жөнелтілген жағдайда ұйымның атауы атау септігінде,
ал алушының лауазымы мен тегі барыс септігінде көрсетіледі;
хат алмасушы адамның пошталық мекенжайы құжат жолданып
отырған ұйым атауынан кейін толық көрсетіледі. Құжат азаматтарға
жөнелтілген жағдайда
алдымен пошталық мекенжайы, одан соң
алушының тегі, аты-жөні көрсетіледі;
Қызметтік құжаттардың барлық даналарына қол қойылуы тиіс.
Мемлекеттік нотариат кеңсесінде немесе жеке практикамен ай-
налысатын нотариусқа келіп түсетін барлық құжаттар тіркеуге
жатады. «Жеке өзіне» белгісі соғылған конверттер мен құттықтау
қағаздар жəне осы тектес құжаттар тіркелмейді жəне ашылмайды.
Келіп түскен құжаттардың конверттері егер құжаттың жөнелтілген
жəне алынған уақыттарын, жөнелтушінің
мекенжайын тек солар
бойынша анықтауға болатын жағдайда жойылмайды.
Келіп түскен құжаттар қабылданғанда ең алдымен өзге
мақсаттағы құжаттар іріктелініп алынады, сонымен қатар ішіне
салынған құжаттардың тұтастығы тексеріледі. Қателесіп жеткізілген
құжаттар тиісінше қайта жөнелтіледі. Егер құжаттардың немесе оған
қосымшаның жоқ болғандығы анықталса, бұл жөнінде жөнелтушіге
хабарлама жасалады. Құжаттарды есепке алу жəне олардың орында-
луына бақылау жасау үшін нотариат кеңселері мен жекеше нотари-
устар төмендегідей журналдар жүргізуі тиіс:
- хат-хабардың кіріс журналы
- хат-хабарлардың шығыс журналы
Нотариусқа келіп түскен құжаттар хат-хабарлардың кіріс журна-
лында тіркеуден өтеді.
Пошта арқылы түскен мұраны қабылдау туралы арыздар, мұраға
құқық туралы куəлік беру, мұрадан бас тарту туралы,
мұралық
мүліктерді қорғауға шаралар қабылдау, несие берушінің талаптары,
жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға тыйым салу туралы хабар-
ламалар, т.б. кіріс журналында тіркеледі.
Нотариус банкке немесе басқа сатушыға сақтауға тапсырылған
мұралық мүліктің жекелеген заттары көрсетіліп тізімделген бағалы
мұралық мүліктерді есепке алу кітабына тіркейді.
56
Жіберілетін құжаттар хат-хабарлардың шығыс журналында
тіркеледі. Құжатқа хат-хабарлардың шығыс журналындағы реттілік
нөміріне сай келетіндей тіркеу нөмірі, сондай-ақ оның көшірмесі
сақталатын наряд нөмірі қойылады.
Хат-хабарлар алушыларға по-
шта арқылы жіберіледі немесе қолға тапсырылады.
Құжаттардың орындалу сапасы мен мерзімдеріне бақылау жасау-
ды мемлекеттік нотариат кеңсесін басқаратын нотариус немесе жеке
практикамен айналысатын нотариус жүзеге асырады.
Мемлекеттік нотариат кеңсесінің жəне жеке практикамен ай-
налысатын нотариустың құжаттары олар орындалғаннан кейін белгілі
бір мəселелер бойынша құжаттар жиынтығы ретінде іске топта-
стырылады. Құжаттарды топтастыру іс жүргізуде олардың сақталу
мерзімдері көрсетілген жүйеленген тақырыптар тізбегінен тұратын үлгі
номенклатурасының негізінде іс номенклатурасында түзіледі.
Нотариат істері номенклатурасының даналары қажетті мөлшерде
басылады жəне келер жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.
Іс номенклатурасы тиісті түзетулермен қайта жасалады жəне
тиісті мұрағатпен келісіледі де, мемлекеттік нотариаттық кеңсенің
жетекшісі немесе жеке практикамен айналысатын нотариус бекітеді.
Іс номенклатурасының алғашқы данасы нотариуста сақталады,
екіншісін
нотариус жұмыста пайдаланады, үшіншісі нотариат
мұрағатына тапсырылады, төртіншісі іс номенклатурасы келісілген
мұрағатта қалдырылады.
Іс номенклатурасында күні бұрын көзделмеген, бірақ жыл бой-
ына қосымша нарядтар жүргізу қажет болған жағдайда пайдала-
ну үшін резервтік нөмірлер көзделеді. Жыл аяқталғаннан кейін
ашылған нарядтардың саны туралы қорытынды жазу енгізіледі.
Уақытша сақтау істері үшін есеп құжаты ретінде іс
номенклатурасының бір данасы мемлекеттік нотариаттық кеңсенің
немесе тұрақты түрде жеке практикамен айналысатын нотариустың
мұрағатында қалдырылады.
Достарыңызбен бөлісу: